Мотивациялық
қозғаушы
Ұйымдастырушылық-
ізденімпаздық
Рефлексивті коорекциялаушы
|
Шаттық шеңбері ұйымдастырылады.
Тәрбиеші: Оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырумен бастайды.
Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.
Ол не?
Олай болса балалар бәріміз ,күнге ұқсап,шеңбер жасап тұрайық және бір-бірімізге жақсы тілігтер айтайық.
Мысалы:Күн анамыз бізге нұрын шашып тұр деген сияқты тілектерді алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жеткізейік.
Тәрбиеші: Айтқан тілектерін қабыл болсын.
Балалар ендеше бәріміз бірге «Шар ұста» ойынынын ойнайық.
Ойынның шарты:Мен қолымдағы шарды кімге лақтырсам,сол менің сұрағыма жауап береді.Ал ойынды бастадық.
Сұрақтар:
*Қызыл,сары жапырақтар қай кезде болады?
*Күз айларын ата?
*Күз туралы қандай тақпақ білесіңдер?
*Күзде құстар қайда ұшып кетеді?
*Жеміс пен көкөністерді қашан жинаймыз?
Жарайсыңдар балалар сендер қойылған сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер,олай болса бүгін біз қатынас саласына және шығармашылық саласына бөлініп жұмыс жасаймыз.
Қатынас саласында «Алтын күз» сурет бойынша әңгімелеу. Тәрбиеші:Балаларға сөздің дыбыстан құралатынын,ал сөздерден сөйлем құралатындығын түсіндіреді.Балалар,мына суретке қараңдаршы! (суретте күз мезгілі бейнеленген)
-Осы суретте не көріп тұрсыңдар?
Балалар мен сендерге бір сөз айтайын,сендер сол сөзге сөйлем құраңдар.
Мысалы: жапырақ
Біз осы суретке қарап сөйлем құрап әңгімелейміз. Суретке тақырып қойып алайық. Қандай тақырып қоюға болады?
-Балалар,суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
-Балалар не істеп жүр?
-Жапырақтардың түсі қандай?
Жарайсыңдар балалар олай болса ары қарай бір-бірімен кезектесіп жалғастыра береміз.
Шығармашылық саласы.
«Күзгі жапырақтар»
-Балалар қазір бізде күз мезгілі болғандықтан жақында «Күзгі жапырақтар» деген көрме ұйымдастырылады.Соған балалар бізде өз үлесімізді қосайық.Салған суреттерің ұнамды ,әрі әдемі болса,көрмеде өз бағасын алады.Қазір қылқаламмен әр-түрлі жапырақтың суреттерін саламыз.
Жемістер талының жапырағы мен ауладағы талдардың жапырағының суретін саламыз. Салу жолдарының техникасы көрсетіледі.
Сергіту сәті
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін,жақсысын,
Әжемізге сыйлайық.
-Енді балалар, күз жайлы не білетінімізді айтайықшы.
Іс-әрекетке белсене қатысқан балалар мадақталып, іс-әрекет қорытындыланады.
|
Шаттық шеңбері арқылы балалардың көңіл-күйі көтерілді
Жұмбақтың шешуі күн сәулесі.
Күніміз жарық болсын
Арайлы күн болсын.
Аспанымыз ашық болсын.
Бейбітшілік заман болсын.
Күн нұрын төксін.
Күніміз ашық болсын.т.с.с
-Талдың түрлі-түсті жапырағы
Талдың жапырағы бар.
Күз мезгілі бейнеленген.
Балалар жапырақ жинап тұр.Жапырақтардың түсі сары.Құстар жылы жаққа ұшып барады.
Сергіту сәтіне барлығы қызыға қатысты.
Балалар күз мезгіліне байланысты қандай жұмыстар жасағанын әңгімелейді.
Күзде жемістер піседі.
-Күзде қауын-қарбыз піседі.
-Жауын-жауады.
|