«Жауқазын» бөбекжайының II – санатты тәрбиешісі



Дата11.01.2017
өлшемі50,71 Kb.
#6580
Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы КМҚК «Жауқазын» бөбекжайының II – санатты тәрбиешісі Жусипбекова Майра

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас,шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Тіл дамыту,сурет

Тақырыбы: «Сөз.Тіл не үшін қажет?Сөйлеу тілі қандай болады?Күз белгілері жайлы әңгімелесу.«Күз» тақырыбына шығармашылық әңгіме құрастыру»,

«Күзгі жапырақтар»



Мақсаты: Жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айыра білуге, сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру,байланыстырып сөйлеуін дамыту, «күз жомарт» сөзінің мағынасын түсіндіру, шығармашылық тілдік қызметін арттыру. Күз мезгіліндегі жапырақтың түсетінін , оның түстерін айыра білуге. Жапырақ суретін сала отырып, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру,суре салуға деген қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ-жауап, моторика.

Қолданатын көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер мен дидактикалық материалдар, жеміс-жидектер, ойыншықтар.

Билингвистикалық компонент: күз – осень

Жапырақ-листь



Іс - әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті


Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Ұйымдастырушылық-

ізденімпаздық

Рефлексивті коорекциялаушы

Шаттық шеңбері ұйымдастырылады.

Тәрбиеші: Оқу іс-әрекетін жұмбақ жасырумен бастайды.

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

Ол не?


Олай болса балалар бәріміз ,күнге ұқсап,шеңбер жасап тұрайық және бір-бірімізге жақсы тілігтер айтайық.

Мысалы:Күн анамыз бізге нұрын шашып тұр деген сияқты тілектерді алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жеткізейік.

Тәрбиеші: Айтқан тілектерін қабыл болсын.

Балалар ендеше бәріміз бірге «Шар ұста» ойынынын ойнайық.

Ойынның шарты:Мен қолымдағы шарды кімге лақтырсам,сол менің сұрағыма жауап береді.Ал ойынды бастадық.

Сұрақтар:

*Қызыл,сары жапырақтар қай кезде болады?

*Күз айларын ата?

*Күз туралы қандай тақпақ білесіңдер?

*Күзде құстар қайда ұшып кетеді?

*Жеміс пен көкөністерді қашан жинаймыз?

Жарайсыңдар балалар сендер қойылған сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер,олай болса бүгін біз қатынас саласына және шығармашылық саласына бөлініп жұмыс жасаймыз.

Қатынас саласында «Алтын күз» сурет бойынша әңгімелеу. Тәрбиеші:Балаларға сөздің дыбыстан құралатынын,ал сөздерден сөйлем құралатындығын түсіндіреді.Балалар,мына суретке қараңдаршы! (суретте күз мезгілі бейнеленген)

-Осы суретте не көріп тұрсыңдар?

Балалар мен сендерге бір сөз айтайын,сендер сол сөзге сөйлем құраңдар.

Мысалы: жапырақ

Біз осы суретке қарап сөйлем құрап әңгімелейміз. Суретке тақырып қойып алайық. Қандай тақырып қоюға болады?

-Балалар,суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

-Балалар не істеп жүр?

-Жапырақтардың түсі қандай?

Жарайсыңдар балалар олай болса ары қарай бір-бірімен кезектесіп жалғастыра береміз.



Шығармашылық саласы.

«Күзгі жапырақтар»

-Балалар қазір бізде күз мезгілі болғандықтан жақында «Күзгі жапырақтар» деген көрме ұйымдастырылады.Соған балалар бізде өз үлесімізді қосайық.Салған суреттерің ұнамды ,әрі әдемі болса,көрмеде өз бағасын алады.Қазір қылқаламмен әр-түрлі жапырақтың суреттерін саламыз.

Жемістер талының жапырағы мен ауладағы талдардың жапырағының суретін саламыз. Салу жолдарының техникасы көрсетіледі.



Сергіту сәті

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін,жақсысын,

Әжемізге сыйлайық.

-Енді балалар, күз жайлы не білетінімізді айтайықшы.

Іс-әрекетке белсене қатысқан балалар мадақталып, іс-әрекет қорытындыланады.


Шаттық шеңбері арқылы балалардың көңіл-күйі көтерілді

Жұмбақтың шешуі күн сәулесі.

Күніміз жарық болсын

Арайлы күн болсын.

Аспанымыз ашық болсын.

Бейбітшілік заман болсын.

Күн нұрын төксін.

Күніміз ашық болсын.т.с.с

-Талдың түрлі-түсті жапырағы

Талдың жапырағы бар.

Күз мезгілі бейнеленген.

Балалар жапырақ жинап тұр.Жапырақтардың түсі сары.Құстар жылы жаққа ұшып барады.

Сергіту сәтіне барлығы қызыға қатысты.

Балалар күз мезгіліне байланысты қандай жұмыстар жасағанын әңгімелейді.

Күзде жемістер піседі.

-Күзде қауын-қарбыз піседі.



-Жауын-жауады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: Түстерді толық ажыратып, дұрыс қолданды,аула ағаштарымен жеміс ағаштарын айыра білуі керек..

Нені игерді: Жапырақтарды ажыратады,суреттерін салуды игерді.

Не үйренді: Жеміс-жидектер мен көкөністердің дәмін ажыратуды үйренді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет