«Шалғындағы ешкі мен қойшы» (өзбек ұлттық ойыны) Екі топқа бөліну, ойын ережесін сақтау (ешкіні ұстап, бір аяқта қозғалу, жүргізуші сенің нөміріңді атаған кезде ғана жүгіру). Шыдамдылыққа үйрету. Емдік өсімдіктерді кептіру Өсімдіктерді жинауда жинақылыққа үйрету, айналаға пайдаңды тигізу, өз еңбегінің өлшемін білу. Дидактикалық ойындар. Тәжірибе және эксперименттер Шатасу «Жидек – жапырақ», «Гүл-жапырақ». Әрбір жидекепен гүлге келетін жапырақты таңдау, бастаған істі соңына жеткізуге үйрету. Өзіндік іс-әрекеті Әр балаға өзіне ұнайтын іспен айналысуға мүмкіндік беру. 18.Гүлдерді бақылау(сарыгүл,космея, жолбарыстық лалагүл).Мәдениетті өсетіндермен жабайы өсетіндерді салыстыру Бақылау Бақта және жазықта өсетін гүлдер туралы білімін жүйелеу және бекіту.Гүлдің құрамы неден тұратынын түсіндіру:Сабағы, түбірі, жапырағы, гүлденуі; гүлдер қалай көбейеді. Жаз басында гүлдер сары болады, содан соң ақ, жаздың аяғында ақшыл көк, қызыл болады; тәңертең гүл түбірі ашылады,кешке жабылады; түстердiң молшылығы және алуан түрлiлігiн меңгерту. Мәдени және жабайы өсетін гүлдердің ұқсас белгілерін байқап, тәрбиешінің басқаруымен балалар мынадай қорытынды жасауы мүмкін:гүлдің мәдени формасы ірі,бақта өсетін гүлдер түстері жағынан әр түрлі,себебі оларды адамдар күтіп,баптайды.Гүлдердің әсемдігін қызықтай білуге тәрбиелеу және топты безендіруге қанша гүл керек болса,сонша жинау.
Достарыңызбен бөлісу: |