«Батыс» өңірлік қолбасшылығы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.
«Батыс» ӨҚ кіреді:
100-ші артиллериялық бригада (100-ші абр немесе 30238 ә/б) — Ақтөбе;
жеке мотоатқыш батальоны (66597 ә/б) — Ақтөбе;
390-шы жеке гвардиялық теңіз жаяу әскерлері бригадасы (390-шы жтжәбр немесе 25744 ә/б) — Ақтау (2009 ж. Атыраудан жаңа орынға орналастырылды);
жеке барлау полкі (41433 ә/б) — Атырау;
жеке мотоатқыш батальоны (99116 ә/б) — Маңғыстау облысы Бейнеу е.м.[2]