Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру Жоспар



Дата07.02.2022
өлшемі22,88 Kb.
#94858
Байланысты:
ДТӘ лек№7 2-9.11.20жыл


Дәріс №7 2.11.20жыл
Жазғы демалыс лагерлерінде дене шынықтыру - сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру
Жоспар:

  1. Ертеңгілік гимнастика.

  2. Қимылды ойындар мен спорттық жарыстарды өткізу.

  3. Табиғи дене шынықтыру факторларын қолдану.

Жыл мезгілдері: көктем, жаз, күз, қыс белгілі бір уақыттан кейін ауысып отырады. Адам да табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан жыл мезгілдерінің ауысуы оның жүйке жүйесіне, тыныс алу, қан айналу, ас қорытуына белгілі бір әсерін тигізеді. Адамның күнделікті орындайтын қимыл - қозғалыстарына да, дене бұлшық еттеріне де ықпал етеді. Сол себепте табиғаттың дене шынықтыруға ең қолайлы уақыты жаз және жазғы демалыс лагерлері.


Оқушылардың жазғы демалыс лагерлерінде денсаулықты қорғау және нығайтудағы міндеттер мына төмендегідей:
1.Лагердегі күн тәртібін сақтау
2. Дене шынықтыру, спорт жұмыстарын күн тәртібінде кең қолдану. Лагерде жүргізілетін дене шынықтыру, спорт жұмыстарына үнемі қатысу (ертеңгілік гимнастика, спорт үйірмелері, жарыстар, спартакиада, жарыстарды ұйымдастыру және өткізу)
3. Жазғы дала жұмыстары, ауыл шаруашылық жұмыстары, өзіне - өзі қызмет көрсету мезгілінде гигиеналық талаптарды қатаң сақтау.
4. Дәрігерлерге жұқпалы ауруларды, лагерде таратпауға көмектесу.
5. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсете білу
6. Қоғамдық және өзінің гигиенасын сақтай білу.


Лагердегі күн тәртібі.
Лагердегі күн тәртібінің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың денесінің шынығуына және тәртібінің жақсы болуына үлкен әсер етеді.
Лагердегі дене шынықтыру және қимыл қозғалыс әрекеттері 10 - 50% дейін төмендейді. Осыларды қалпына келтіруде лагердегі дене шынықтыру, спорт жұмыстары тәлімгерлермен тәрбиешілердің дұрыс ұйымдастыруы үлкен рөл атқарады. Жазғы лагерлерде төмендегідей дене шынықтыру жоспарлау көзделеді:
- Ертеңгілік гимнастика;
- Спорт үйірмелері;
- Қимылды ойындар өткізу
- Табиғи дене шынықтыру факторларын қолдана білу (су, ауа, күн);
- Спорттық жарыстар, туристік жорықтар т.б.


Ертеңгілік гимнастика мүмкіндігіне қарай таза ауада өткізіледі. 10-12 күн сайын жаттығулар түрін өзгеріп отыру керек. Гимнастиканы дене тәрбиесі мұғалім не болмаса тәлімгер өткізеді.
Ертеңгілік гимнастика оқушылардың жас ерекшеліктеріне, дене дамушылығына сәйкес болуы керек, оқушылардың ағзасын шаршап шалдықтыруға болмайды.


Спорттық үйірмелерді ұйымдастыру
Спорттық үйірмелерді ұйымдастырғанда бұл жұмысы таза ауада өткізу қарастырылады. Сондықтан да спорттың жеңіл атлетика, суға жүзу, волейбол, баскетбол, теннис т.б. түрлерін өткізген дұрыс. Үйірме негізі және әзірлік тобындағы оқушыларды қабылдап, бірінші кезең әр баланың дене дайындығына көңіл бөледі. Сабақ жұмысына 2 - 3 рет, ұзақтығы 1с-1с 30 мин болады. Спорттық секцияны бір бағытта өткізуге болмайды. Өйткені, кейбір спорт түрлері баланың өсуіне жетілуіне кері әсер етеді. Мысалы: Ауыр темір көтеру баланың бойына, велосипед - арқа бұлшық етінің жетілуіне т.б. үлкен әсер етеді. Сондықтан спорт түрлерін кезектестіріп алмастырып отыру көзделеді.
Спорттық мейрамдар
Лагердегі кең таралған жұмыс түрі - спорттық мейрамдар не болмаса лагер ішіндегі спорттық жарыстар. Бұл жұмыстың ұзақтығы төменгі сынып оқушыларына 1 сағ 50 мин, жоғарғы сынып оқушылары үшін 2-3 сағат болады. Жазда спорттық жарыстар ауа - райына байланысты өткізіледі. Ол t 18 не +25 жоғары болмауы керек.
Оқушылардың ағзасын шынықтырудың негізгі құрамдарының бірі табиғат факторлары (су, ауа, күн). Бұл шынығу түрі балалардың ағзасына үлкен әсер етеді, дегенмен де мына төмендегідей ережені сақтай білуі керек.
1) Ауа, су, күн әсерін мөлшермен қабылдау. (су t бірте-бірте төмендету, күн, ауа, әсерін бірте-бірте ұзарту.)
2) Шынығу факторларын бір - бірімен ұштастыру;
3) Шынығу түрлерін күнделікті әдетке айналдыру;
4) Оқушылардың денсаулығын ескеру;
5) Жазғы лагерде күн тәртібіне қойылатын негізгі талап әр уақытта оқушылардың таза ауада болуы. Ол үшін мына шарттар орындалу керек:
- оқушылардың көбірек таза ауада болуы;
- күндіз көлеңкеде ұйықтау;
- оқушылар жаз кезінде бөлмелерді таза ауамен қамтамасыз ету;
- түнгі мезгілде ашық тереземен ұйықтау.


Суда жүзу
Өзендер мен көлдерде суға түсу оқушылардың дене бұлшық еттерін шынықтырып, өкпе, жүрек жұмысын жақсартып жұмысқа деген қабілетін арттырып тұмау тиуден сақтайды. Суға жүзу мезгілінде өте сақ болу керек. Суға түсетін жер өте таза, жағасы құмды, су астында өзге нәрселер болмауы керек. Су тереңдігі - 0,7-1,3 м, ағысы - 0,5 м/сек. Суға түсу мезгілінде міндетті түрде лагерь басшысы, тәлімгер, дәрігер қатысу керек. Суға түсу ашық күнде су t 20 0 төмен, ауа t 240 болғанда бастау қажет. Ауа t осыдан төмен болса, бұл жұмыс душқа түсу не салқын сүлгімен сүртінуге ауыстырылады. Суға түсу күніне 1-2 рет өтеді. Түсуге қолайлы уақыт сағат 11.00-12.00 және 16.00-17.00 сағат. Аш қарынға не болмаса тамақ ішкеннен кейін бірден суға түсуге болмайды. Суға түсу бірінші күні – 1-2 минут, әрі қарай күніне 1 минут қосыла береді. Ең соңғы шегі 8-12 жастағылар үшін 10-15 минут, 13-14 жастағыларға 25-30 минут. Суға түспес бұрын су жағасына 10-15 минут отыру керек. Суға жылдам түсіп, бірақ бірден жүзіп, не болмаса сүңгіп кетуге болмайды. Судан шыққанда салқындық сезінсе әртүрлі жаттығулар жасау көзделеді. Суға түсу мезгілінде қауіпсіздік ережесін өте қатал сақтау қажет, ол үшін оқушыларды топқа бөліп (10 баладан аспауы керек) түсіреді. Бір топ тәлімгер мен суда болса, екінші топты тәрбиеші бақылайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет