. М . Д о с т о е в с к и й . «Дневник писателя», 1877. Январь., гл.
II.,
раздел
III.
жермен жексен болғандықтан ол тіпті өзінің сорлы екенін де
біреуге айтып, шағынуды «еркін ойлылық», әбестік, асқандық
деп ұғады, бейшара екенін де мойнына алуға әлі келмейд і. Ана
ізгі адам өзінің генералы, жүз сом бергенде, ол қатты
таңырқайды, мүлде далдалы шығып, құрып
-
суалуға айналады.
Өз
сөзімен айтсақ: «өз тақсыры емес, өзгелердің тақсыры»
мендей жанды осынша аяп
-
мүсіркеуі неден болды екен? –
деп
далбастайды ол. Ана бір түйменің үзіліп түскен жерін,
генералдың қолын сүйген кезін оқығанда ол сорлыны аяп қана
қою аз, бұл барып тұрған масқара ғой, масқара! Генералға сол
жерде алғыс айтуының өзі масқара! Бұл трагедия! Сіз уақиғаның
тиянақты жеріне жеткізіп, пернесін дәл бастыңыз, негізгі
мәселелерді жинап
-
теріп, жалғыз
-
ақ ауыз сөзбен көрсеттіңіз.
Біздей сыншылар, публицистер үнемі толғай береміз, көп сөзбен
түсіндіруге тырысамыз, ал сіз нағыз суреткерсіз, жалғыз сызық
арқылы бейнелеп, мәселенің маңызын ашып тастайсыз, қолға
ұстатқандай етесіз, тіпті өмірі ойланбайтын оқырмандар да
кенеттен бәріне де түсіне қояды. Көркемдіктің сыры да,
шеберліктің шыңы да, міне осында! Суреткердің шындық үшін
еңбек істеуі де міне
осы арада көрінеді! Сізге шындықтың беті
ашылған екен, бұл өзі келіп дарыған ғой, ендеше бұл дарынды
бағалаңыз, осы жолдан айнымаңыз, сонда ғана ұлы жазушы
боласыз!»
—
дегенде Виссарионның көздері жарқ
-
жұрқ етіп
жалындана сөйледі...
«...Бар өмірімдегі ең қызықты минутым осы болды. Айдауда
(Сібірде) жүргенде де осыны ойласам, көңлім көтеріліп, серпіле
түсуші едім. Қазірде де ылғи есіме түсірсем, рахаттанып
отырам»,
1
–
депті Ф. М. Достоевский.
Осыдан кейін 10 июнь кезінде Белинскийдің Достоевскийге
жазған хаты мынау: «Достоевский, менің жаным (мәңгі өлмейтін
жаным) сені сағынып отыр. Біздің үйге
157