Екінші бөлім
ТҰЛҒАЛАР
АДАМН ЫҢ Ж АН Ж ҮЙ ЕСІН ТЕБІР ЕН ТК ЕН АҚ ЫН
«
Өмірде болуы мүмкін емес нәрсе
ге ұмтылатын адамды сүйем»
Вольфганг Гете.
(«Фауст», II бөлім).
Адамзаттың тамыршысы қарт Достоевскийдің туғанына биыл 150
жыл толып отыр. Осы бір жарым ғасырдың ішінде талай сыннан, талай
Сырдан сыңар аяқ өткен Достоевскийді дүние жүзілік әдебиет
тарихынан мәңгі өшпейтіндей көреміз.
Орыстың ұлы жазушысы Ф. М. Достоевский туралы М. Горький
айтқан екен: «Көркемдік күші –
тапқырлығы жағынан Достоевскийдің
дарыны тек қана Шекспирмен тең түседі»,
–
депті.
Бұдан әлдеқайда бұрын Виссарион Григорьевич Белинский айтыпты:
«Достоевскийдің дарынын кенет ұғынып, тез түсіне қою қиын. Әлі
талай таланттар туып, оларды Достоевскийге қарсы қойып, салыстырып
та байқармыз, бірақ, сайып келгенде, солардың көбі ескіріп ұмытылатын
мезгіліне жеткенде Достоевскийдің даңқы өзінің шырқау шыңына сонда
шыққанын көрерміз», –
деген екен.
Ұлы
сыншымыздың қиырдан болжап, қырағы айтқан осы сөздері
бүгін ақталып отыр. Достоевскийдің дарыны өз орнын тауып, дегеніне
жетті. Дүние жүзілік әлеуметтен
сыбағалы сыйын алды ол!
153
Рас, оның пікірінде кайшылықтар болды, бірақ олардың бәрі де замана
қайшылығынан туған еді. Ол –
«шыдамды бол, бағынып келісіп отыр»
–
деп елге уағаз айтты, бірақ сол кездегі шындыққа өзі бағына да, табына
да алмады. Кейбіреулер Достоевскийде
екі жақтылық (двойственность)
бар деседі. Мұны өзі де мойындаған. Мысалы, «менің басымдағы ең
жаман нәрсе сол, мен өте құмартқышпын, күйгелекпін, қай мәселеге
киліксем де оның соңғы шегіне жетпей тоқтала алмаймын, өмірімде
ылғи шектеп шығып отырамын», –
дейді Достоевский.
Көреген жазушы Стефан Цвейг өмір бойы Достоевскийге табынған
адам, ол екі сөзінің
бірінде «бұлай етіп суреттеу тек қана ұлы
Шекспир
мен Достоевскийдің қолынан келеді»,
–
деп ойын түйетін. Енді бір
сөзінде 1928
-
жылы Максим Горький 60
-
жасқа толған күні (26 мартта)
Стефан Цвейг: «Достоевский де, Толстой да, Тургенев те өздерінің ұлы
туындыларында орыс халқының жан
-
жүйесіндегі молдықты (кеңдіктің),
жүрегінің ілгері басып алабұртуын, құмарлана ұмтылуын бізге баяғыда
-
ақ көрсетіп еді, ал қазір біздің
алдымыздан бөгде есік ашылды, ол
–
тек
қана орыстың жан құбылысы емес, түп
-
түгел орыс адамын әкеліп, анық
көрсетті» –
дейді.
Россияны дүние жүзіне танытқан патшалары да, қолбасшылары да,
айыр көмей шешендері де емес, тек Толстой, Тургенев, Достоевскийлер
ғой деп білеміз. Өйткені ұлы дарынның туындыларын бөгей алатын
шекара жоқ тәрізді. Сондықтан да баяғы Гомер, Фирдоуси, Данте,
Шекспир, Сервантестерді әрбір ел өз даналарындай көретіні даусыз.
Федор Михайлович Достоевский Москвадағы кедейлерді емдеуге
арналған
«Марийнский»
атты
аурухананың
емшісі
Михаил
Андреевичтің екінші ұлы. Әкесі бері келе ішкілікке салынып, үнемі
«қызып» жүретін болған, ал 1839
-
жылы егін шықпай қалып, бұрынғыдан
да жаман ауыртпалыққа ұшыраған Михаил Андреевичті крестьяндары
далада өлтіріп кеткен екен.
154
Жоқтықтың тақсіретін тартқан Федор Михайлович Достоевский үнемі
қарызданып
-
қауғаланып өмір сүрген.
Достоевский 1841 жылы «Мария Стюарт» және «Борис Годунов» атты
екі драма жазған. 1843 жылы Бальзактың «Евгений Гранде» деген
повесін орысшаға аударған. Ол повесть «Репертуар», «Пантеон» атты
журналдың 6 және 7 нөмірлерінде 1844
-
жылы жарияланғанды. Осы
еңбегімен қатар, тап сол жылы Сюдің «Матильдасын», Жорж Сандтың
«Последняя Альдини» деген повесін аударған болатын. Әдеби
аудармаларға төселіп, талай елдің әдебиетін оқып, таныса келіп, 23
жасында «Бейшаралар» («Бедные люди») атты романын жаза бастаған.
Бұл оның тұңғышы, «тырнақ алды» романы. 1845 жылы май айында Н.
А. Некрасов пен Д. В. Григорович осы романның қолжазбасын түнде
оқиды. «Мен оқыдым, –
дейді Д. В. Григорович,
–
соңғы бетіндегі
Девушкин мен Вареньканың қоштасқан жеріне жеткенде өзімді
-
өзім
ұстай алмай, өксіп
-
өксіп жылай бастадым, білдірмей көзімнің қырын
салып қарасам, Некрасовтың да бетінен жасы тарамданып тамшылап тұр
екен. Игілі істі кейінге қалдырып сүрсітпелік, кеш болса да (таңғы сағат
төрт кезі еді) бүгін барып, оның жетістігімен құттықталық, сонсоң бұл
романды қалай, қайда бастыруды дәл бүгін ақылдасалық деп қолқалай
бастадым. Некрасовтың өзі де алабұртып асығып отыр екен. Жылдам
киіндік те Достоевскийдің үйіне тартып кеттік», –
дейді Д. В.
Григорович.
Орыс халқының атақты екі сақа жазушысы таң қараңғысында бала
жігіт Достоевскийдің пәтеріне
келіп, арланбай есігін қағыпты. Бұларға
іштен дыбыс беріп, экономкасы: «Мырза жаңа ұйықтап еді»
–
дегенде, Н.
А. Не
-
красов: «Оят, есігіңді аш, біздің әңгімеміз ұйқыдан көрі
артығырақ
!»
–
депті.
Үйге кіріп келіп, Некрасов Достоевскийді құшақтай алып: «Құтты
болсын, Россиядан екінші Гоголь бүгін туды ғой, ол –
сенсің!» –
дегенде:
155
–
Дұрыс, дұрыс, сонда ана қаһар («неистовый») сыншыға көрсетпей
-
ақ
қойыңыз, –
деп жалыныпты Федор Михайлович.
«Жо
-
жоқ, оған көрсетпейміз»
–
деп уәде берген Некрасов ертең
таңертең
-
ақ Виссарионның кабинетіне кіріп барып: «Сүйінші, Россияда
екінші Гоголь туды, ол міні
–
Федор Михайлович Достоевский, оның
жазған романын
–
«Бейшараларды» («Бедные люди») саған әкелдік,
өзіміз түнде оқып шықтық», –
деп Некрасов ентіге сөйлегенде,
Виссарион: «Гоголь жүз жылдың ішінде бір
-
ақ мәртебе туатын тұлға ғой,
ал саған салса,
ол Россиядан күнде туар еді... Алайда қолжазбаны тастап
кет, өзім оқып көрейін», –
депті.
Екі
-
үш күннен кейін Виссарион: «Сөзің рас болды, көптен бері күтіп
жүрген екінші Гоголь анық туған екен, сол жас жазушыны шақыртшы,
бетпе
-
бет әңгімелесейін!»
–
депті
.
Некрасов кісі жіберіп, Достоевскийді алып келгенде: «Қайтпас қара
болаттай қаһар сыншымың бет
-
жүзі өрт сөндіргендей тұнжырап отыр,
қай жерімнен ала түсер екен деп қатты сескендім, сөйтсем, мені
құттықтауға керекті сөздер іздеп, ойға шомған кезіне килігіппін»,
–
дейді
Федор Михайлович өз естелігінде.
Енді Виссарионның Федорға айтқан сондағы сөзін де келтіре кетелік.
Достоевский сондағы естігенін былай жазыпты:
«Нені жазып отырғаныңызды сіз өзіңіз ұғасыз ба?
–
деп даусын көтеріп,
бірнеше рет қайталады. Толқып, шын тебіренген кезінде ол үнемі
айғайлап жіберетін. Сіз жаза баспайтын анық суреткерсіз, өз сезгеніңізді
дәлме
-
дәл жазып тастауға шамаңыз келген екен, бірақ бізге нұқып
көрсетіп отырған, діңкені құртатын осындай ауыр шындықты өзіңіз
толғанып түсіне алдыңыз ба? Жиырма жасыңызда мұны түсіну сізге
мүмкін емес. Сіздің Ана сорлы чиновнигіңіз (Макар Алексеевичті айтып
отыр. С. Т.) өзін
-
өзі жегідей жеп сондай халге жеткен ғой, әбден
титықтап,
156
1
Ф
Достарыңызбен бөлісу: |