"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

Екінші әңгіме
 
Алматының
күзді күнгі әдемі кешін суреттеуге тіл жетпес. Ол сырлы да 
сиқырлы ғой. Қапырық ыстық та емес, үскірік аязы да жоқ, ақырын ескен 
самал желі бар, жанға жайлы кеш. Ішінде тұрған адам айқын сезіне 
алмаса керек. Қолда бардың қадыры аз.
Осындай бір сүйкімді сұлу кеште Есен бақшада отыр еді. Серуенде 
жүрген жас жігіт бұрылып келіп сәлем берді. Есен оны тұтқиылда 
танымай қалды.

Мен Ербулон ғой,

деді ол.

Ә
-
ә, шырағым, мамаңның дені сау ма? Баяғыда Ботакөз атанған 
сабаз еді, қартайып қалған екен. Кеше көп әңгімелестік, соны көтере 
алмай бүгін үйде отыр

ау! –
деп баланы өзіне үйрілдіре жылы сөйледі 
Есен.

Мен кеше сахнада Гамлетті көріп кешірек қайттым, келсем сіз 
кетіп қалған екенсіз. Мамам сіз туралы да, Сәкен аға туралы да көп 
әңгіме айтты.
Менің мамам қызық адам. Оның болжауынша Гамлет 
әйенкес жан, үнемі толғана беретін, ешнәрсеге батылы жетпейтін жас 
сияқты, ал шешесі Гертруда сезімнің құлы –
көрсе қызар жеңілтек болып 
көрінеді. Сәкенге келгенде ауызын ашып, көзін жұмады. Батыл да, батыр 
да, уәдеге берік, қара қылды қақ жарған әділ де сол Сәкен аға екен, 
жолдасын жауға бермейтін, от басынан бүлік шығармайтын адал жан да 
сол. Мүмкін, замандасы сіздерге солай шығар, революцияның –
өскелең 
жаңа дәуірдің өзі тудырған, талай тар кезеңді кешіріп шыңдалып шыққан 
ардагер аға болар. Жастар көрген жоқ қой, түсіндіріңізші, аға, біз кім деп 
танимыз Сәкенді? –
деп қиялай сұрау қойды Ербулон.
Шешесі үйретті ме, жоқ, баланың өз көзі жетті ме, түсіне алмай 
дағдарып
қалды Есен. Сұрағы орынды, бірақ өте сом. Қай жағынан 
кертіп бастауды ұғына алмай кідіріп еді.
Азырақ үнсіз отырды да:
11

295 



Мен Сәкен ағаны жас күнімде көрдім. Қасында катар отырып 
сырласқан емеспін. Сыртынан қызыға қарап, «өзімнің ағам» деп 
мақтану сезімі ғана билегендей. Бұл –
1916 жыл еді...
Жан сөзі құлазып сағынғанда, не қорқып ышқынғанда шығатын 
тәрізді, қалқам. Әрине, айта берсең таусылмайды. Сондықтан мәңгі жас 
Сәкен аға, өзінің қыршын күнінде кейінгі үрім
-
бұтаққа, сендерге қалай 
сенді, не айтып кетті, соны жеткізгім келіп отыр.
Ойлаған ойын күлтелемей төтесінен тура түсіретін, адамды 
адастырмайтын Сәкеннің сөзі құлағыма
әлі анық естіліп тұрғандай. 
Шын тыңдасаң жансыз бейне де бірталай сыр шертетін тәрізді. Қарашы 
өзің, мынау Сәкен ғой,

деп қалтасынан бір суретті суырып алды Есен. 
Осы бір шағын суретке үңіле қарай отырып сөзін білтеледі ол:

«Сендерге, қарындастар,
Сендерге, інілер,
Сендерге арналды бұл әндер!
Дүниенің құлдық шынжырын 
Қиратып, әділдік, теңдік іздеген,
Тұрмыстың таршылық зынданын 
Бұзып, еркіндік, кеңдік іздеген.
Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар,
Сендерге арналды бұл әндер...»
деп тап өзіңдей жас буынға әдейі арнап айтып еді:
Өз ортасынан суырылып шыққан ардагер ағаны, қорлық көрген 
халықтың туын ұстап, әділдік жолын іздеп, соны сапарға белін буып, 
ашынып аттанған жігерлі ағаны ұмытқан жас інілік борышын аяққа 
баспас па еді?
«Керуен көшер, керуен қонар

Үйреншікті әңгіме,
Бізден қалар талай белгі 
Кейінгіге мәңгіге...»
дегенде Сәкен аға өзінің істеген еңбегіне де, оны бағалай білетін кейінгі 
ұрпаққа да қатты сенген
-
ді. Ол туғанда атын Садуақас қойыпты. 
Елжіреп, емірене сүйген
тұңғыш ұлын мейірбан анасы
296 


Жамал «Сәкенім» дейді екен. Содан атығып кетіп ел
-
жұрты да Сәкен 
дейтін болыпты.
1917 жылы Октябрь революциясының ұлы ұраны әлемге естілді. 
Сәкен Ақмолада еді. Ленин туын жоғары көтерді, Совдеп ашты,
қызметке белсене кірісті.
«Күнге жайып құшақты,
Шақырып бері шаттандық,
Қуантуға ел
-
жұртты,
Асығып тез аттандық».
Жау жағадан, бөрі етектен алды, адам айтқысыз аласапыран күн туды

Ұйықтап жатқан қазақ даласында ежелден орын тепкен ескілік, 
тегеурінді жаңалыққа оңай көнбеді, кірпідей жиырылды. Шешінген соң 
судан тайынбады ол. Өзін
-
өзі ұмытты, «Манап
-
Шәміл» деген бүркеншік 
атпен майданға шықты, анасы сүйіп қойған сүйкімді аты Сәкеннен
де 
қол үзетін шақ туды. Дауылдатқан долы күрес басталды:
«Залымдық пен
Әділдіктің
Алысқанын айтайық! Жер жүзінде 
Бай мен кедей Шабысқанын айтайық! 
Кедей сүйер.
Байлар күйер 
Ауыздан от шашайық...»
деген ұран тастады.
Әңгіме насырға шапты, енді «Манап
-
Шәміл» де 
қарғаша бола алмады, тіміскер жау біліп қойды. Абақтыға Сәкеннің өзі 
түсті, –
«Манап
-
Шәміл» айдалада босқа қалды:
«Отырмын күзет–қамауда,
Дұшпаннан тәнім жеңілді.
Жеңе алмас бірақ еш пенде 
Асау еркін көңілді.
Бұл 1918 жыл еді.
297 


Басынан талай қара күндер кешті. Тәні тұзақта жатқанда,
өзіне 
өзі күш беріп:
«Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер.
Қара түн басып тұрса алды
-
артыңды,
Жарқырап ататын таң әлі
-
ақ
жетер».
деп болашақ бақытты өмірге үлкен үміт артты. Бұл сөздерді 
атаман Анненковтың «азап вагонында» отырып айтты.
Артынан 1919 жылы қылышынан кан тамған Кол

чактың 
абақтысынан қашқанда көзі соқыр, аузы қисық «Дүйсенбі» 
болды. Бұл «Дүйсенбінің» игілігін көрді, елге аман келді. 
«Дүйсенбі» әрі қарай іске жарамады, үйренген ауыл
-
аймағында 
«Сәкен»
айтыла берді. «Ел құлағы елу», паналау қиын болды. 
Көрінген бұтаның бәрі жау, кету керек...
Күрең дөненге мініп «Жұмақас» болып Әулиеатаға сапар шекті. 
Онда Совет өкіметінің орныққанын естіген еді.
Жапан түзде, қашқын Сәкен қажығанда сүйенетін қара 
табылмады. Үзеңгілес, сырлас достары өлгені өліп, тірісі 
Колчактың абақтысында, темір торда қалды. Олар: Бәкен 
Серікпаев, Абдолла Асылбеков, Нұрғайын Бекмұхамметов, Захар 
Катченко, тағы басқалар еді...
Қорлық көрген халықтың намысын жыртып, соны сапарға белін 
бекем буды, әділдікті іздеп, асығып аттанды.
Жастарды күреске шақырды, теңдіктің ұранын алдарына 
тартты.
«Азамат, жүнжіме, жүрме бос,
Қол ұстас, бірігіп тізе қос!
Ту ұстап дұспанға барайық,
Теңдіктің ұранын салайық.
Тізесін батырған залымнан
Күн туды –
біз теңдік алайық!»
298
 


Емешесі құрып күткен әдемі келешегі, аңсаған өмірі бүгін 
көркейді, көксеген тобы көбейді. Артында ержеткен інілері, 
бойжеткен қарындастары тұр, ұлан
-
байтақ, телегей
-
теңіз 
«Оянған өлкесі» бар. Көктемде қаулап өсетін жауқазындай 
жаудыраған көген көздер отыр. Үміті орындалғандай.
Ал енді жас Сәкеннің алдында кім бар еді?
Қарбаласта жүріп кезінде байқай алмай, бүгін енді көз 
жіберсек ыдыраңқы, аз да болса оның алды жалаңаш емес екен. 
Ертіс пен Сырдың арасын алақанының аясында ұстап, 
Сарыарқада –
татыраулы ащы, қау көде, қу баялыш өсетін 
сортаң құмда ыдырай көшіп, киікше босып жүрген көшпелі 
елдің қуанышы мен қайғысын Шығыстың алабындай кең 
кеудесіне сыйғызып, томағасын алған қыран бүркітше түйіле 
қарап Абай, отыр.
Көкше мен Қашқардың, Омбы мен Петербурдың арасына жол 
салып, бұқараның мұңын жоқтап, арамза чиновниктердің 
апшысын қуырып, ұлт туысқандығының дәнекері болып, 
орысша, қазақша бірдей сөйлеп, кәделі ойын қаймықтай айтып 
Шоқан отыр.
Жалпақ жатқан қазақ даласына ғылымның есігін ашып, 
қоңырау қағып, елді надандық ұйқысынан оятқан, өз еліне 
орыстың тілін үйретіп, жалықпай ұстаздық етіп, екі елдің 
арасындағы дәнекері болып Ыбырай отыр.
Өз заманында талай дойырлардың тепкісіне ұшырап, 
Ақтоқтыдай жарынан, Көк Жендеттей қыран қаршығасынан, 
Құлагердей тақымына басқан қанатты тұлпарынан айырылып, 
осы қауырт келген ауыртпалықтың біріне де мойымай 
домбырасын шертіп, ән салып Көкшені тебірентіп Ақан сері 
отыр.
Мінеки, шырағым, Сәкеннің жел жағындағы ықтырмасы –
ардагер ағалары, тиянақты төрт босағасы осылар екен ғой.
299
 


Қалқам Ербулон, сен білмес деген ой билеп әдейі айтпай 
отырмын, әйтпесе, есіңде болсыншы, Сәкеннің ең үлкен ағасы, 
күрескер батыр да, батыл да, екі жүзді нар кескен өткір жан, 
заманынан ерте туып еңіреп өткен ағасы Махамбет болатын. 
Әрине, Сәкеннің ағалары бұдан да көп, түгел танымауы да 
кәдік. Себебі, ол ес білгенде аттың төбеліндей бай мен 
мырзаның шылауында, шолақ билердің емеурінінде, жоталы 
жуан болыстың тегеурінінде жүрген қазақ елінің қалың кедейін 
көрді. Бойындағы алып қуатын сезінбеген, сарапқа түсіп 
сыналмаған соны балуандар, жарлы
-
жақыбайлар еді, қара 
күштің қолындағы қолшоқпары болып жүрді. «Айран көз үй 
тентек» атанып, отбасында
бірімен бірі жағаласа түрегеліп, 
жер
-
жебіріне жеткен, титығына тиген жетім өмірдің тақсіретін 
тартып, нағыз жауын таба алмай, соның өшін өздерінен алатын 
да солар болды.
Ру таласын қоздыратын телі тентек, бұзақы Төребек еді, бәле 
жауып, піргеуір жасап, мөр басатын, кектескен кедейін 
Өскемен, Жайсаңға жер аударатын болыс Кәкен болды, жалшы 
кедейді, сорлы бұратананы борсықша сорған, «ырысы 
шайқалмаған ұйытқылы бай» Еркексары тұрды. Міне, Сәкен 
осы ортадан шықты. Алдындағы ағаларын ерте тануға осылар да 
кедергі жасаған тәрізді. Алайда, ел қамын –
еңбекшінің қамын 
жеген озат ойлы әлгі ағаларынан үлгі алуы даусыз сияқты, өз 
заманындағы озбыр болыс, оңаза би, содырлы сотқар байлардан 
да көп нәрсені ұқты. Өнегені өнегесізден де үйренеді. Зорлық
-
зомбылықтан жиренді
де әділдікке бет бұрды.

Орыс елінің ұлы мәдениетінен нәр алды Сәкен. 
Учительская семинарияны орысша бітірді, сондықтан әлгі 
ортадан сытылып шықты.
Революцияның дауылпаз жаршысы Максим Горькийді оқыды. 
Маяковский, Серафимович, Гладковтармен танысты. Сөйт іп 
1921 жыл туды:
300 


«Мінеки, енді тілеген
Қызыл күнге жеттік біз...»
деді.
1925 жылы Советстан сегіз жасқа толғанда:
«Советстан аждаһадай айбары,
 
Әділдік пен жауыздықтың майданы.
Жауыздықты,
Ауыздықтап,
Езіп мықтап
Борсылдатып ит
келмеске айдады!..»
деп ашып та, ашынып та айтты. Жарқырап жаз шықты, 1926 
жылы тыныс күйлерін шертті:
«Сұлу сымда перне әуені,
Перне әуені жыр айтар,
Қөңіл ашар тербеу әні,
Тербеу әні сыр айтар», –
деді.
Жаңа өмірде жалқы туғандай, төңірегі ыдыраңқы жадау 
кезде, іргелі ағалары ерте өліп, олардың басқан ізі, игілі істері 
күңгірт,
көмескі 
мезгілде, 
сендерге 
көгеннің 
жетім 
бұршағындай көрінуі де мүмкін. Енді айталық, ол жалғыз емес 
еді. Жалғыздың аты, жаяудың шаңы шыға ма?

Сүйеніші, тиянағы –
Коммунист
партиясы, алдында ұстаған 
шам
-
шырағы Ленин идеясы болды. Адасқанға жол сілтейтін 
темір қазығы бар, сондықтан Сәкен қаймықпай ілгері баса 
берді.
Суретін көрген сайын Сәкен аға менің ой
-
сезімімді осылай 
тербетеді.
Айтқанының бәрі рас, оған тарих куә, Сәкен жастарға өте 
сенген, өзі жас күнінде көрініп, көсіле тартқан жүйрік.
«Ағасы бардың
жағасы бар» деген еліміздің ежелгі мәтелі. 
Бірақ ағаның да ағасы болады. Әрқайсысы өзінше әдемі, біздің 
қуанышымыз сол, міне, сондай ағаларымыз кәзірде де бар, 
бәрін де көрдік, көріп те отырмыз.
12-2462 
301 


Бізге ол әлі жазылмаған романның ашылмаған беті тәрізді 
тұңғиық терең сыры бар жан. Сол Сәкендей ағаның сегіз қырлы 
қылығы, терең сырлы мінезі, арамызды уақыт бөліп тұрса да, 
бізге әлі ыстық.
Табанды революционер, коммунистік идеяға иманындай 
ұйыған әділ де алғыр аға еді. Бірақ ол жалғыз біздің ғана ағамыз 
емес, оған бәріміз де ортақпыз. Мынау алдымызда отырған –
сақал, шашын қырау басқан, осы күнгі бетке ұстар 
ағаларымыздың да ағасы сол Сәкен.
Келешектің иесі –
кәзір 
қаулап өсіп келе жатқан, коммунизм дәуірінің іргесін қалап 
жүрген жеткіншек жастар, сендердің де сүйсінетін ағаларың сол 
Сәкен.
Біз Сәкен ағаны әлі ұмытқамыз жоқ, өйткені ол ұмытылар аға 
емес еді ғой. Біз түгіл оны еңбегі сіңген От аны, сол еңбегінің 
игілігін көрген үрім
-
бұтақ ұмытар аға емес.
«Ескерткіш орнаттым мен қолдан келмес,
Ел ізі оған салған суи білмес...» деп Пушкин айтпақшы, 
Сәкеннің ескерусіз қалмағанын енді сіздер де көріп отырсыздар,

деп сөзін бітірді Есен. Іші бір босап қалғандай әлгі суретті 
қайыра қалтасына салды да:

Шырағым Ербулон, бүгін шаршаған шығарсың, кәрі адам 
көп сөйлейді, өйткені оның көрген
-
білгені мол ғой, енді осы 
тойғаныңмен үйіңе қайт, Ботакөзге сәлем айт! –
деді ол.

Құлағым сізде, мен
жалыққам жоқ, айта беріңіз, аға! Рас, 
ол біздің Сәкен екен.

Қарағым
-
ай, тауып айттың
-
ау, Сәкен сенікі.
«Көкіректе қайнаған кек оңдыра ма?
Көңілді бір орынға қондыра ма?
Түнерген қара қабақ жадырасын
Ән салып, күй күйлейін домбыраға».
деп еді ол 1919 жылы.
302
 


Совет отанының ардақты ақыны Сәкен, батыр Сәкен, 
революционер Сәкен, ақын Сәкен, нашардың қамын жеп 
ауылынан ерте аттанған Сәкен, Ленин жолын –
әділдік жолын, 
коммунизм жолын қуған асыл Сәкен аға еді.
Қияның «Қызыл сұңқары», қырдың «Асау тұлпары», бақытты 
Совет елінің жел маядай жүйткіген екпінді «Экспресі», қазақ 
совет әдебиетінің ірге тасын қалаған, жаңа дәуірдің жарқырап 
жанған қызыл жұлдызы, заманның қырағы жыршысы. Адам да, 
аға да сол еді.

Долы бүркіттей қиырға қадала қарайтын тынысы терең кең 
кеуде, долы дауылдай бетіне жанды қаратпаған, сара жолынан 
қайтпаған, Октябрьдің адал ұлы Сәкен аға еді.
«Талантты 
қазақ 
халқының 
мақтанышы, 
қазақ 
совет 
әдебиетінің ірге тасын қалаған ұлы жазушы, майталман ақын, 
нағыз адал жанды лениншіл Сәкен Сейфуллинмен жақын дос 
болғанымды өзіме зор мәртебе көрем.
Жазушының ең жақсы сыншысы –
уақыт. Сол уақыт сынынан 
Сәкен сүрінбей өтті.
«Сәкен Сейфуллиннің аяулы бейнесі ақтық демім біт кенше 
менің жүрегімнен өшпейді» –
деп тебірене сөйлеген осы күнгі 
жазушымыз Галина Серебрякованың сөзі үрім
-
бұтақтың бәріне 
де ортақ. Одан артық айтуға тіл жетпес, шырағым,

деп 
орнынан тұрды. «Тағы талай көрісерміз, қалқам...» деп 
Ербулонмен қош айтысты Есен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет