Жұбайлар шаттығЫ


«Муртад» – діннен қайтқан адам



Pdf көрінісі
бет151/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

«Муртад» – діннен қайтқан адам 
Төмендегі амалдар адамды Ислам дінінен шығарады. Егер 
мұсылман осы амалдардың бірін ешқандай зорлықсыз, 
қалжыңдап болса да істейтін болса, кәпір болады: 
• Аллаһ тағалаға серік қосу;
• «Оның әйелі немесе баласы бар» деп сену; 
• Аллаһ тағаланы балағаттау; 
• Аллаһ тағаланың Құранда атаған Адам, Ыдырыс, Илияс, 
Ибраһим, Мұса, Иса, Мұхаммед (олардың бәріне Аллаһтың 
сәлемі болсын) және т.б. пайғамбарларының біреуіне сенбеу 
немесе пайғамбарлығын мойындамау; 
• Аллаһ тағаланы яки пайғамбарларын немесе Кітаптарын 
сөзбен, іспен не кітап жазу арқылы келемеждеу; 
• өзін «пайғамбармын» деп жариялау, өзін «пайғамбармын» 
деп жариялаған адамға сену; 
• періштелердің, жындардың, Ақыретте жаннат, тозақ, есеп, 
таразы, сират-көпірі тәрізді нәрселердің бар екеніне сенбеу; 
• кәпірлердің, дінсіздердің сенімдерін дұрыс деп, оларды кәпір 
деп білмеу; 
• Исламды көнерген немесе Ислам шариғатын бұл заманға 
жарамсыз деу;
• сахабаларды кемсіту, оларға тіл тигізу; 


126 
Ислам дінінен бас тартқан адам жаннатқа кіре алмайды. 
Сондықтан мұсылман адам кәпірлікке алып баратын әрбір сөз, іс, 
сенімнен сақ болуы керек. Кімде-кім сондайлардың біріне 
байқамастан ұрынған жағдайда дереу тәубеге келуі керек. Оның 
тәубесі тек кешірім сұраумен ғана шектелмейді. Ол куәлік 
сөздерін қайта айтуға тиісті және «Аллаһтан өзге құлшылыққа 
лайықты құдайдың жоқтығына куәлік беремін. Мұхаммед Оның 
құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін. Айтқан немесе істеген 
ісімнен Аллаһ тағалаға қайтамын», – деп, сосын Аллаһтан 
жарылқауын сұрауы керек. Өйткені иманнан қымбат ештеңе жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет