31
жататыны шындық. Үйленетін еркек мәкруһ болса да, некелері
дұрыс болуы үшін өзi таңдаған әйелдің не шынайы христиан
немесе яһуди дiнiнде екенін анықтап алуы қажет.
2) Еркектiң шын мәнінде иманы кәмiл мұсылман болуы шарт.
Яғни кітап иелерінен болған әйелі балаларының дініне, ислами
мінез-құлықтарына әсер етуіне жол бермеуі керек. Өйткенi өзі
дүниеден өткен жағдайда, балаларының жай-күйі не боларын
алдын ала ойластырғаны жөн. Кез келген мұсылман адам
кәпірлер арасында тұратын өзге де мұсылмандардың не күйге
түскендерiн ұмытпауы қажет. Тiптi олардың арасында құмарлық
жетегiмен Батыс елдерiнде отау тігіп, сол қоғамға сiңiп
кеткендiктен, өз діндерін ұмытқандары да баршылық. Осының
салдарынан олар болашағына залал тигiзiп, өз кiндiгiнен өрбіген
балаларына ие болмай қалып жатады. Мiнеки, осындай
қателіктер кесiрiнен атасы мұсылман, бейкүнә сәбилер
кәпірлердің ұрпағына айналады. Сондықтан мұсылманның
ұрпағы өзге дін өкілі есептелген анасының дініне өтіп кету қаупі
бар болған жағдайда кітап иелерінен болған әйелге үйленуге
тыйым салынады.
Қорыта айтқанда, шариғат бойынша мұсылман емес әйелге
үйлену игi iстерден емес. Керісінше, мұсылман ер қандай
болғанда да мұсылман әйелге үйленгені абзал. Мұсылман әйел
әрқашан күйеуіне сенімді жар, балаларына мейiрiмдi ана болары
хақ. Аллаһ тағала:
Достарыңызбен бөлісу: