Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет31/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

2. Неке қию үкімдері 
Неке қию – міндет жүктейтін әрі сол міндетті орындау шарт 
екенін білдіретін келісім. Себебі ерлі-зайыптылар осы келісім 
бойынша бір-біріне тиесілі құқықтарды орындауға міндетті 
саналады. Неке қиюдың негізгі үкімдері: 
Біріншісi:
Екеуінің арасында ерлі-зайыптылық орнап, жар 
төсегiне жатуына болады. Сондай-ақ құдалық қатынас орнайды, 
яғни күйеу балаға қайын енесі, келінге қайын атасы (үйленуі) 
харам етіледі және екеуі де мұрагерлік құқыққа ие болады. 
Екіншiсi:
Неке ер кісіге төмендегі істерді орындауды 
міндеттейдi: 
а) Мәһр.
Уәде еткен сыйының барлығын немесе бiр бөлiгiн 
беруі тиіс. 
ә) Нәпақа,
яғни асырау, киіндіру, баспанамен қамтамасыз ету 
сияқты т.б. қажеттіліктерді өтеу міндеттеледі. 
Үшіншісi:
Әйелге төмендегі істерді орындау міндеттеледі: 
а) Ер адам неке шарттары бойынша әйелге басшы болады. 
Әйелі ерінің талап-тәрбиесiне мойынсұнып, оның ақыл-
парасатымен келісіп, айтқандарын орындауға міндетті.
ә) Шариғат үкімі бойынша рұқсат етілген істерде әйелі 
күйеуіне бағынады. Үйде отырады. Көшеге күйеуінің рұқсатымен 
немесе зәру іс болған жағдайда ғана шығады. 
б) Етеккір сияқты үзірлі себебі бар жағдайлардан басқа 
уақытта жар төсегiнен бас тартуға хақы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   164




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет