Омыртқа жотасы қанша омыртқа сүйектерінен тұрады және бөлімдерін ата?
Омыртқа жотасы адам қаңқасының негізі: ол 33-34 омыртқадан құрылады. Бұлардың9-10 жалған, 24-ті нағыз омыртқалар. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді.
Омыртқа жотасы атқаратын қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынандай бөлімдерге бөлінеді. 7-омыртқа –мойын , 12 омыртқа арқа, 5- омыртқа бел, 5- омыртқа сегізкөз, 4-5 омыртқа құйымшақ. Ересек адамдарда сігізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бір-бірімен бірігіп өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды.
Кез келген омырта денеден, доғадан және олардың аралығындағы омыртқа тесігінен құралады. Омыртқалардың тесіктері бір-бірімен жалғасып омыртқа жотасының ұңғылын түзеді. Ұңғылда жұлын орналасады. Омыртқа доғасында жоталақөсінді, екі көлденең өсінді, екі жоғарғы буын өсіндісі және екі төменгі буын өсінділері орналасады.