Айырмашылығы: шарты, сұрағы, шешуі және жауабы.
Байқадық: бірінші есепте белгісіз болған дерек екіншіде белгілі, ал екіншіде белгісіз болған дерек біріншіде белгілі болды.
Қорытынды: кері есептер — мазмұны мен сандары ұқсас, бірақ біріншіде белгілі болған дерек екіншіде белгісіз, бірінші есепте белгісіз болған дерек екіншіде белгілі болатын екі есеп.
Мәселен: (М-1, 87-бет):
«Ағасы 10 жаста, Қарындасы 4 жаста,
ал қарындасы 4 жаста ал ағасы одан 6 жас үлкен
Ағасы қарындасынан Ағасы неше жаста?
неше жас үлкен?»
10-4=6 (ж) 4+6=10 (ж.)
Жауабы: 6 жас үлкен. Жауабы: ағасы 10 жаста.
(айырмалық салыстыруға (санды бірнеше бірліккеберілген есеп)
арттыруға берілген)
Бұлар — кері есептер, өйткені, мазмүны (ағасы мен қарындасының жастары туралы) және сандары (10,6,4) ұқсас, сондай-ақ бірінші есепте ағасы қарындасынан неше жас үлкен екендігі белгісіз, ал ол екіншіде — белгілі: 6 жас үлкен; бірінші есепте ағасы неше жаста екендігі белгілі, ал екінші есепте мұны табу керек. Осы ұғымды бекіту үшін оқушыларға мынадай тапсырмалар ұсынылады: есептер кері есептер ме? Неліктен? («М-1», 75, 88, 91, 92-беттер). Оның үстіне қосындыны табуға және қалдықты табуға арналған есептер кері есептер болмайды, өйткені бұл есептерде қарама-қарсы мағыналы әрекеттерді білдіретін сөздер бар: Келді-кетті; алды-берді; болғаны-қалғаны және т.б.
Болғаны —15 машина Болғаны — 20 машина
Келгені — 5 м Кеткені - 5 м
Барлығы - ? м Қалғаны — ?
15+5=20 (м.) 20-5=15 (м.)
Жауабы: барлығы 20машина. Жауабы: 15 машина қалды.
Өзара кері есептермен таныстыру («М-1», 94-бет). Оқушыларға үш есепті салыстыруға тапсырма беріледі:
«Қаныш 5 ертегі, ал Олжас одан 3 ертегі артық оқыды.Олжас неше ертегі оқыды?» (санды бірнеше бірлікке арттыруға берілген есеп)
5+3=8 (е.) Жауабы: 8 ертегі.
«Қаныш 5 ертегі, ал Олжас 8 ертегі оқыды, Олжас неше ертегі артық оқыды?»
8—5=3 (е.) (айырмалық салыстыруға берілген есеп) Жауабы: 3 ертегі артық.
«Олжас 8 ертегі, ал Қаныш одан 3 ертегі кем оқыды. Қаныш неше ертегі оқыды?»
8—3=5 (е.) (санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есеп) Жауабы: 5 ертегі.
Достарыңызбен бөлісу: |