Бұлар — өзара кері есептер.Ұқсастығы: мазмұны (Қаныш пен Олжас, ертегі туралы);
сандары: (5, 3, 8.)
Айырмашылғы: шарты, сұрағы, шешуі мен жауабы.
Байқадық, есептер бір-біріне өзара кері есептер, яғни өзара кері.
Қорытынды: өзара кері есептер — мәтіні мен сандары ұқсас, өзара бір-біріне кері болатын үш есеп. Осы үғымды бекіту үшін оқушыларға тапсырма ұсынылады: өзара кері есептер болып табыла ма? Неліктен? («М-1», 95-бет).
3. Өзара кері есептер жүйесін игеру.
а) Өзара кері есептердің бірінші түрі: санды бірнеше бірлікке арттыру, айырмалық салыстыру, санды бірнеше бірлікке кемітуге берілген есептер («М-1», 95-бет).
ә) Өзара кері есептердің жаңа түрлері: қосындыны табу, белгісіз бірінші қосылғышты және белгісіз екінші қосылғышты табуға арналған («М-2», 19-бет).
б) Өзара кері есептердің жаңа түрлері:қалдықты, белгісіз азайғышты және белгісіз азайтқышты табуға берілген («М— 2», 21-бет).
в) Өзара кері есептердің жаңа түрлері: көбейтіндіні табуға, теңдей және тиісінше бөлуге берілген («М-3», 12-бет).
г) Өзара кері есептердің жаңа түрі: санды бірнеше есе арттыру, еселік салыстыру, санды бірнеше есе кемітуге берілген («М3»).
ғ) Тура пропорционал жөне кері пропорционал шамалармен байланысты өзара кері есептер: бағасы, саны, құны (Б, С, Қ); жылдамдық, уақыт, қашықтық (Ж,У,Қ); бір заттың массасы, заттардың саны, жалпы массасы; ұзындығы, ені, ауданы; бір затқа жұмсалған шығын, заттардың саны, жалпы шығын; бір ыдыстың сыйымдылығы, ыдыс саны, жалпы сыйымдылық және т. б. («М-3», «М- 4»).
д) Өзара кері есептерді шешу білігін қалыптастыру үшін оқушыларға кері және өзара кері есептер қүрастыруға тапсырмалар үсынылады. Берілген есепке екі кері есеп құрастыру («М— 2», 24-бет).
Қысқаша жазу бойынша өзара кері есептер құрастыру («М- 2», 22, 23-бет).
Қымыз -30 л ? л 30 л
Шұбат - 10 л 10 л ? л
Барлығы - ? л 40 л 40 л
Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шығар («М-3», 64-бет).
Бағасы
|
Саны
|
Қүны
|
4 теңге ? теңге 4 теңге
|
3 3 ?
|
? теңге 12 теңге 12 теңге
|
4. Құрама кері және өзара кері есептермен таныстыру («М- 2», 122-бет).
«Бірінші шебер 23 қамшы, ал екіншісі 2 қамшы артық өрді. Екі шебер неше қамшы өрді?»
23 2 ? ?
«Екі шебер 48 қамшы өрді. Оның біреуі 23 қамшы өрді. Екінші шебер біріншіге қарағанда неше қамшы артық өрді?»
23 ? ? 48
Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Кері есептер болып табыла ма? Неліктен?
23+(23+2)=48 (қ.) (48-23)-23==2 (қ.)
25
Барлық талаптар орындалады: мазмұны ұқсас (қамшы еретін шеберлер); сандары үқсас (23, 25, 2, 48); бір есептің шарты (белгілі) екіншісінің сұрағы (белгісіз) болады және керісінше, ендеше бұл есептер кері есептер. Есептің шарты мен сұрағын өзгертудің мүмкін нұсқаларына қарай, яғни берілген деректер мен ізделінді қанша болса, сонша бірнеше өзара кері есептер құрастыруға болады: жоғарыдағы есепте екі дерек (23 және 2) және екі ізделінді, яғни барлығы 4, демек, 4 өзара кері есептер құрастыруға болады, мұнда біз екеу құрастырдық, енді екеу құрастырамыз:
«Бір шебер 25 қамшы, ал екіншісі одан 2 қамшы кем өрді. Екі шебер неше қамшы өрді?»
? 2 25 ?
«Екі шебер 48 қамшы өрді. Оның біреуі 25 қамшы өрді. Бірінші шебер екіншіге қарағанда неше қамшы кем өрді?»
? ? 25 48
5. Математикалық ұғымдарды иллюстрациялау үшін өзара кері есептерді қолдану:
а) көбейту мен бөлу амалдарының мән-мағынасымен таныстыру («М-3», 9-бет);
ә) пропорционал және кері пропорционал шамалармен таныстыру: бағасы, саны, құны («М-3», 11, 66-беттер); жылдамдық, уақыт, қашықтық: кездесуге берілген есептер («М-4»,67-88-беттер); қарама-қарсы қозғалысқа берілген есептер («М-4», 83, 84-беттер).
Тапсырма: Конспект
«5»- тапсырма толық қатесіз орындалады
«4»- тапсырмада 1-2 қате болса
«3»- тапсырма жартылай орындалса
«2»- тапсырма орындалмаған жағдайда
Достарыңызбен бөлісу: |