Табылған көрсеткіштерді талдаңыз:
а)брадикардия, артериалдық гипертензия
б)брадикардия, артериалдық гипотензия
в)тахикардия, артериалдық гипертензия
г)тахикардия, артериалдық гипотензия
д)брадикардия, коллапс
25. Науқас 25 жаста антибиотик қабылдағаннан кейін дамитын ауа жетіспеу сезіміне, тыныс шығарудың қиындауына және ентігуге шағымданады. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, акроцианоз, ТЖ 28 рет минутына, пульс 100 рет минутына, АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Тыныс алудағы мәселені көрсетеді:
а)брадипноэ, тахикардия
б)тахипноэ, тахикардия
в)апноэ, брадикардия
г)инспираторлы ентігу, брадикардия
д)тахикардия, апноэ
26. Ота жасалынбайтын көмей ісігі бар науқас тынысы тарылу, бас айналуға шағымдануда. Қарау барысында: жағдайы нашар, абыржулы, тері жабындысы цианозды, ТАЖ- минутына 40 рет, өкпелерінде қатты тыныс фонында құрғақ сырылдар, ЖЖЖ- минутына 115 рет. Қажетті ем-шаралар көлемін таңдаңыз:
а)трахеостомияға жиынтық дайындау
б)трахея интубациясына жиынтық дайындау
в)науқасты бронхоскопияға бағдарлау
г)науқасты компьютерлі томографияға бағдарлау
д)науқасты кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясына бағдарлау
27. Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында өткір ауырсыну, кейін құрғақ жөтел, бас айналуы туындады. Сәл кейін инспираторлы ентігу және терінің бозаруымен үлескен диффузды цианоз туындады. Визуалды түрде эпигастралды аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы анықталады – жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, аускультативті- ІІ үн екпіні және өкпе артериясының үстінде екіге бөлінуі. Науқаста туындаған жағдайды теңестіруге болады:
а)кенеттен болған пневмоторакс
б)өкпе артериясының тромбоэмболиясы
в)қақпақшалы пневмоторакс
г)жіті коронарлы синдром
д)құрғақ плеврит
28. 59 жастағы науқас П. стационарлы емді 2 типті қант диабеті, аяқтардың ангиопатиясы диагнозымен қабылдауда. Қарағанда терісі бозарған, құрғақ, сипағанда табандары мұздай, қасыған іздері анықталады. «Диабеттік табанда» жүргізілетін мейіргерлік іс-әрекетке қарсы көрсеткіштерді табыңыз:
а)аяқты күнделікті суға салу
б)аяқ терісіне күнде крем жағу
в)жүн шұлық кигізіп қою
г)жылыту үшін жылытқыштар қолдану
д)табанды сылау
29. Хирургиялық бөлімшеде антибиотикпен емделген 45 жастағы Л. науқаста аллергиялық стоматит диагноздалған. Тісін тазалағанда, тамақ ішкенде ауызының ашитындығына шағымданады. Қарау барысында ауыз қуысындағы шырышты қабаттың қызарғаны, тілінің астында бірнеше жараның бар екендігі табылды. Тілі ақ жабындымен көмкерілген. Ауыз қуысына күтім жасауда қолданылатын барынша тиімді:
а)5 % бор қышқылы ерітіндісі
б)2 % гидрокарбонат натрий ерітіндісі
в)мұздай су
г)қайнатылған жылы су
д)дистилденген су
30. Кең көлемді миокард инфарктісі диагнозымен науқас терапия бөмесінде ем қабылдауда. Жағдайы ауыр, қатаң төсектік режим тағайындалған. Үш күннен соң жауырын мен сегізкөз аймағында қызыл-қоңыр түсті дақтар пайда болды Үлкен дәретке шығуы қиындаған. Төсекте қимылдамай жатқаны науқасқа қатты әсер етеді. Науқастың терісіндегі зақымдану қалай аталады:
а)дерматит
б)экзема
в)жауыржара
г)қажалу
д)естен тану
31. Участкелік медбике төсек тартып жатқан науқастың сегізкөз, жамбас аймағының терісінде қызыл-қоңыр дақтар бар екеніне көңіл аударды. Омыртқадан зақым алған науқас бірнеше жылдан бері тек мүгедектер қоларбасы арқылы ғана қозғалады. Медбике жауыржараның дамып келе жатқанын анықтады, оның сипаттамасы қайсы:
а)ұзақ уақыт төсек тартып жатқан әлсіз науқастарда пайда болатын
тері зақымдануы
б)химиялық заттардың әсерінен пайда болатын тері зақымдануы
в)химиялық және механикалық әсерлерден пайда болатын тері зақымдануы
г)ыстықтың әсерінен пайда болатын тері зақымдануы
д)механикалық және термиялық әсерлерден пайда болатын тері зақымдануы
32. 57 жастағы науқас А. стационарлы емді 2 типті қант диабеті, аяқтардың ангиопатиясы диагнозымен қабылдауда. Қарағанда терісі бозарған, құрғақ, сипағанда табандары мұздай, қасыған іздері анықталады. «Диабеттік табанда» жүргізілетін мейіргерлік іс-әрекетке қарсы көрсеткіштерді табыңыз:
а)аяқты күнделікті суға салу
б)аяқ терісіне күнде крем жағу
в)жүн шұлық кигізіп қою
г)жылыту үшін жылытқыштар қолдану
д)табанды сылау
33. Науқас Д. клиниканың қабылдау бөліміне, оң жақ қабырға аймағындағы, майлы тамақтан кейін күшейетін ауырсынуға, лоқсуға, таңертен ауызында ащы дәмның болуына, 1 рет өт сұйықтығымен құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Науқастың ең басты мәселесі қайсы?:
а)оң жақ қабырғасындағы ауырсыну
б)ауызында ащы дәмнің болу
в)ұйқысының бұзылу
г)ауру туралы мазасыздық
д)жалпы әлсіздік
34. Науқас Д. клиниканың қабылдау бөліміне, оң жақ қабырға аймағындағы, майлы тамақтан кейін күшейетін ауырсынуға, лоқсуға, таңертен ауызында ащы дәмның болуына, 1 рет өт сұйықтығымен құсуға, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Науқастың ең қауіпті мәселесі болуы мүмкін:
а)құсу
б)ауызында ащы дәмнің болуы
в)ұйқысының бұзылуы
г)ауру туралы мазасыздық
д)өт қапшығының тесілуі
35. Науқас Е. 30 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, ентігуге, жүректің жиі соғуына, тәбетінің болмауына шағымданады. Етеккірі 12 жастан бастап 1 апта бойы көп мөлшерде. Қанның жалпы анализінде гемоглобин деңгейінің, қан сары суындағы темірдің төмендеуі анықталған. Мейірбикенің араласуын жоспарлаудағы шаралардың маңыздысы қайсы:
а)науқасты таза ауамен қамтамасыз ету
б)ыстық тамақ ішуді ұсыну
в)науқасты құрамында темір мөлшерінің жоғарғы деңгейі бар диеталық
тағаммен қамтамасыз ету
г)ішектің жұмысын бақылау
д)төсекте ыңғайлы жағдай жасау
36. Науқас С. 35 жаста пульмонология бөлімінде, дене қызуының күрт жоғарылауына, әлсіздікке, кеуде клеткасының оң жақ бөлігіндегі, терең тыныс алған кезде күшейетін ауырсынуға, жөтелге, ентігуге, тоттық тәрізді қақырықтың бөлінуіне, басының ауруына шағымданып түскен. Науқастың маңызды мәселесін анықтаңыз:
а)безгек, ентігу
б)кеуде клеткасындағы ауырсыну, жөтел
в)басының ауыруы, жөтел
г)безгек, басының ауыруы
д)жалпы әлсіздік, безгек
Достарыңызбен бөлісу: |