Тапсырма 7 Тақырыбы: Қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Олардың айырмашылығы, тапсырмалар дайындау. Тапсырмалар



Дата07.02.2022
өлшемі12,35 Kb.
#84760
Байланысты:
Тапсырма 7, Сұратай Н. ХБ-18-1 ХОӘ


Тапсырма 7
Тақырыбы: Қалыптастырушы және жиынтық бағалау. Олардың айырмашылығы, тапсырмалар дайындау.
Тапсырмалар



  1. 7 сынып 1 бөлім бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар дайындау.

  2. 7 сынып тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар дайындау.

  3. 8 сынып 1 бөлім бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар дайындау.

  4. 8 сынып тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар дайындау.



Пысықтау сұрақтары:



  1. Критериалды бағалау дегеніміз?

Критериалды бағалау дегеніміз – оқушының білімі мен білігін алдын ала белгіленген оқу жетістіктерімен салыстыра оқыту, соның негізінде оқушыны бағалау. Критериалды бағалау кезінде алдын-ала бағалау шкаласы белгіленіп, оқушының алдына соған жету жоспары қойылады. Бағалаудың мұндай жүйесі білім алушының кемшіліктерін өзіне түзетуіне мүмкіндік береді, оқушының өзін-өзі және өзгені бақылауына, бағалауына мүмкіндік туғызады, бағаның айқындылығын, адалдығын сақтайды, оқушының сабақ үрдісінде өткен тақырыпты қалай түсінгендігін мұғалімге күнделікті саралап отыруына жағдай жасайды. Осының барлығының негізінде мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс бағалаудың жалпы негізін ашады. 
Яғни, критериалды бағалау оқыту – тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру төрттігін басшылыққа алады.

  1. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз?

Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.
ҚБ қағидаттары:
• Оқу мен оқытудың бір бөлігі («оқу үшін бағалау»);
• барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);
бағалау белгіленбейді;
• оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;
• әрбір оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі; • ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады

  1. Жиынтық бағалау дегеніміз?

Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде балл және баға қою арқылы жүргізілетін бағалау түрі.

  1. Критерийлер,_Дескрипторлар_деніміз_не___Рубрика'>Рубрикалар, Критерийлер, Дескрипторлар деніміз не?

Рубрика - жай ғана тапсырма туралы келесі ақпаратты білуге ​​мүмкіндік беретін қағаз парағы:

  • Тапсырма бойынша жалпы үміт

  • Сапа деңгейінен өте жақсыдан кедейге дейінгі критерийлер, студент кездесуі тиіс

  • Студенттердің баллдары немесе бағалар деңгейі деңгейлерге негізделе алады.

Критерийлер — оқытудың міндеттері жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқада оқушылар жұмыс барысында орыдайтын іс-әрекеттер тізбесі.
Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет