Жедел бронхит деп мына қабынуды айтады


Пульмонология бойынша клиникалық есептер



бет14/14
Дата26.04.2024
өлшемі334,5 Kb.
#201418
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
пульмо тесты экз
Фтизиатрия 5 курс рус, №2 АБ 1, 3 билет, вся методичка в печть готовая, Retsepty po farmakoglogii, rezolucia-conf-kz, арука шыгару, -921033374, «Жедел медициналы ж рдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий , транспортировка пострадавших, Раны и кровотечения, 5. Выполнение транспортной иммобилизации при переломе костей ниж, skoraya-medicinskaya-pomoshh-pri-anafilakticheskom-shoke-u-detej-, okazanie-neotlozhnoj-pomoshhi-pri-ostanovke-serdca-, тест
Пульмонология бойынша клиникалық есептер

  1. 14 жастағы жасөспірімде жедел респираторлы аурудан кейін құрғақ, жанға бататын жөтел, ентігу, төс артындағы ауру сезімі пайда болды. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, аздап құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 6,0 х 10 9/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Қақырық анализінде – жабысқан эпителий, бірен-саран макрофагтар.Спирография мәліметтері: FVC – 80%, FEV1 - 65%.

Диагноз қойыңыз:

  1. Жедел бронхит

  2. Ауруханадан тыс пневмония

  3. СОӨА

  4. Бронх демікпесі

  5. Өкпенің қатерлі ісігі



  1. 40 жастағы ер адам шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 37,6 ° жоғарылауына. 17 жыл бойы күніне 1 қорап шылым шегеді. Аускультацияда өкпеде қатаң тыныс, шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: лейкоциттер 12 х10 9/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Қақырық анализінде – көру алаңында 10-12 лейкоциттер. Бронхоскопияда катаральды-іріңді эндобронхит анықталған. Спирография мәліметтері: FVC – 75%, FEV1 - 70%, FEV1 / FVC – 70%. Диагонз қойыңыз:

  1. +Созылмалы бронхит

  2. Ауруханадан тыс пневмония

  3. СОӨА

  4. Бронх демікпесі

  5. Өкпенің қатерлі ісігі



  1. 30 жастағы әйел адам қатты мұздағаннан кейін кеуденің оң жақ бөліміндегі тыныс алуымен байланысты ауру сезімінің, дене қызуының 39° жоғарлауын, қалтырау, мазаны алатын жөтел, тершеңдік пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: бетінің қызаруы, Herpes labialis, ТАЖ – 26 рет минутына. Өкпеде оң жақта жауырын бқрышынан төмен перкуторлы дыбыстың қысқаруы, осы жерде дымқыл майда көпіршікті сырылдар естіледі. Қақырық анализінде – пневмококктар. Рентгенограммада оң жақ өкпенің төменгі бөлімінде инфильтрация. Диагноз қойыңыз:

1) Созылмалы бронхит
2)+Ауруханадан тыс пневмония

  1. СОӨА

  2. Бронх демікпесі

  3. Өкпенің қатерлі ісігі

4. 75 жастағы ер адам асқазанға жасалған операциядан кейін реанимацияда жатыр. Кешке оның дене қызуы 38° жоғарылады, кеуденің оң бөлімінде тыныс алуымен байланысты ауру сезімі, жөтел пайда болды. Аускультацияда жауырын бұрышынан төмен оң жақта дымқыл майда көпіршікті сырылдар, ТАЖ 30 рет минутына. Қан анализінде лейкоциттер 14 х10 9/л, таяқша ядролы нейтрофилдер – 8%, ЭТЖ 30 мм/сағ, СРБ (+++). Қақырық анализін себу жасағанда көкірің таяқша 106 бөлінген. Рентгенограммада оң өкпенің төменгі бөлімінде кең көлемді инфильтративті көлеңке. Диагноз қойыңыз:

  1. Созылмалы бронхит

  2. +Госпитальды пневмония

  3. СОӨА

  4. Бронх демікпесі

  5. Өкпенің қатерлі ісігі

5. 59 жастағы ер адам физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге, шырышты және тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінде 30 жыл бойы шылым шегу. Науқасты қарап тексергенде тері жамылғыларының цианозы, қабырғааралықтар кеңейген бөшке тәрізді кеуде клеткасы, қораптық перкуторлы дыбыс, әлсіз везикулярлы тыныс. Спирография мәліметтері: FEV1 - 50%, FEV1 / FVC – 45% . Диагноз қойыңыз:

  1. Созылмалы бронхит

  2. Госпитальды пневмония

  3. +СОӨА

  4. Бронх демікпесі

  5. Өкпенің қатерлі ісігі

6. 34 жастағы әйел адамда үй жұмысынан кейін ентігу, шырышты тұтқыр қақырықты ұстамалы жөтел, ысқырықты сырылдар пайда болды. Науқастың анамнезінде балға, шөпке, шаңға аллергия байқалған. Жалпы қақырық анализінде – эозинофилдер 7 %, Шарко-Лейдена кристалдары, Куршман спиральдары.Иммунограммада Jg E деңгейі жоғарылаған. Спирография мәліметтері: FVC – 85%, FEV1 - 50%, FEV1 / FVC – 65%. ЭКГ-да – ЖЭО оңға ауытқыған, р-pulmonale. Диагноз қойыңыз:

  1. Созылмалы бронхит

  2. Госпитальды пневмония

  3. СОӨА

  4. +Бронх демікпесі

  5. Өкпенің қатерлі ісіг

7. Созылмалы бронхиті бар, шырышты қақырықты жөтел және физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігу мазалайтын науқаста тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз:
1) +I дәреже
2) II дәреже
3) III дәреже
4) Жедел өкпелік жүрек
5) Созылмалы өкпелік жүрек
8. Бронх демікпесі бар, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігу мен жүрек қағуы мазалайтын науқаста тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз:
1) I дәреже
2) + II дәреже
3) III дәреже
4) Жедел өкпелік жүрек
5) Созылмалы өкпелік жүрек

9. Созылмалы обструктивті өкпе ауруы бар, тыныштықта ентігу мен жүрек қағуы мазалайтын науқаста тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз:


1) I дәреже
2) II дәреже
3) +III дәреже
4) Жедел өкпелік жүрек
5) Созылмалы өкпелік жүрек
10. 69 жастағы ер адам қақырықта қан жағындыларының пайда болуына, әлсіздікке, дімкәстікке, даусының қарлығуына шағымданады. Соңғы жылда пневмониямен 3 рет ауырған. Кеуде рентгенограммасында оң өкпенің түбір аймағында диаметрі 4 см түйін пайда болған. Жалпы қан анализінде бірен-саран атипиялық клеткалар бар. Спирография мәліметтері: FVC – 55%, FEV1 - 75% . ЭКГ-да – ЖЭО оңға ауытқуы, жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясы. Диагноз қойыңыз:
1) Созылмалы бронхит
2) Госпитальды пневмония
3) СОӨА
4) Бронх демікпесі
5)+Өкпенің қатерлі ісігі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет