Госпитализациялауға көрсеткіш: - Іштегі жедел ауырсынуы бар науқастар алғашқы болжам диагнозына байланысты хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы аурулар стационарына шұғыл түрде жатқызылады.
- Зембілге жатқызып тасымалданады.
- Кез келген жедел іш ауырсынуы бар науқастарға ауруханаға дейінгі кезеңде наркотикалық және басқа да анальгетиктерді тағайындау.
Ауруханаға дейінгі кезеңде емдеу ЖМК негізгі міндеттері. - Шұғыл түрде госпитализациялау.
- Әр түрлі этиологиялы жіті іш ауырсынуы бар науқастарда көк тамырға егу мүмкіндігін қамтамасыз ету, өмірге маңызды қызметтерді бір қалыпта ұстау және бақылау (жалпы реанимациялық қағидаларға байланысты).
- Гиповолемия, гипотония белгілерінде: 0,9% NaCl еріт. 400 мл т/і.
- Себебі нақты анықталған шаншыма тәрізді ауырсынуларда миотропты спазмолитиктерді енгізуге болады: дротаверин т/і, баяу, 40-80 мг (2% - 2,0 мл ерітіндісі).
- Нитроглицерин таблеткасын тіл астына салуға (0,25 мг немесе 0.5 таблетка) немесе спрейді (400 мкг немесе 1 доза) қолдануға болады.
- Құсу, лоқсу кезінде: метоклопрамид 10 мг (5% — 2 мл еріт.) т/і (1-3 мин кейін әсер етеді) немесе б/е (10—15 мин кейін әсер етеді).
Достарыңызбен бөлісу: |