ЖЕДЕЛ ХОЛЕЦИСТИТ ЖЕДЕЛ ХОЛЕЦИСТИТ Өт қабының жедел түрде қабынуы. ЭТИОЛОГИЯ және ПАТОГЕНЕЗІ - Өт тас аурулары;
- Өт қабының, өт шығару жолдарының және он екі елі ішектің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылысы;
- Өт қабының лимфогенді, гематогенді, контактті инфекциялануы.
ЖІКТЕМЕСІ ЖІКТЕМЕСІ Гистологиялық түрлері: - катаральды;
- флегмоналық;
- гангреналық.
Ауруханаға дейінгі кезеңде науқастарды екі топқа бөледі: - Жедел асқынған холециститі бар науқастар
- Жедел асқынбаған холециститі бар науқастар
Жедел холециститтің асқыну түрлері: - Механикалық сарғаю;
- Іріңді холангит
- Перитонит;
- Қап маңы инфильтраты және абсцесі;
- Өт қабының эмпиемасы;
- Перфорация;
- Жедел панкреатитпен қосарлану;
- Өт қабы жыланкөздері.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ - Холециститке тән арнайы симптом — оң жақ қабырғасында қарқынды тұрақты ауырсыну, оң иық, жауырынға, оң жақ бұғана асты аймағына таралады. Ауырсыну жиі науқастың мазасыздығымен қатар жүреді, ол өзіне ыңғайлы, ауырсынуды жеңілдететін қалып іздейді.
- Ұйқы безінің зақымдалуы қатар жүргенде ауырсыну белдемелі түрге ауысады.
- Лоқсу, қайталама құсу, дене қызуының жоғарлауы байқалады.
АЖЫРАТПА ДИАГНОСТИКА - Он екі елі ішектің тесілген жарасымен, аппендицитпен, панкреатитпен, бүйрек шаншымасымен, миокард инфарктымен жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |