Іштегі жедел ауырсынуы бар науқастар алғашқы болжам диагнозына байланысты хирургиялық, гинекологиялық, жұқпалы аурулар стационарына шұғыл түрде жатқызылады.
Әр түрлі этиологиялы жіті іш ауырсынуы бар науқастарда көк тамырға егу мүмкіндігін қамтамасыз ету, өмірге маңызды қызметтерді бір қалыпта ұстау және бақылау (жалпы реанимациялық қағидаларға байланысты).
Себебі нақты анықталған шаншыма тәрізді ауырсынуларда миотропты спазмолитиктерді енгізуге болады: дротаверин т/і, баяу, 40-80 мг (2% - 2,0 мл ерітіндісі).
Нитроглицерин таблеткасын тіл астына салуға (0,25 мг немесе 0.5 таблетка) немесе спрейді (400 мкг немесе 1 доза) қолдануға болады.
Құсу, лоқсу кезінде: метоклопрамид 10 мг (5% — 2 мл еріт.) т/і (1-3 мин кейін әсер етеді) немесе б/е (10—15 мин кейін әсер етеді).