- «Жедел іш»
- Жедел ауырсынуға бірнеше минуттан 7 күнге дейінгі уақытта дамыған іштің ауырсынуын жатқызамыз.
Іштің жедел ауырсынуының себептері - Іш қуысы ағзаларының зақымдануы
- Париеталды іш астардың қабынуы
- Іш қуысы мүшелерінің деструкциялық немесе жіті қабынуы (жіті аппендицит, жіті холецистит, жіті панкреатит, панкреонекроз, тесілген жара, аппендикстің, ішектің перфорациясы, жамбас мүшелерінің бактериалық қабынуы, іш қуысының іріңдігі, дивертикулит, Крон ауруы, жаралы колит).
- Іш қуысы мүшелерінің тарылуы (ішек түйілуі, копростаз, өт шаншымасы, обструкциялық панкреатит, бүйрек шаншымасы).
- Іш астардың тітіркенуі: эндогенді интоксикация және метаболизм бұзылысы (диабеттік, алкогольды кетоацидоз, уремия, бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі, порфирия).
- Іш қуысының жарақаты.
- Іш қуысы мүшелерінің перфузиялы бұзылысы: қолқаның және іш астар артериясының эмболиясы, тромбозы, жыртылуы, тарылуы немесе жаншылуының әсерінен пайда болады (жіті ишемиялық колит, ішектің созылмалы ишемиялық ауруының асқынуы, жіті мезентериалды тромбоз, қолқа аневризмасының жыртылуы немесе сылынуы, қосалқы кистасы, жұмыртқа қосалқысы, қысылған жарық, ішек көктамырының инфаркті).
- Іш қуысы мүше капсуласының созылуы: паренхималық мүшелердің ісігі немесе жіті қабыну кезінде (жіті алкогольды гепатит, көк бауырдың жіті тромбозы, бауырлық немесе қақпа көк тамырының жіті тромбозы — Бадда-Киари синдромы, жүрек жеткіліксіздігі (бауырлық іркілу), нефролитиаз.
- Иммунологиялық бұзылыс (анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісік, васкулиттер).
- Инфекциялық себептер: гастроэнтерит, гепатит, инфекциялық мононуклеоз, герпес, сепсис т,б.
- Жедел немесе созылмалы экзогенді интоксикация (сынап және қорғасын мен созылмалы улану, метил спиртімен улану, улы өрмекшілердің шағуы, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |