Ауруханаға дейінгі кезеңде жедел жәрдем минимальді көлемде көрсетіледі, ол жедел госпитализациялаудың қажеттігімен байланысты.
Оның негізгі міндеттері:
1) ишемия және инфаркт болған аймақтан өмірге қажетті негізгі қызметтерге кері рефлекторлы әсерлерді төмендету;
2) жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелердің қызметтерін тұрақтандыру;
3) науқасты стационарда диагностикалық зерттеулерге және отаға дайындау.
Аталған есептер алғашқы кезде адекватты жансыздануымен шешіледі. Сонымен қатар нитронг, сустак, нитросорбид деген заттар да қолданылады. Тамыр ішілік нитроглицерин — 0,125-0,25 мг да бірден қолдануға болады, ал қалғанын 1-2 мг.- тамшылатып енгіземіз.

Аурулардың ерте кезеңдерінде наркотикалық анальгетиктерді қолданғанда ауру синдромы басылмайды. Оларды жиі инфаркт және перитонит кезінде қолданады. Морфин, пантопон, промедол тағайындайды. Оларды антигистаминді препараттармен (димедрол, пипольфен) қолданған жөн.
Мезентериальді қан айналымы жедел бұзылған кезде науқастарда қайталамалы құсуға қарамастан асқазан сұйықтыққа толы болады. Регургитацияны және асфиксияны алдын алу үшін оны зонд арқылы тазартамыз. Бұл әрекет есі бұзылған ауыр науқастарға өте пайдалы.
Орталықты гемодинамика тұрақты болмағанда, мысалы артериальді гипотензияда, кортикостероидтарды тағайындау керек(гидрокортизон, метилпреднизолон, дексаметазон). Вазопрессорлы терапияны кардиотонизирге қарағанда өте сақ қолдану керек, тек терең гипотензияда. Егер де вазопрессорлар қолданатын болса, онда систолалық қысым 100 мм с.б.б.аспау керек.

Жедел жәрдем көрсеткен кезде стационарлық емін кең көлемде көрсету мүмкін емес және ол көп уақыт алады (әсіресе сұйықтарды құйған кезде).