- ШАҚЫРУДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ
- Диагностика
- Іш пальпациясы:
- - Перитонит кезінде іш қабатының керілуі, ауырсынуы, оң нәтижелі Щеткин-Блюмберг белгісі анықталады.
- - Құрсақ қуысына қан кеткенде (аналық без апоплексиясы, жатыр түтікшесінің жыртылуы, көкбауырдың жыртылуы) Куленкампфф белгісі байқалады (іш қуысы керілмеген, ауырсыну және құрсақ қабырғасының тітіркену белгілері).
- Аналық без апоплексиясының ауырсынулық түрінде іштің төменгі бөліктерінде ауырсыну байқалады, іш қабатының тітіркену белгісі әлсіз айқындалады.
- Жатыр түтікшесі жыртылғанда іштің дем алуға қатысуы шектеледі, пальпация мен перкуссияда ауырсынады, құрсақ қабатының тітіркену белнгілері оқ нәтижелі.
- ІШ ПЕРКУССИЯСЫ:
- Құрсақ қуысында қан кету, қабыну, асцитте алыс аймақтарда (мықын аймақтарда) тұйықталу байқалады, ол дене қалпын өзгерткенде ауысады.
- Жатырдан тыс жүктілікте жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай емес (көлемі кіші), жатыр мойнының жылжуы кезінде ауырсыну мен біржақты аднекстумор (гинекологиялық тексерісте жатыр қосалқыларының аймағында ісік тәрізді түзілім) анықталады.
- Аспаптық зерттеу. АҚ өлшеу.
- Госпитализацияға көрсеткіш. Науқас шұғыл түрде көп салалы стационарға тасымалданады.
- ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР
- Ауырсынуды басатын дәрілік заттарды енгізу
- Госпитализацияны кідірту.
- ГОСПИТАЛИЗАЦИЯҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ЕМДЕУ
- Құрсақ ішілік қан кетуде қанның орын басатын ерітінділерді енгізу (декстран ерітіндісі, гидроксиэтилкрахмал препараттары).
- Кең спектрлі және ұзақ әсер ететін антибактериалды дәрілік заттарды тағайындау (цефтриаксон 1-2 г т/і немесе б/е + метронидазол 500 мг - 100 мл мөлшерде, т/і тамшылатып немесе амоксициллин 2,4 г мөлшерде, т/і + метронидазол 500 мг 100 мл мөлшерде, т/і тамшылатып ).
- Аналық без кистасы аяқшаларының айналуында аурухана алды кезеңде ем жүргізбейді.
-
- МЕЗЕНТЕРИЙ ҚАН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЖЕДЕЛ БҰЗЫЛЫСЫ
- Бұзылу түріне байланысты окклюзиялы және окклюзиялы емес болып бөлінеді.
- Окклюзиялық бұзылыстарға жатады:
- 1) мезентерий артериясының эмболиясы;
- 2) артериялардың тромбозы;
- 3) көк тамыр тромбозы;
- 4) қолқа атеросклерозы мен тромбозы нәтижесінде артерия саңылауының жабылуы;
- 5) қолқа қабырғасының ажырауы нәтижесінде артериялардың окклюзиясы;
- 6) тамырлардың ісіктермен қысылуы (өсуі);
- 7) тамырлардың байлануы;
- Окклюзиялық емес бұзылыстар пайда болады:
- 1) артериялардың толық емес окклюзиясында;
- 2) ангиоспазмда;
- 3) жүрек айдауының төмендеуі және гемодинамиканың орталықтануы.
Достарыңызбен бөлісу: |