- Инфекциямен зақымданып түлеген эпителий, сауыққаннан кейін өз қалпына қайта келеді.
- Асқынбаған жағдайда жедел бронхит 7-14 күнге созылады. Бірақ, кей жағдайларда ұзаққа созылып, созылыңқы түріне айналуы ықтимал.
Жіктемесі - Этиологиясы бойынша:
1. Инфекциялық: - а) вирустық;
- ә) микоплазмалық;
- б) бактериялық.
2. Инфекциялық емес (түрлі физикалық және химиялық әсерлерден). 3. Аралас (вирустық-бактериялық). Жіктемесі Патогенезі бойынша: - Біріншілік.
- Екіншілік (жедел респирациялық аурулардың асқынуынан, жоғарғы тыныс жолдарында инфекция ошақтарының болуынан: тонзиллит, фарингит, ларингит, синуситтің, бронхоэктаз ауруының).
Орналасуы бойынша: - Проксимальді (ірі бронхтардың қабынуы).
- Дистальді немесе обструкциялық (қабыну процесінің бронхтардың түйілуіне, кілегей қабықтың ісінуіне, гиперсекрециясына алып келуінен).
- Жедел бронхиолит (ұсақ бронхтар тармақтарының ауыр, обструкциялық түрде қабынуы).
Достарыңызбен бөлісу: |