Жедел миокард инфарктісінің жіктелуі. 1. ST-T сегментінің көтерілуімен жүретін жедел миокард инфарктісі (трансмуральді, эпикардиальді аймақты қанмен қамтамасыз ететін коронарлы артерияның окклюзиясы). Жиі толық окклюзия болғанда патологиялық Q- тісшесі пайда болады. - Q толқынды миокард инфарктісі. 2. ST-T сегментінің көтерілуінсіз жүретін миокард инфарктісі(интрамуральді, коронарлы артерияның толық емес окклюзиясымен немесе олардың стенозында пайда болады), жиі патологиялық Q тісшесінсіз жүреді (ұсақ ошақты МИ).