Науқас Н. 42 жаста, ауаның жетіспеуіне, ентікпеге, әлсіздікке, бас айналуға, жүрек соғысына шағымданады. Анамнезінен: 3 жылдан бері бронх демікпесімен ауырған. Өз уақытысында емделмеген. Жедел жәрдемді тұншығу ұстамасы болғанда шақырады. Науқас есі анық, мазасыз (эйфория). Тері қабаты бозарған, ылғалды, әлсіз акроцианоз байқалады. Өкпеде ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі 25-30/мин, ЖЖЖ - 110 мин, АҚ 130/70 с.б.б. Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс? бронх демікпесі, ауыр персистирленген ағымды, ТЖ I
созылмалы бронхит өршу сатысы
ауруханадантыс пневмония, орта ауырлық дәрежесі, ТЖ І
бронх демікпесі, орта персистирленгенағымды,ТЖ II
өкпенің созылмалы обструктивтіауруы, ауыр ағымда
Науқас Г. 54 жаста. Тыныс алу қиындағанына шағымданады. 9 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады. Эуфиллин, беротектің ингаляциясын қабылдайды. Ұстамалары айына 2-3 рет қайталанады. Аталған жағдай нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған, беротектің ингаляциясы эффект бермеді. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері қабаттары цианозды. Тыныста қосалқы бұлшықет атсалысады. Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ – мин 24. ЖЖЖ мин 92. АҚ 130/90 с.б.б. Төмендегі болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс? бронх демікпесі. Орташа ауырлық дәрежелі ұстама.ТЖ I
өкпе артериясының тромбоэмболиясы
бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәреже. ТЖ III.
ЖИА. Постинфаркты кардиосклероз. Өкпенің интерстициальді ісінуі.
ауруханадан тыс екіжақты пневмония. Орташа ауырлық дәрежесі ТЖ I
13 жастағы науқаста қабырғаның көптеген сынықтарымен, жедел тыныс жетіспеушілігі. Кеңірдек интубациясынан кейін және ӨЖЖ