«Жедел медициналық жәрдем»иси и в, внутиривенной инфузушений ий измах остантвки кровообращения.»!»»»»»» пәні бойынша



бет35/124
Дата13.10.2023
өлшемі1,97 Mb.
#185167
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124
Байланысты:
силлабус-каз2012-2013

Оқыту әдістері: Ауызша сауалнама, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, тығыз байланыс- кері қайта байланыс.


Әдебиеттер:

  1. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.

  2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.

В.М. Михайловича, 2004. -704 с.
Бақылау: тестілер, ситуациялық есептер («қортынды білім бағалау, жасау білу және машықтануға арналған бақылау-өлшеу әдістері бөлімінде.
Тестілер.
1. Жүрекке жанама массаж жасауда төмендегі берілгендердің ең негізгі әсері болып табылады:
A. қарашықтың тарылуы
B. тері цианозының азаюы
C. ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
D. мәйіттік дақтардың пайда болуы
E. көз алма склерасының құрғауы

2. Төменде аталғандардың ішінде жүрек –өкпе реанимациясының жасауға аса тән көрсеткіш болып табылады:


А. ұйқы артериясында пульстің болмауы
В. тыныстың патологиялық түрде болуы
С. қысқа уақытқа есін жоғалтуы
D. тері жабындысының диффузды цианозы
Е. анизокория

3. Төменде аталғандардың ішінде реанимация кезінде ең әсерлі оксигенациялық әдіс болып табылады:


А. тыныс аналептиктерін енгізу
В. ауызбен-ауызға дем беру
С. В, С витаминдерін енгізу
D. кеңірдек интубациясын және өкпені жасанды желдендіру
Е. ауызбен-мұрынға дем беру

4. Клиникалық өлімге тән негізгі белгі болып табылады:


А. тыныстың тоқтауы
В. тырысулар
С. көз қарашығының кеңеюі
D. патологиялық тыныс
Е. ұйқы артериясында пульстің болмауы

5. Жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, қанайналымын қалпына келтірудің ең адекватты критерийлері болып табылады:


А. тері мен шырышты қабаттарының қызара бастауы
В. тахипноэ
С. ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
D. диурездің қалпына келуі
Е. көз қарашығының тарылуы

6. Жүрекке электрлік дефибрилляция жасау үшін ең тиімді көрсеткіш болып табылады:


А. ұйқы артериясында пульстің болмауы
В. 1 минут бойы жасалған жүрек жанама массажының әсерінің жоқтығы
С. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтауы
D. ЭКГ-да жүрек фибрилляциясының болуы
Е. есінің болмауы

7. Ауруханаға дейінгі кезеңде кеңірдекке интубация жасау мен өкпені жасанды желдендірудің күмәнсіз көрсеткіштері:


А. тыныстың патологиялық түрі
В. апноэ
С. 2-3 дәрежелі астма статусы
D. өкпе ісінуімен асқынған, артериялық гипертензия
Е. дене қызуының 39ºС жоғарылауы және тахипное 25-30 рет минутына

8. Аталған дәрілік заттардың ішінен қанайналым тоқтағанда қолданылатын тиімді препаратты таңдаңыз:



  1. адреналин

  2. кальций антагонистері

  3. преднизолон

  4. жүрек гликозидтері

  5. атропин

9. Қан айналым тоқтауына ең негізгі себеп болып, жиі кездесетін:


A. пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия
B. қарыншалық экстрасистолия
C. қарыншалық фибрилляция
D. электромеханикалық диссоциация
E. асистолия

10. Төменде аталған жағдайлардың қайсысында жүрек –өкпе реанимациясы жасалмайды:



  1. қанайналым тоқтаған уақыттан 30 минут өтсе

  2. туыстарының сұрауы бойынша

  3. құжатында тіркелген жазылмайтын аурудың терминалды сатысында,

  4. ауыр бас –ми жарақаты

  5. қанайналымының тоқтағанынан 20 минуттан асса

11. Бір медициналық қызметкер жүректің жабық массажы мен ӨЖЖжүргізгенде мынадай арақатынасты ұстанады:
А. 2 дем + 15 компрессия
В. 3 дем +18 компрессия
С. 5 дем + 20 компрессия
D. 1 дем + 5 компрессия
Е. 1 дем + 4 компрессия

12. Жүрекке жасалған жанама массаждың ең әсерлілігін мынадан көруге болады:



  1. қарашықтың тарылуы

  2. ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

  3. систоликалық артериялық қысымның 80 мм.сн.б. жоғары болуы

  4. сирек спонтанды тыныстың болуы

  5. көз алмасының склерасының құрғауы

13. Клиникалық өлім жағдайындағы науқасқа төменде аталған дәрілердің қайсысы эндотрахеальді енгізгенде аса тиімді болады:


A. норадреналин
B. адреналин
C. лидокаин
D. атропин
E. эуфиллин

14. Клиникалық өлім жағдайындағы науқасқа төменде аталған дәрілердің қайсысын енгізу тиімді:


A. адреналин
B. верапамил
C. обзидан
D. дигоксин
E. атропин

15. Қанайналымның тоқтауына тікелейемес себеп болатын:


А. пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия
B. қарыншалық экстрасистолия
C. қарыншалық фибрилляция
D. электромеханикалық диссоциация
E. асистолия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет