Блок № 4 Аллергиялық реакциялар және жұқпалы аурулардағы шұғыл жағдайлар Сабақ № 1 Тақырыбы : Дәрілік аллергия. Анафилаксия
Мақсаты: аллергиялық реакциялардың ауруханаға дейінгі кезеңдегі диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру.
Оқыту міндеттері:
Әртүрлі аллергиялық реакциялардың патогенезімен студенттерді таныстыру.
2.Дәрілік аллергияның ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру.
3. Анафилактикалық шоктың этиологиясы, патогенезі, клиникасымен студенттерді таныстыру
4. Анафилактикалық шоктың ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмімен студенттерді таныстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Аллергиялық реакция түрлері.
Аллергиялық реакцияның патогенезі.
Дәрілік реакциялар. Ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмі
Анафилактикалық шоктың ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем алгоритмі.
Оқыту әдістері: Ауызша сауалнама, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, кері байланыс.
Әдебиеттер:
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М. Михайловича, 2004. -704 с.
Бақылау:
Тестілер
1.Анафилактикалық шок кезінде жедел жәрдем көрсету үшін әсерлі препаратты атаңыз
A.преднизолон
B.кальции хлорид
C. адреналин
D. димедрол
E. норадреналин
2. Анафилактикалық шок кезінде инфузия терапия көк тамыр ішіне
A.полиглюкин
B.гемодез
C.изотоникалық ерітінді
D.аминқышқыл препараты
E.албумин
3.Төменде көрсетілгендердің қайсысы аллергиялық реакцияға жатпайды?
A.поллиноз
B. бронхиальды астма
C. Квинке ісігі
D. Анафилактикалық шок
E стрептодермия
4.Иммунды реакцияның түріне тәуелді аллергиялық типке жатады, мынадан басқа
A. реагинді
B.эндогенді
C. цитотоксикалық
D.имунокомплексті
E.баяу
5. Анафилактикалық шоктың қолайлы ағымы
A.найзағай тәрізді
B. асфиксиялық
C. рецидивтеуші
D.абортивті
E. созылмалы
6 Анафилактикалық шок дамитын аллергиялық реакцияның типін көрсет
A.цитотоксикалық
B. реагинді
C. имунокомплексті
D. аутоаллергенді
E. баяу
7. Брадикинин шақырады:
А. қан тамыр қабырғасының өткізгіштігін жоғарылатады.
B. протеолиз
С.гемолиз
D.бронх, ішек, жатыр бұлшық еттер спазмы
Е.бауыр веналары сфинктерінің спазмы
8. Шокқа қарсы міндетті іс шараға қолданады:
А. адреналин
B. атропин
С. плазма
D. бензогексон
Е. дигоксин
9. Анафилактикалық шоктың клиникасына тән:
А. АҚҚ төмен
B. АҚҚ жоғары
С. жүрек тоны анық
D. экспираторлы ентігу
Е. жүрек тоны бәсең
10. Дәрілік аллергия кезінде маңызды-себепті аллерген болып барлығы табылады. Біреуінен басқа:
антибиотиктер
витаминдер
физиологиялық ерітінділер
белок препараттары
пиразолон препараттары
11. Шақырылған анафилактикалық шок кезінде жедел жәрдем шараларына барлығы кіреді.Біреуінен басқа:
шаққан жерге адреналин н\енгізу
гормональді препараттарды парентеральді енгізу
аяққа ыстық ванна
допамин инфузиясы
антигистаминдік препараттар енгізу
12. Көрсетілгендердің ішіндегі қайсысы аллергиялық реакцияның патохимиялық сатысына тән?
жасушалардың дегрануляциясы және биологиялық медиаторлардың лақтырысы
антиденелердің түзілуі және олардың аллергенмен байланысуы
медиаторлардың ағзаларға және тіндерге патогенді әсері
созылмалы аллергияның дамуы
жедел аллергияның дамуы
13. Көрсетілгендердің ішіндегі қайсысы аллергияның патофизиологиялық сатысына тән?
биологиялық медиаторлардың лақтырысы
антиденелердің түзілуі және олардың аллергенмен байланысуы
медиаторлардың әсерінен ағзаларда және тіндерде патогфизиологиялық өзгерістер
созылмалы аллергияның дамуы
жедел аллергияның дамуы
14. Қандай жасушалар имммуноглоблулиндер синтездейді?
плазматикалық жасушалар
Т-лимфоциттер
мес жасушалар
.макрофагтар
.бағаналы жасушалар
15.Алкогольді аллергенді затпен қабылдау
A. аллергиялық реакцияның пайда болуын жоғарылатады
B. аллергиялық реакцияның пайда болуын төмендетеді
C. реакцияның пайда болу уақытына әсер етпейді
D. реакцияның пайда болуына бөгет жасайды
E. аллергиялық реакцияның пайда болуын әлсіретеді
Достарыңызбен бөлісу: |