Мақсаты: электрожарақаттар мен найзағайдан зардап шегушілерді диагностикалау және жедел медициналық жәрдем көрсетумен студенттерді таныстыру.
Тапсырмалар:
Вариант 1. Электрожарақаттардың жалпы және жергілікті көрінісі.
Вариант 2. Найзағайдан зардап шегу, классификациясы.
Вариант 3. Найзағайдан зардап шегудің клиникасы.
Вариант 4. Балалардағы электротравмалардың ерекшеліктері.
Вариант 5. Электрожарақат мен найзағайдан зардап шегушілерді диагностикалау алгоритмі
Вариант 6. Электрожарақат мен найзағайдан зардап шегушілерге жедел медициналық жәрдем көрсету алгоритмі
Тақырыптың негізгі сұрақтары::
Электрожарақат туралы түсінік, электрлік доға дегеніміз не?
Электрожарақат кезіндегі мишеньдік ағзалар, тоқ ұрудың мағынасы
токтың күшіне және кернеуіне байланысты электрожарақаттың клиникалық көрінісі.
Найзағаймен зақымданудың клиникалық көрінісі.
Электрожарақатты ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалау алгоритмі
Ауруханаға дейінгі кезеңде электрожарақатынан зардап шеккенде көрсетілетін жедел жәрдем алгоритмі.
Электржарақат алған зардап шегушіге көрсетілетін шұғыл жәрдемнің алгоритмі.
Оқытудың әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, кіші топтармен жұмыс жасау, дискуссия, презентация, кері байланыс орнату.
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича,2004. =704.
Бақылау:
. Тесттер:
Электрожарақаттануларда электр тогының кіру және шығу орындарында тері тіндерінің өзгерістері күюдің қай дәрежесіне сәйкес келеді:
A. III – IV дәрежесіне
B. I дәрежесіне
C. II дәрежесіне
D. III дәрежесіне
E. IV дәрежесіне
Электр тогы әсер еткенде тері жамылғылары жарасы қандай формаға ие:
A. кратер тәрізді
B. анық емес
C. ісінген
D. анық формасы жоқ терең жара
Е.тырналған беткей жара
Электрожарақаттың жергілікті көрінісі мынаған байланысты:
A. ауа ылғалдылығы
B. зақымдалушының терісінің жағдайына
C. ток күші мен кернеулігіне
D. ток күшіне
E. ток кернеулігіне
4. Қандай минимальды ток күшінің әсерінен зардап шегуші естен танып және өздігінен ток көзінен ажырай алмайды?
A. 15 мА
B. 30 мА
C. 10 мА
D. 5 мА
E. 50 мА
5. Қандай ток күшінің әсерінен зардап шегушіде тыныс тоқтауы мүмкін?
A 5-10 мА
B. 15- 20 мА
C. 10-15 мА
D. 25 – 50 мА
E. 5-15 мА
6. Шок белгілері бар электрожарақаттардан зардап шегушіні тасымалдау қалпы:
A арқасында жату
B. аяқтарын көтеріп жату
C. отыру
D. бірқырымен жату
E. ішімен жату
7. Аритмиясы бар электрожарақаттардан зардап шегушіні зақымдану ошағынан алып шыққан соң жедел медициналық жәрдемді бастау қажет:
A оттегі ингаляциясы
B. ЖӨЖ
C. антиаритмиялық заттар
D. трахеобронхиальды ағашты тазарту
E. схема бойынша реанимация
8. Қандай препарат жүректің қарыншалық ырғақ бұзылысы бар электротравмадан зардап шегушіге берген тиімді:
A изоптин
B. коргликон
C. изокет
D. кордарон
E. верапамил
9. Электрожарақаттан зардап шегушіде қарынша фибрилляциясы болса, мақсатты түрде жиі пайдаланады:
A изоптин
B. лидокаин
C. дефибрялляция
D. кордарон
E. коргликон
10. Зардап шегушіде қай орган электр тогымен зақымдалғанда бірден өледі:
A бауыр
B. бүйрек
C. жүрек
D. ми
E. өкпе
11. Зардап шегушіде электр тогы жүрек арқылы өткенде жиі пайда болады:
A естен тану
B. қарыншалық фибрилляцияға дейінгі аритмиялар
C. апное
D. дене бұлшықеттерінің тоникалық қысқаруы
E. ауру синдромы және шок
12. Төменде келтірілгендердің қайсысы электрожарақаттың I дәрежесіне сәйкес келеді:
A аяқастында өлім және прострация алды
B. жалпы тырысулар, токтан алып тастаса прострация жогалады
C. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танумен
D. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танусыз
E. жекелеген ұстамалар
13. Төменде келтірілгендердің қайсысы электрожарақаттың IІ дәрежесіне сәйкес келеді:
A. аяқастында өлім және прострация алды
B. жалпы тырысулар, токтан алып тастаса прострация жоғалады
C. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танумен
D. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танусыз
E. жекелеген ұстамалар
14. Төменде келтірілгендердің қайсысы электрожарақаттың IІІ дәрежесіне сәйкес келеді:
A аяқастында өлім және прострация алды
B. жалпы тырысулар, токтан алып тастаса прострация жогалады
C. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танумен
D. ауыр прострация және ток көзінен алып тастаған соң біраз уақыт қимылсыздық, естен танусыз
E. жекелеген ұстамалар
15. Электрожарақаттан қанайналымының бұзылысы бар зардап шегушіде жедел медициналық жәрдемге төмендегілер кіреді? Біреуінен басқасы:
A. кеңірдек интубациясы және ЖӨЖ бастау
B. қанайналымын динамикалық бақылау және ЭКГ
C. электр тогын әсерін жою
D. жүрек гликозидтерін енгізу
E. тынысты динамикалық бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |