Ситуациялық есептер
1. Әйел 27 жаста 220 W ток кернеуімен әсерлескеннен соң есі қалыпты, қозу жағдайында, пульс 108 рет 1 минутына, АД 150/90 мм.сын.бағ. Зардап шегушіге қандай диагностикалық әдіс ең тиімді?
A пульсоксиметрия
B. электрокардиография
C. қандағы глюкоза деңгейін анықтау
D. спирометрия
E. электроэнцефалография
2. Ер адам 34 жаста үйінің қасында от шашқан электропроводты қолында ұстап ес-түссіз жатыр. Обьективті: дененің төменгі бөлігінде клоникалық тырысулар, ТЖ – 20 рет мин., пульс -100 соққы рет мин АД 140/ 100 мм.сын.бағ. қолында дөңгелек пішінді бозғылт сұр түсті. Электротравманың дәрежесін анықтаңыз
A V дәрежесі
B. I дәрежесі
C. II дәрежесі
D. III дәрежесі
E. IV дәрежесі
5 жасар баласын анасы үйінен ес-түссіз, тоникалық тырысулары бар және оң қолында шегесімен тауып алды. Бұған дейін дені сау болған. Қарап тексергенде: ТЖ – 30 рет мин., пульс -130 соққы. Оң алақанының терісінде сызықшалы формалы ақшыл-сұрғылт жара бар. Тырысулардың болуы ең мүмкін себебі
A басішілік гипертензия
B. бассүйек-ми жарақаты
C. электрожарақат
D. коллапс
E. естен тану
4. Ер адам 44 жаста 380 W электр тогымен әсерлескеннен кейін қысқы уақытқа естен тану, тынысы 18 рет 1 минутына, АД 85/60 мм.сын.бағ., аритмия ЖСЖ 178 рет 1 минутына. Қандай препаратты бірінші кезекте беру қажет:
A верапамил
B. кордарон
C. преднизолон
D. дигоксин
E. магний сульфат
5. Ер адам 26 жаста кездейсоқ басымен 800 W кернеулігі бар электр өткізгішке тиіп кетті. Обьективті: ес-түссіз, тоникалық тырысулар. АД 90/60 мм.сын.бағ. ТЖ 10 рет 1 минутына. Қандай препаратты бірінші кезекте беру қажет:
A. преднизолон
B. брузепам
C. магний сульфат
D. лидокаин
E. 40% глюкоза ер-сі
Сабақ №3 Тақырыбы: Үсу. Күн және ыстық өту
Достарыңызбен бөлісу: |