Сабақ №5 Тақырыбы: Гипертензиялық криздер.
Мақсаты: Ауруханаға дейінгі кезеңде гипертензивті криздердің диагностикасы мен емін студенттер арасында машықтану үшін бөлу.
Оқу тапсырмасы:
Гипертензивті криздердің жіктелуін студенттерге таныстыру.
Миокард гипертрофиясында ЭКГ белгілері, гипертензивті криздердің асқынуымен студенттерді таныстыру.
Аурудың ауырлық ағымы және түрлеріне байланысты гипертензивті криздерді емдеудің алгоритмін студенттерге таныстыру
Криздерді басу үшін қолданатын гипотензивті препараттармен студенттерді таныстыру.
Гипертензивті криздер науқастарды ауруханаға тасымалдау көрсеткіштерімен студенттерді таныстыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Гипертензивті криздердің жіктелуі
Электрокардиографияда миокард гипертрофиясының белгілері.
Ауруханаға дейінгі кезеңде гипертензивті криздердің жиі асқынулары.
Гипотензивті препараттар, оларды қолдану көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштер.
Гипертензивті криздің әрбір түріндегі диагностикалық алгоритмі.
Ауруханаға дейінгі кезеңде гипертензивті криздің әрбір түріндегі емдеу алгоритмі.
Оқыту әдістері: Ауызша сауалнама, тестілеу, шағын топпен жұмыстау, дискуссия, презентация, тығыз байланыс- кері қайта байланыс.
Әдебиеттер:
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред. Багненко С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. М., 2008.- 816 с.
Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М. Михайловича, 2004. -704 с.
Бақылау: тестілер, ситуациялық есептер («қортынды білім бағалау, жасау білу және машықтануға арналған бақылау-өлшеу әдістері бөлімінде.
Тестілер.
1. Төмендегі көрсетілген гипотензивтік дәрілік заттардың қайсысы, дәріні қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі синдром шақырады:
Резерпин
Допегит
Клофелин
Гипотиазид
Коринфар
2. Екіншілік артериальды гипертензияға әкелетін өте жиі кездесетін аурулар:
Қолқа коарктациясы.
Гломерулонефрит.
Бүйрек артерия гипоплазиясы.
Феохромоцитома.
Біріншілік гиперальдостеронизм
3. Феохромоцитома кезіндегі гипертониялық кризді емдеу үшін көктамырға енгізуге болады:
Фентоламинді.
Пентаминді.
Клофелинді.
Дибазолды.
Магнезии сульфатты
4. Бета-адреноблокаторларды ішке қабылдағанда максимальды гипотензивті әсері қанша уақыттан кейін басталады:
6-8 сағат.
2-3 күн.
5-8 күн.
2-3 апта.
7-8 апта.
5. Солқарыншалық жіті жетіспеушілікпен асқынған, гипертониялық кризді басу мақсатында көктамырға енгізу керек:
Лазиксті.
Финоптинді.
Жүрек гликозидін.
Обзиданды.
Дибазолды.
6. Артериальды гипертензия және жүрек жетіспеушілігі бар науқастың АҚҚ төмендету мақсатында міндетті түрде енгізу керек:
Клофелинді.
Обзиданды.
Финоптинді
Каптоприлді.
Допегитті.
7. Бақыланатын артериальды қанқысымын төмендету үшін қолданады:
Резерпин.
Пентамин.
Дибазол.
Нитропруссид натрий.
күкіртқышқыл магнезии.
8. Гипертониялық кризді емдеу мақсатында ішке қабылдау үшін қолданады:
Адельфанды.
Анаприлинді.
Коринфарды.
Допегитті.
Резерпинді.
9. Қолқаның қатпарланған аневризмасымен науқастардың, АҚҚ төмендету үшін таңдамалы препарат болып табылады:
Диазоксид.
Клофелин.
Нитропруссид натрий.
Дроперидол.
Фуросемид.
10. Солқарыншалық жіті жетіспеушілік белгісімен, гипертониялық кризді басу мақсатында қолданатын ең рациональды препарат болады:
Обзидан.
Нитропруссида натрий.
Финоптин.
Дибазол.
Дигоксин.
11.II типті артериальды гипертензиялық криз кезінде АҚҚ төмендету керек:
Артериальды қанқысымда 40-60 минут біртіндеп төмендету
Қанқысымды 2-5 минутта тез төмендету
Қанқысымды тез төмендету арқылы, ары қарай пролонгирленген препарат тағайындау
Қанқысымды тәулік бойын біртіндеп төмендету
Артериальды қысымды төмендетуге болмайды
12. II типті артериальды гипертензиялық криз кезінде қолданатын қандай препараттар:
пропранолол (обзидан.
дроперидол
пентамин
лазикс
нитроглицерин
13. Артериальды гипертензия кезінде тасымалдау үшін төмендегі берілгендердің барлығы көрсеткіш болады БІРЕУІНЕН басқа:
гипертониялық криз
гипотензивті терапияға резистенттілік
артериальды гипертензияның тез үдеуі
артериальды гипертония I дәр.
Салыстырмалы диагностикасындағы қиындықтар
14. Артериальды гипертензия кезінде, артериальды қанқысым 150/120 мм сб. болуы көбірек тән:
А. эукинетикалық криздер;
В. гипокинетикалық криздер;
С. гиперкинетикалық криздер;
D. феохромоцитома кезіндегі криздер;
Е. құрысу түрімен жүретін криздер.
15. Артериальды гипертензия кезінде тасымалдау үшін төмендегі берілгендердің барлығы көрсеткіш болады БІРЕУІНЕН басқа:
гипертониялық криз
гипотензивті терапияға резистенттілік
артериальды гипертензияның тез үдеуі
артериальды гипертония I дәр.
Салыстырмалы диагностикасындағы қиындықтар
Ситуациялық есептер
1. Науқас К., 45 жаста, қарақұс-шүйде аймағына берілетін бас ауыруы, жүрек тұсындағы шаншыған ауыру сезіміне, ұйқыс шағымданады. Науқас 2 жыл бойы ауыратынын айтады. Ауруын психоэмоционалдық жүктемелермен байланыстырады. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары табиғи түсін сақтаған. Жүрек шекаралары сол жаққа ортаңғы бұғана сызығына дейін кеңейген. Тондары тұйық,ырғақты. Пульс 90 рет мин. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. ЭКГ: Жүректің электрлық осі солға ығысқан. Болжам диагнозыңыз:
Артериалды гипертензия
ЖИА. Үдемелі стенокардия
Миокардит
Созылмалы пиелонефрит, симптоматикалық гипертония
Гипертониялық тип бойынша НЦД
2. Науқас А. 45 жаста, бас ауыруы, бас айналуы, жүректің қатты қағуы, барлық денесінің қалтырауы, мазасыздық, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 2-3 сағат бойы өзін науқас нашар сезеді. Психоэмоциональды стресспен байланыстырады. Валидол, корвалдин, ½ таблетка адельфан қабылдайды. Науқас эмоциональды, қозғыш. Тері жамылғылары гиперемирленген, құрғақ. Көз тамыр склерасы иницирленген. Жүрек тондары анық, қолқада II тон акценті, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 110 рет мин, пульс күштірек. АҚҚ 220/120 мм.сб. Неврологиялық белгілер жоқ. Болжам дииагноз:
A. Артериальды гипертензия I дәр. Гипертониялық криз
B. Патологиялық климакс. Артериальды гипертензия. Гипертониялық криз
C. Тиреотоксикоз орташа дәрежесі. Гипертониялық криз
D. Феохромоцитома. Гипертониялық криз I типі
E. Артериальды гипертензия II дәр. Гипертониялық криз I типі
3. Науқас Б. 62 жаста. Басының айналуы, бас ауыру, құсу, лоқсу, жүрек тұсындағы дискомфорт сезімге шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 күн бойы. 2000 жылы миокард инфаркті алған. Тері түсі бозғылт, құрғақ. Жүрек шекаралары сол жаққа 1,5 см кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, қолқада II тон акценті. ЖСЖ- 120 рет минутына. АҚҚ- 260/120 мм.сб. ЭКГ-де 120 рет минутына. ЖЭО горизонтальды, RV4 < RV6., V4-V6 әкетулерде ST сегменті изоэлектрлік сызықтан 1 мм төмен Болжам диагноз:
A. Артериальды гипертензия II дәр. Гипертензивті криз II тип.
B. ЖИА. Инфаркттен кейінгі (2000. кардиосклероз. Артериальды гипертензия II дәр. Гипертензивті криз II тип.
C. Артериальды гипертензия III дәр. Гипертензивті криз II тип . ЖИА. ИККС (2000..
D. Артериальды гипертензия II дәр. Гипертензивті криз I тип. ЖИА. Жіті миокард инфаркті.
E. Цереброваскулярлы аурулар: жіті ми қанайналым бұзылысы ишемиялық тип.
4. Науқас 54 жаста. Шағымдары: тынысының тарылуы, тыныштық жағдайда ентігу, қызғылт көпіршікті қақырық жөтелген кезде пайда болады. Анамнезінен: Артериалды гипертониямен 7 жыл бойы ауырады,дәрі қабылдамайды, жағдайының нашарлауына 3 сағат болған. Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, науқас қозғыш. Өкпесінде аускультативті бүкіл өкпелік алаңда ылғалды, ірі көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ 30 рет минутына. Жүрек тондары тұйық, ырғақты, ЖСЖ – 100 рет минутына, АҚҚ 210/100 мм.сб. Сіздің болжам диагнозыңыз:
Бронх демікпесі, инфекциялық аллергиялық түрі, тұншығу ұстамасы
Созылмалы обструктивті бронхит, өршу сатысы
Өкпе артериасының тромбоэмболиясы, жіті тыныс жетіспеушілігі
Спонтанды пневмоторакс.
Гипертониялық криз. Жіті сол қарыншалық жетіспеушілік, өкпе ісінуі
5. Науқас 58 жаста, бас ауруына,бас айналуына, басындағы шуылға, сол жақ қол, аяғының бірден әлсіреуіне шағымданады. Жағдайы 1 апта бойы нашарлап, басының ауыруы күшейіп, сол жақ қол аяқтары әлсіздігі үдей түскен. Бүгін таңертең төсектен тұрғанда құлап қалған. Қарап тексергенде: есі анық. Оң жақ мұрын ауыз қыртысының тегістелуі, оң жоғарғы қабағының птозы. Жүрк тондары анық, қолқа тұсында ІІ тон акценті. АҚҚ 190/100 мм с.б.б. (қалыптасқан 150/90.. Болжам диагнозыңыз:
Артериальная гипертензия. Геморрагический инсульт
Дисциркуляторлы энцефалопатия
Артериальды гипертензия. Ишемиялық инсульт
ӨАТЭ
Бет нерв невриті
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№1 сабақ. Тақырыбы: Жіті тыныс жеткіліксіздігі.
Мақсаты: жіті тыныс жетіспеушілігінің ауруханаға дейінгі кезеңде диагностикалық және жедел жәрдем көрсету дағдыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
Студенттерді ЖТЖ жіктелуімен, этиологиясымен таныстыру
Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде пневмонияның ағым ерекшелігімен таныстыру.
Ауруханаға дейінгі кезеңде пневмонияның диагностикалық және жедел жәрдем көрсету дағдыларын студенттерге үйрету.
Студенттерді спонтанды пневмоторакстың клиникасымен диагностикасымен таныстыру
Студенттерді спонтанды пневмоторакстың ауруханаға дейінгі сатыда жедел жәрдем алгоритмімен таныстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жіті тыныс жетіспеушілігін шақыратын факторлар
Жіті тыныс жетіспеушілігінің ауырлық дәрежелері. Гипоксемия және гиперкапния, гипоксияның түрлері
Ауруханаға дейінгі кезеңде ЖТЖ кезінде жедел жәрдем көрсету алгоритмі
ЖТЖ кезінде тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру әдістері
Шұғыл түрде ӨЖЖ жасаудың көрсеткіші
Ауруханаға дейінгі кезеңде пневмонияның диагностикасы мен жедел жәрдемі
Балалар мен қарттардағы пневмонияның ағым ерекшелігі
Ауруханаға дейінгі кезеңде спонтанды пневмоторакстың жедел жәрдемі
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б
4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.
5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.
6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.
Бақылау:
Тесттер
1.Балалардағы тыныс жүйесінің ерекшелігі:
оттегіге зәруліктің төмендігі
тыныс жолдарының тарлығы мен васкуляризациясының көптігі
сурфактант белсенділігінің жоғары болуы
терең тыныс
тыныс орталығы клеткаларының жоғары талғампаздығы
2. Тыныс жетіспеушілігі этиологиясы бойынша:
гемолитикалық
су-электролиттік
орталық генезді
вазоконстрикторлы
атопиялық
3. Балаларда тыныс жетіспеушілігі I дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады :
терінің мрамор тәріздес болуы
күрт қозу, мазасыздану
физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу
акроцианоз
тұрақсыз гемодинамика
4. Балаларда тыныс жетіспеушілігі III дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады :
диффузды цианоз
тахикардия, гипотонияға бейімділік
терең, сирек тыныс
физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу
жөтелу рефлексінің болмауы
5. Кеңірдек интубациясын жасау көрсеткіштері:
брадикардия
апное
бронх демікпесі ұстамасының ауыр дәрежесі
гипотония
ашық пневмоторакс
6. ЖТЖ кезінде негізгі гипоксия түрлеріне аталғандардың біреуі ЖАТПАЙДЫ,соны атаңыз :
гипоксиялық гипоксия
тіндік гипоксия
гемдік гипоксия
циркуляторлы гипоксия
физиологиялық гипоксия
7. Жіті тыныс жеткіліксіздігінің ең ерте белгісі :
цианоз
тахипноэ
мойын көк тамырларының ісінуі
тыныс алуға көмекші бұлшықеттердің қатысуы
инспираторлы ентігу
8. Екінші дәрежелі жедел тыныс жеткіліксіздігіне тән емес:
қозғыштық
1 минутта тыныс жиілігінің саны 40 ретке дейін
қатты тершеңдік
терінің дақты цианозы
артериальды гипертензия
9.Төменде аталғандардың қайсысы жедел тыныс жеткіліксіздігінің себептеріне жатады?
фосфорорганикалық қосылыстармен улану
семіздік 3 дәрежесі
асқазандағы бөгде зат
ботулизм
эпистатус
10. Артериялық қанның оттегімен қанығуы қалыптыда болады:
95-97%
94-91%
90-85%
84-80%
80%-дан төмен
11. Артериялық қанның оттегімен қанығуын анықтаудың жәй және тиімді әдісі
пульсоксиметрия
спирометрия
глюкометрия
пикфлоуметрия
пневмотахометрия
12. Пневмонияның өмірге қауіпті асқынуын атаңыз:
жұқпалы-токсикалық шок
миокардит
перикардит
өкпе эмфиземасы
плеврит
13. Балаларда тыныс жетіспеушілігі I дәрежесінің клиникалық белгісіне жатады :
терінің мрамор тәріздес болуы
күрт қозу, мазасыздану
физикалық жүктеме кезінде аздаған ентігу
акроцианоз
тұрақты емес гемодинамика
14. Жүректің және аралықтың сау өкпеге қарай ығысуы мына жағдайда байқалады:
өкпе ателектазында
қақпақшалық пневмоторакс кезінде
жабық пневмоторакс кезінде
экссудативті плевритте
өкпе эмфиземасында
15. Кернелген пневмоторакс кезінде ауаны шығару мақсатында жасалатын плевральды пункцияның нүктесін көрсетіңіз:
ортаңғы қолтық асты сызығымен 7 қабырға аралық
артқы қолтық асты сызығымен 7 қабырға аралық
бұғана ортаңғы сызық бойымен 2 қабырға аралық
ортаңғы қолтық асты сызығымен 5 қабырға аралық
бұғана ортаңғы сызық бойымен 4 қабырға аралық
Ситуациялық есептер
1. Спонтанды пневмотораксы бар науқаста жүрек-қантамыр жетіспеушілігінің белгілері пайда болды,ортаралық ағзалар қарама-қарсы жаққа қарай ығысты,сау өкпенің желденуі азайды. Қандай асқыну болуы мүмкін?
пневмония
жіті бронхит
кернелген пневмоторакстың дамуы
теріастылық эмфизема
тыныс жолдарында бөгде зат
2.Кеуде жарақатымен науқаста кенеттен беті ісінді, мойны және басы көлемі жағынан ұлғайды. Пальпацияда крепитация (қар сықыры. анықталады. Қандай патологияны ойлауға болады?
Ашық пневмоторакс
Жабық пневмоторакс
Кернелген пневмоторакс
Гемоторакс
Кеуде аралық эмфиземасы
3. Жоғары қызбамен және қара-қоңыр тұтқыр қақырық аралас жөтелмен 60- жасар науқас мас күйінде табылды. Шағымдары: ентігу, айқын үдемелі әлсіздік, кеуде торындағы ауру сезімі, қалтырау. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы ауыр, оң өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс естілмейді, ылғалды ірі көпіршікті сырылдар. ТЖ 24, ААҚ 90/60, ЖСЖ минутына 120 рет.
Болжам диагноз:
Өкпе абсцесі
Эксудативты плеврит
Оң жақтық крупозды пневмония
Аспирациялық пневмония
Жедел респираторлы синдром.
4. 62- жасар ер кісі дене температурасының жоғарлауына, қара-қоңыр тұтқыр қақырық аралас жөтелге шағымданады. Анамнезінен: жедел ауырған. Объективті: оң өкпенің жоғарғы бөлігінің тығыздануының клиникалық белгілері. Болжама диагноз:
Пневмококкты пневмония
Фридлендер пневмониясы
Аспирациялық пневмония
Паракарциноидты пневмония
Интерстициалды пневмония
5.Терапиялық бөлімшеге 80 жасар науқас түсті. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасының 39,3 С жоғарлауы, басының ауруы, әлсіздік. Жедел ауырған , бір күн бұрын тағам қалдығымен шашалып, қатты жөтелу мазалаған. Лор-дәрігер кеңесі: патология анықталмаған. Кеуде ағзаларының рентгенограммасында: оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтрация. Бұл науқаста пневмонияның қай түрі дамыған:
Пневмококкты пневмония
Стафилококкты пневмония
Фридлендер пневмониясы
Аспирационды пневмония
Паракарциноидты пневмония
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№2 сабақ. Тақырыбы: Ларингоспазм, бронхоспазм.
Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда ларинго-бронхоспастикалық жағдайлардың диагностикасы мен жедел жәрдемі көрсету дағдыларын студенттерде дамыту
Оқыту міндеттері:
1.Студенттерді ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды тудыратын факторлармен таныстыру
2. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде жедел стеноздық ларингиттің клиникасы және емдік тізбегімен таныстыру.
3. Студенттерді жедел бронхиттің клиникасы және емдік тізбегімен таныстыру.
4. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде бронх демікпесі ұстамасының клиникасы мен емдеу тізбегімен таныстыру.
5. Студенттерді ауруханаға дейінгі кезеңде созылмалы обструктивті бронхиттің клиникасы мен емдеу тізбегімен таныстыру.
6. Студенттерді бронхолитикалық, муколитикалық дәрілердің клиникалық фармакологиясымен таныыстыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды тудыратын факторлар.
2. Жоғарғы тыныс жолдарының бөгде дене түсуімен, аллергиялық реакциялармен шақырылған бронхоспазм, ларингоспазм кезінде жедел жәрдем көрсету.
3.Жіті стеноздық ларингит, диагностикасы, күлдің салыстырмалы диагностикасы
4. Созылмалы обструктивті бронхит, диагностикасы, салыстырмалы диагностикасы, клиникасы және жедел жәрдем
5. Бронх демікпесі, жіктелуі, асқынулары
6. Бронх демікпесі ұстамасының ауырлығын бағалау денгейі, ауруханаға дейінгі сатыда бронх демікпесінің тұншығу ұстамасын басу.
7. ЖМЖ жағдайында ларинго-бронхоспастикалық жағдайларды басу үшін небулайзер қолдану.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б
4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.
5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.
6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.
Бақылау:
Тесттер
1. Төменде келтірілген белгілердің қайсысы ларингостенозға тән:
экспираторлы ентігу, қақырық аралас жөтел
инспираторлы ентігу, үрген жөтел
шулы, ысқырықты, дистанционды құрғақ сырыл
құрғақ жөтел , тері жамылғысының бозаруы
құрғақ жөтел , тырысулар
2.14 жас аралығындағы балаларда небулайзер арқылы бронхолитиктердің бір реттік мөлшері:
5-20 тамшы
20-40 тамшы
40-60 тамшы
60-80 тамшы
80 және оданда жоғары тамшы
3. Комбинирленген препарат беродуал құрамы:
пульмикорт және атровент
беротек және интал
изопреналин және будесонид
астмопент және беротек
фенотерол және ипратропиум бромид
4. Нәрестелерде ларингостеноздың дамуына мына себеп басым болады:
бронх шырышының ісінуі
бронх тегіс бұлшықеттерінің спазм
альвеолярлы-капиллярлы мембрана диффузиясының бұзылысы
тыныс орталығының жетілмеуі
кеңірдектің кең болуы
5. Ларинготрахеит, стеноздың I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем
глюкокортикоидтар
эуфиллин
оттегі
сілтілі ингаляция
кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ
6. Ларинготрахеит, көмекей стенозының I I дәрежесінде көрсетілетін жедел жәрдем:
эуфиллин
-стимуляторлар
глюкокортикоидтар
өкпені жасанды желдендіру
гипотензивті дәрілер
7. Бронх демікпесі клиникасына тән:
тот басқан қақырықты жөтел
өкпеде майда көпіршікті ылғалды сырылдар
өкпеде ысқырықты сырылдар
инспираторлы ентігу
перкуссия кезінде өкпенің төменгі бөлігінде тұйықталу
8. Аталған дәрілердің қай тобында бронхкеңейткіш әсері бар?
b2-адреномиметиктер
М-холиномиметиктер
ганглиоблокаторлар
a-адреноблокаторлар
нитраттар
9. Шынайы дифтериялық крупқа мына белгілер тән:
қатаң, үрген тәрізді, дауысты жөтел
дауыс қарлығуының өршуі, тұрақты афонияға ауысуы
дауыс қарлығуының тұрақсыздығы, афония болмайды
таңдай бездерінде жабындылардың болуы, оның тез алынуы
стеноз кенеттен пайда болады, әсіресе түн мезгілінде
10. Орташа ауырлықтағы бронх демікпесі ұстамасымен науқастарға жедел көмек көрсетудің дұрыс ретін көрсетіңіз:
сальбутамол, эуфиллин, преднизолон
интал, эуфиллин, преднизолон
пульмикорт, оттегі, эуфиллин
преднизолон, эуфиллин, оттегі
эуфиллин, преднизолон, задитен
11. БД ұстамасымен науқасты ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер:
БД орташа ауырлықтағы ұстамасы
1-2 сағат көлемінде бронх кеңейткіш препараттар нәтижесінің болмауы
БД жеңіл ұстамасы
БД гормонға тәуелді формасымен барлық науқастар
Қосымша аурулардың болуы
12. Төменде аталған препараттардың қайсысы селективті b2-адреномиметик болып табылады ?
адреналин
преднизолон
эуфиллин
атровент
беротек
13. b2-адреномиметиктер ингаляциясын жиі қолданған бронх демікпесі бар науқаста қандай асқыну дамиды?
анафилактикалық шок
өкпенің ісінуі
кененттен өлім
демікпелік статус
гипертензивті криз
14. БД ұстамасының жедел терапиясында таңдаулы препарат болып табылады:
ұзақ әсер ететін b2-агонисттер
қысқа әсер ететін b2-агонисттер
b1 және b2 агонисттер
антихолинергиялық препараттар
ИГКС
15. Дем шығарудың пиктік жылдамдығы (ПСВ. төмендегі әдістің көмегімен анықталады:
пульсоксиметр
спирометр
глюкометр
пикфлоуметр
пневмотахометр
Ситуациялық есептер
1. 63 жастағы науқаста бронх демікпесі ұстамасын жою кезінде сальбутамол ингаляциясы қолданылды. Нәтижесінде науқастың жағдайы біршама жақсарды, бірақ ентігу және ысқырықты сырыл сақталады. Науқасқа қандай препаратты енгізу қажет?
интал
алупент
теофиллин
+преднизолон
тербуталин
2. 13 жасар қыз бала. Шағымдары: құрғақ жөтел, тамағында жыбырлау сезімі. Дене температурасы 37,5°С. 3 күн бері ауырады, суықтаумен байланыстырады. Өкпе аускультациясында дем шығаруы ұзарған везикулярлы тыныс, құрғақ сырыл. Сіздің болжам диагнозыңыз:
бронх демікпесі
созылмалы бронхит
жедел бронхит
құрғақ плеврит
пневмония
3. Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
. Өкпе артериясыныңң тромбоэмболиясы
Бронх демікпесі. Орташа ауырлықтағы ұстама. ТЖ I
Екі жақты ауруханадан тыс пневмония. ТЖ I
ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальды өкпе ісінуі .
Бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәрежесі. ТЖ III.
4. Науқас 24 жаста. Құрғақ, қатаң, «үрген» тәрізді жөтел, тұншығу мазалайды. Анамнезінде: қатты суық тиіп апта бойы ауырған. Қарап-тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта.Мойын бездері екі жағынан ұлғайған, басқанда шамалы ауырады. Бездердің айналасындағы тіндер ісінген, дауысының қарлығуы үдеп, тұрақты афонияға ауысқан. Аңқасын қарағанда: ақ сұр түсті қиын алынатын жабындылармен жабылған. Тынысы шулы. Өкпесінде а везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Қандай ауыру туралы ойлауға болады?
шынайы дифтериялық круп фонында жітілеу көмей стенозы
жіті фарингит
демікпе статусы
созылмалы фарингиттің өршуі
кеңірдекте бөгде зат
5. Науқас Д., 55 жаста. Кәсібі көлік жүргізушісі. Шырышты– іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Аталған шағымдар бүгін күндіз басталған. Суықта тұрып ұзақ уақыт көлігін жөндеген. Ешқайда қаралмаған, ем қабылдамаған. Бұрын 10-15 жылдан бері таңертіңгісін құрғақ жөтел мазалап жүрген. дене температурасы 37,5 С. ТЖ – 23 минутына. Өкпе аускультациясы: өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды ірікөпіршікті сырылдар. Өкпе перкуссиясында қорап тәрізді дыбыс. Болжам диагнозыңыз:
пневмония
бронхэктаз ауруы
созылмалы обструктивті бронхит
өкпе туберкулезі
жіті плеврит
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№3 сабақ. Тақырыбы: Өкпеден қан кету
Мақсаты: өкпеден қан кетудің диагностикасы мен емдеу дағдыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
Студенттерді өкпеден қан кетудің себептерімен, клиникасымен таныстыру.
Студенттерді өкпеден қан кетудің салыстырмалы диагностикасымен таныстыру
Студенттерге ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің диагностикасына және жедел жәрдеміне үйрету.
Ознакомить студента с особенностями ОДН у детей.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Өкпеден қан кетудің себептері.
2.Өкпеден қан кетудің клиникасы.
3. Өкпеден қан кетудің салыстырмалы диагностикасы.
4. Ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің диагностикалық тізбегі.
5. Ауруханаға дейінгі сатыда өкпеден қан кетудің жедел жәрдем тізбегі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2004. =704.
Бақылау:
Тестілер
1. Өкпеден қан кетуге күмән тудырады:
қан аралас құсық
зәрде қанның болуы
қақырықта қанның болуы
нәжісте қанның болуы
кеуде клеткасындағы ауру сезімі
2. Төменде аталған аурулардың қайсысы өкпеден қан кетумен асқынуы мүмкін :
ауруханадан тыс пневмония
бронхоэктаз ауруы
бронх демікпесі
өкпе поликистозы
созылмалы бронхит
3.Ауруханаға дейінгі кезеңде өкпеден қан кету және гемодинамика тұрақты болса, емдеудің қай әдісі тиімді:
седативты препараттар
тыныс аналептиктері
эуфиллин енгізу
дицинон енгізу
жүрек гликозидтері
4. Өкпеден қан кетуге төменде келтірілген белгілердің қайсысы тән:
қара-қоңыр түсті қанның бөлінуі
қан алқызыл түсті, көпіршікті
«тот басқан» қақырық
анамнезінде темекі өте көп шегетіндігі ескерілген
қан дене қалпын өзгерткен жағдайда пайда болады
5. Құрғақ жөтел кезінде ұзақ уақыт қан түкіру ең алдымен қандай сырқатқа күмәндандырады?
бронхтың қатерлі ісігі
бронхоэктаз ауруы
созылмалы қбструктивті бронхит
туберкулездің инфильтративті түрі
пневмокониоз
6. Өкпеден қан кетудің көзін диагностикалау үшін негіз болып табылады :
науқасты физикалық зерттеу
спирография
өкпе рентгенографиясы
бронхоскопия
бронхография
7. Өкпеден қан кету кезінде аталған емдік шаралардың бәрі жүргізіліді, БІРЕУІНЕН БАСҚА :
кіші қанайналым шеңберінде қысымның төмендеуі
қантамырлар өткізгіштігінің төмендеуі
тромболитикалық терапия
Қанайналымдағы қан көлемінің қалпына келуі
Қанның ұю қабілетінің жоғарлауы
8. Өкпеден қан кетуде көрсетілетін жедел жәрдем дәрігерінің дұрыс әрекеті :
науқасты тыныштандыру, күрт қимылдардан сақтандыру, сөйлеуге тиым салу, дицинон енгізу
тыныс аналептиктері, кеңірдек интубациясы және ӨЖЖ
кеуде клеткасына суық басу, жүрек гликозидтері
реанимация бөліміне шұғыл жеткізу
гормоналды дәрілерді енгізу, антиоксиданттар
9. Өкпеден қан кетудің дамуына ықпал етеді:
артериалды гипертензия
кіші қанайналым гипертензиясы
бассүйек ішілік гипертензия
артериалды гипотензия
порталды гипертензия
10. Аталғандардың ішінде өкпелік қан кетумен асқынбайды:
бронхоэктаз ауруы
бронх демікпесі
өкпенің қатерлі ісігі
өкпе туберкулезі
өкпе артерияларының эмболиясы
11. Өкпеден қан кету кезінде қантамырлар өткізгіштігін төмендету үшін қолданылады
кальций глюконаты
натрий хлориді
калий хлориді
магний сульфаты
глюкоза еріт
12. Өкпеден қан кету емдік шаралар алдымен мынаған бағытталған :
жоғалтқан қанды толтыру
тыныс жолдарының өтуін қамтамасыз ету
тромбоздар мен эмболиялардың алдын алу
бронхтардың ұйыған қанмен бітелуінің алдын алу
қанды сорып алу
\
13. Өкпеден қан кету кезінде ауруханаға дейінгі кезеңде кіші қанайналым шеңберіндегі қысымды төмендету үшін қолданылады:
эуфиллин
преднизолон
контрикал
атропин
коргликон
14.Тасымалдау кезінде өкпеден қан кеткен науқастың дұрыс қалпы :
горизонталды
отырған
бір бүйірімен
аяқтарын көтеріп
ішімен
15. Егер өкпеден қан кеткен науқастың бронхтық өтімділігі жөтелгенде қалпына келмесе, онда қажет:
кеңірдек интубациясы
трахеостомия
катетер арқылы қанды сорып алу
коникотомия
ӨЖЖ
Жағдайлық есеп
1. 30 жастағы науқас К., ауыр жағдайда кешке көшедег табылды. Жағдайының ауырлығына байланысты шағымдарын айта алмайды. Объективті: тері жамылғыларының бозаруы. Зорлау белгілері анықталған жоқ. Аузынан алқызыл қан бөлінеді. ТЖ 120 рет минутына, АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
Асқазан-ішектен қан кету
Өкпеден қан кету
Кеуде клеткасына енген жарақат
ӨАТЭ
өкпе ісінуі
2. 82 жастағы науқас В.,тәулігіне 1 стаканнан артық бөлінетін сирек жөтелге, кеуде клеткасындағы ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен: бірнеще жылдан бері ауырады, 1 ай ішінде дене салмағы және тәбеті бірден төмендеген. Кезеңді түрде стационарлық ем, соның ішінде химиотерапия қабылдайды. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Науқас жүдеген. Тері жамылғысы бозғылт. Қайғырған бет бейнесі. Өкпесінде қатаң тыныс, жоғарғы бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 100 соққы, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Өкпе рагы, өкпеден қан кетумен асқынған
асқазан рагы, асқазаннан қан кетумен асқынған
Кеуде клеткасына енген жарақат
Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік
ӨАТЭ
3.70 жастағы науқас П., көп мөлшерде алқызыл түсті қанның бөлінуімен қатар жөтелге шағымданады. Анамнезінен: бронхөкпелік аурумен ұзақ мерзім бойында ауырады. Объективті: тері жамылғысы жер тәріздес реңмен қосарласқан бозғылттау. Өкпесінде қатаң тыныс, ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 90/60 мм.сын.бағ. Бұл жағдайда қандай препаратты тағайындауға болмайды?
викасол
аминокапрон қышқылы
дицинон
Кальций хлорид
гепарин
4. 56 жасар науқас А., ес-түссіз күйінде көшеден табылды. Кеуде клеткасының тұсында көйлегінде қан ізі анықталады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр.кахексиялы. Тері жамылғысы бозғылт .Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған. Қолының саусақтарының басы «барабан таяқшалары» тәрізді. Қарап тексеру кезінде ауыз қуысында қан аралас сілекей қалдықтары анықталды. Өкпесінің оң жағында везикулярлы тыныс әлсіреген, майдакөпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 120 рет, АҚҚ 60/40 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
ӨАТЭ
өкпеден қан кету
Кеуде клеткасына енген жарақат
Асқазан-ішектен қан кету
өкпе ісінуі
5. 40 жылдық темекі шегуден стажы бар науқасты үздіксіз, мазалайтын жөтел, кейде қан аралас, жарты жыл ішінде дене салмағыгың 20 кг азаюы, әлсіздік, физикалық жүктеме кезіндегі ентігу, нейтрофилез, тромбоцитоз және ЭТЖ жоғарлауы мазалайды. Аталған шағымдар қандай сырқатқа күмәндандырады?
Бөліктік пневмония
Бронх демікпесі
Өкпе рагы
ӨАТЭ
СӨОА
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№4 сабақ. Тақырыбы: ЖРВИ
Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда жедел респираторлы вирустық инфекциялардың диагностика және жедел жәрдем дағдыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
1.Студенттерді ЖРВИ этиологиясымен таныстыру
2. Студенттерді ЖРВИ клиникасымен және диагностикасымен таныстыру
3. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда ЖРВИ емдеу тізбегімен таныстыру
4. студенттерді ЖРВИ асқынуларымен таныстыру
5. Студенттерді балалардағы ЖРВИ ағым ерекшеліктерімен таныстыру
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. ЖРВИ этиологиясы, жіктелуі
2. жедел респираторлы вирустық инфекциялардың клиникасы.
3. Тұмаудың және тағы басқа да ЖРВИ салыстырмалы диагностикалық сипаты
4.ЖРВИ асқынулары
5. Ауруханаға дейінгі сатыда ЖРВИ диагностикалық және емдік тізбегі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
3. Жедел медициналық жәрдем . Тұрланов Қ.М., Қалқабаева С.А., -Алматы.,2010, 452б
4. Неотложная терапия в пульмонологии. Под ред И.Г. Фомина., В.Ф. Маринин М.., 2003г, 248 с.
5. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ахметова Г.Ж. Оқу құралы., Алматы, 2004.-60 б.
6. Балалардағы жіті тыныс жетіспеушілігі. Ишмухаметова Э.Ф. Оқу құралы., Алматы, 2007.-60б.
Бақылау:
Тестілер
1.ЖРВИ ең жиі кездесетін таралу жолы :
алиментарлы
ауа-тамшылы
контактты
жыныстық
қан құю кезінде
2. Балаларда ЖРВИ абдоминальды түріне тән:
жөтел
интоксикация
тамақтың ауыру
ентігу
іштің ауыру
3. Төменде аталған аурулардың қайсысы нейротоксикозбен асқынбайды:
тұмау
ЖРВИ
сальмонеллез
менингит
көк жөтел
4. Нейротоксикоздың ең айқын клиникалық көрінісі қандай жастағы балаларда кездеседі?
5-7 жас
3 жасқа дейін
10-15 жас
7 жастан жоғары
1 айға дейінгі балаларда
5. ЖРВИ ауырған балаларда гипертермиямен күресу үшін қолдануға болады:
кестин
эуфиллин
дроперидол
парацетамол
дибазол
6. ЖРВИ ауырған балаларда тырысу синдромын жою үшін қолданылады:
димедрол
преднизолон
седуксен
парацетамол
дибазол
7. Нейротоксикоз бұл төмендегілердің қосылысы:
ОЖЖ инфекциялық және токсикалық зақымдалуы
ОЖЖ токсикалық және механикалық зақымдалуы
ОЖЖ токсикалық және метаболикалық зақымдалуы
ОЖЖ инфекциялық және механикалық зақымдалуы
ОЖЖ инфекциялық және гидродинамикалық зақымдалуы
8. Сәбилерде кездесетін тырысудың ең жиі себебі - бұл
A. іріңді менингит
B. эпилепсия
C. жедел улану
D. вирусты инфекциялар кезінде энцефаликалық реакция
E. ОЖЖ жарақаты
9. Балаларда гипертермияны жоюға бағытталған терапияны неден бастау қажет
A .қызбаны түсіретін препараттарды енгізуден
B.суытудың физикалық әдістерінен
C. аминазин және пипольфен енгізуден
D. дроперидол енгізуден
E. азот қышқыл тотығын ингаляциялаудан
10.Тұмау кезінде инфекция көзі болып табылады
Науқас адам
Реконвалесцент
Жануарлар
Құстар
Кеміргіштер
11. ОРВИ кезінде кездеспейтін симптомды көрсетіңіз:
бас ауруы
гипертермия
мұрыннан су ағу
полиурия
тырысулар
12. Төменде аталғандардың ішінде нейротоксикозда жүргізілмейтін емді атаңыз
тырысуға қарсы
десенсибилизациялық еме
дегидратациялық ем
дезинтоксикациялық ем
нейропротекция
13. Нейротоксикозбен науқастың жүрек қызметі күрт нашарлап немесе күрт тахикардия басталса, қандай дәріні енгізген жөн:
преднизолон
фуросемид
строфантин
изоптин
лидокаин
14. Нейротоксикоздың синонимы болып табылады:
жұқпалы токсикалық шок
токсикалық энцефалопатия
менинго энцефалит
энцефалды реакция
септицемия
15. ОРВИ кезінде асқынуларға жатпайды:
гипертермиялық синдром
эксикоз
нейротоксикоз
фебрильді тырысулар
көмей стенозы
Ситуациялық есептер
1. Бала 2 жаста, жедел ауырды, температура 39ºC, сирек тыныс алады, тұншығу, жіптәрізді пульс, брадикардия, тырысу. Болжам диагноз:
ЖРВИ, обструктивті бронхит
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІІ дәрежеде
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІІ дәрежеде
ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы ІҮ дәрежеде*
Жоғарғы тыныс жолдарындағы бөгде зат
2. Бір жасар бала кенеттен ауырып қалды, температурасы 38,9°С, қозғыштық, жиі үрген тәрізді жөтел, инспираторлы ентігу, тахипноэ 60 мин., тынысы шулы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен. Болжам диагнозыңыз:
ЖРВИ, обструктивті бронхит
ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының II дәрежесі*
ЖРВИ, бронхопневмония
ЖРВИ, ларинготрахеит, кеңірдек стенозының I дәрежесі
жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат
3. ЖРВИ ауырған 5 жасар баланың жағдайы күрт нашарлап кетті, жоғары қызба (39°С. фонында тырысулар пайда болды
Оған тырысуға қарсы дәрі енгізу керек:
хлоралгидрат
кальций глюконаты
седуксен
магний сульфаты
люминал
4. Науқас К., 15 жаста. Аз шырышты қақырықты жөтелге, ентігуге, діріл кеуде клеткасында ауыру сезіміне шағымданады. Суық тиіп, жіті ауырған. Температурасы 38,7 С. ТЖ – 22 минутына. Өкпе аускультациясы: оң өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды орташа және майдакөпіршікті сырылдар. Болжам диагнозыңыз:
оң жақтық төменгі бөлікті пневмония
жіті бронхит
жіті плеврит
өкпе туберкулезі
бронх демікпесі
5. Бала 2 жаста. ЖРВИ ауырған. 5-күні кешке жағдайы нашарлай бастаған: «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауымен ентігу, дауысының қарлығуы пайда болған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Аталған препараттың қайсысын енгізген жөн?
седуксен
димедрол
преднизолон
сальбутамол
парацетамол
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№4 сабақ.
Тақырыбы: Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы
Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясының диагностикасы және жедел жәрдем дағыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
Студенттерді жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясына алып келетін негізгі факторлармен таныстыру.
Студенттерді жоғарғы тыныс жолдары стенозының клиникалық көрінісімен таныстыру.
Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдарының бөгде денелері диагностикасымен таныстыру.
жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде жедел жәрдем көрсетудің тәжірибелік дағдыларын дамыту.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тыныс жолдарының обструкциясына алып келетін патологиялық жағдайлар.
Жоғарғы тыныс жолдары стенозының дәрежелері.
Жоғарғы тыныс жолдарына бөгде денелер түскенде тыныс жолдары обструкциясының диагностикасы
Ауруханаға дейінгі сатыда жоғарғы тыныс жолдары обструкциясының диагностикасы және емінің тізбегі.
Оқыту әдістері: ауызша сұрау, тестілеу, аз топтар арасында жұмыс істеу, дискуссиялар, презентациялар, кері байланыс .
Әдебиеттер:
1. Руководство по скорой медицинской помощи + CD/ под ред. Багненко
С.Ф., Верткина А.Л., Мирошниченко А.Г., Хубутия М.Ш. - М., 2008, 816 с.
2. Руководство по скорой медицинской помощи. Под ред.
В.М.Михайловича, 2007. =704.
Бақылау:
Тестілер
1. Жоғары тыныс жолдарын бөгде заттардан тазарту үшін қолданылатын әдістер:
Селлик
Мендельсон
Сафар
Геймлих
Бобров
2. Геймлих әдісі нәтижесіз болғанда сіздің іс-әрекетіңіз ?
кеңірдек интубациясын орындау
ӨЖЖ жүргізуді бастау
жүректің сыртқы массажын жасауға кірісу
коникопункцию
мұрындық ауаүрлегішті енгізу
3. Тыныс жолдары обструкциясы кезінде бөгде заттар көбіне қай жерде тұрып қалады?
жұтқыншақта
кеңірдекте
көмейде
бронхтарда
мұрын қуысында
4. Heimlich әдісін орындау кезде жыртылып кетуі мүмкін анатомиялық құрылым
жүрек
асқазан
өкпе
бүйрек
қуық
5. Жоғарғы тыныс жолдарында бөгде зат кездескенде жасауға болмайтын әдіс:
жауырын аралық аймақты ұрғылау
ауа үрлегіш түтікті енгізу
коникотомия
трахеостомия
Heimlich әдісі
6. Көмейге бөгде зат түскен жағдайда ауруханаға дейінгі кезеңде қандай емдік іс-шара ең алдымен орындалу қажет:
ларингоскоп көмегімен бөгде затты алып тастау
профильді стационарға жедел госпитализациялау
жедел трахеостомия
Геймлих әдісі
оттегі ингаляциясы
7. Комада жатқан науқастарда жоғары тыныс жолдарының обструкциясының ең таралған себебі:
көмей –жұтқыншақтың бөгде заты
тіл түбірінің түсіп кетуі
ларингоспазм
ауыз жұтқыншақта трахеобронхиальды секреттің жиналуы
эпиглоттит
8. Кеңірдек интубациясы мына жағдайдың БІРЕУІНДЕ ғана жүргізіледі:
бассүйек негізінің сынығында
омыртқаның мойын бөлімінің сынығында
тахипное 40 аса
көмей –жұтқыншақтың бөгде затпен обструкциясы
көмей ісінуінде
9. Бөгде затпен шақырылған жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы кезінде патогномды симптом:
тұншығу
ентігу
ұстамалы жөтел
дене температурасының жоғарлауы
кеуде торындағы ауыру сезімі
10. Жіті стенозды ларинготрахеит дамыған кезде балаларда жоғарғы тыныс жолдарының стенозына тән емес клиникалық белгі:
инспираторлы ентігу
тыныс алуға көмекші бұлшықеттердің қатысуы
жоғары қызба
цианоз
тахикардия
11. Мұрын қуысындағы бөгде заттың болуын анықтайтын ең аз белгі
А. ауаның жетіспеуі
В. түшкіру
С. көз жасының ағуы
D. жағымсыз иісті бір жақты іріңді мұрынның бітелуі
Е. бір жақты мұрынмен демалудың қиындауы
12. Тұншығу белгілері бар бала дем алғанда шапалақ соққандай шулы дыбыс естіледі. Бұл шулық феномен неге байланысты?
А. бөгде зат пен ауызжұтқыншақ қабырғасының арасынан шыққан ауаға
В. дем алғанда таңдай пердесінің қимылдауымен
С. түсіп кеткен тілдің қимылымен
D. таңдайға бөгде заттың соғылуына
Е. кеңірдекте бөгде заттың қимылдауына
13. Кеңірдекте бөгде заттың аспирациясы кезінде ең жағымсыз болжамды белгісі:
А. дыбыс байламдарының спазмы
В. ұстамалы ентігу
С. қан қақырықты жөтел
D. жұтқанда ауыру сезімі
Е. мойынның ауыруы
14. Балаларда жоғарғы тыныс жолдары (ЖТЖ.обструкциясының ең жиі себебі :
А. ЖТЖ күйіктері
В. ЖТЖ қабыну үрдістері
С. тыныс жолдарына қан кету
D. жоғарғы тыныс жолдарының аллергиялық ісінуі
Е. тыныс жолдарының жарақаты
15. Кеңірдекте бөгде затты сипаттайтын негізгі симптом:
А. ұстамалы, көкжөтел тәрізді жөтел
В. кеңірдекте бөгде заттың қозғалуы
С. ентігу
D. кеңірдекте бөгде заттың симптомсыз орналасуы
Е. ауа жетіспеу сезімі
Жағдайлық есептер
1. 1,5 жасар балада денсаулығының қалыпты фонында , кенет ойнап жүріп тырыспалы жөтел ұстамасы басталды. Мазасызданғанда күшейетін және ұйықтағанда жойылатын ентігу пайда болды. Рентгенограммада: бір жақты эмфизема. Болжам диагнозыңыз:
жалған круп ұстамасы
жіті бронхит
пневмония
тыныс жолдарының бөгде заты
БД ұстамасы
2. 3 жасар баланы тұншығу сезімі, «үрген» тәрізді жөтел, дем алудың қиындауымен ентігу мазалайды. Анамнезінде: жедел ауырған, апта бойында дене температурасы жоғарлаған, мұрыннан бөлінді, буындардағы ауру сезімі, әлсіздік мазалаған. Жалпы жағдайы кенет нашарлаған: жедел тұншығу, «үрлеген» жөтел, дауыстың қарлығуы дамыған. Объективті: бала мазасыз, тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы бозғылт. Шулы тыныс алыстан естіледі. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 90 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
Жедел бронхит
СӨОА өршуі
демікпелік статус
пневмония
көмей стенозы, компенсацияның толық емес сатысы
3. 3 жасар бала жағдайының ауырлығына байланысты шағымданбайды. Анамнезінде: ата-анасының айтуы бойынша бала жедел ауырған, апта бойында дене температурасы жоғарлаған, мұрыннан бөлінді, буындардағы ауру сезімі, әлсіздік мазалаған. Жалпы жағдайы кенет нашарлаған: жедел тұншығу, «үрлеген» жөтел, дауыстың қарлығуы дамыған. Объективті: бала тежелген, қоршағандарға мән бермейді. Қарашықтарының кеңеюі анықталады. Тыныс алу актысына мойын және кеуде бұлшықеттері белсенді қатысады. Аздаған физикалық жүктеме кезінде дем алу сатысында бұғана үсті, бұғана асты кеңістіктерінің, мойындырық шұңқырының, қабырға аралықтарының, эпигастральды аймақтың тартылуы байқалады. Тері жамылғысы сұр бозғылт. Алыстан естілетін беткей, үзілісті тыныс. Өкпе аускультациясында везикулярлы тыныс. Жүрек тондары анық, ырғақты. ЖСЖ 140 рет, АҚҚ 100/70 мм.сын.бағ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
A. жедел бронхит
B. СӨОА өршуі
C. демікпелік статус
D. пневмония
E. көмей стенозы, терминальды сатысы (асфиксия.
4. 2 жастағы бала тамақ ішіп отырып қақалып, көгере бастады. Тынысы шулы, стенозды.Науқас есін жоғалта бастады. ЖЖБ дәрігері тыныс алу жолдарында бөгде заттың тұрып қалуына күмәнданды. Ауруханаға дейінгі кезеңде баланың кеңірдегіне бөгде заттың тұрып қалуына қандай көмек көрсеткіш болады.
ларингоскоп көмегімен бөгде затты алу
бронходилятаторды қолдану, асқазан зондын енгізу.
асфиксия жағдайында тез арада кониктомия немесе трахеостомия, оксигенотерапия.
гормональды дәрілік заттарды және антиоксидантарды бұлшық етке немесе көктамырға енгізу.
ӨЖЖ, тыныстық антиоксидантарды тағайындау.
5. 4 жастағы бала ЖРВИ ауырғанан кейін жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригадасын шақырды. Қарап тексергенде инспираторлы ентігу, үргендей жөтел, дауысының қарлығуы анықталды.Бала қозулы, тынымсыз,тыныс алу актісінде мойын және кеуде торшасының бұлшық етттері қатысады. айқын аздаған физикалық күштемеден кейін тыныс шығару кезінде эпигастрия аймағы қабырға аралық, яремни ойық, бұғана асты және үсті кеңістіктің вытяж байқалады.Алыстан естілетін шулы тыныс. Болжам диагноз қойылды: ЖРВИ, ларинготрахеит, 2 дәрежелі көмекей стенозы.
Дұрыс емді таңдаңыз.
преднизолон,седуксен, оксигенотерпия
жылы сілтілі сұйықтық, эуфиллин, оксигенотерпия
седуксен, эуфиллин,оксигенотерапия
жылы сілтілі сұйықтық, эуфиллин, преднизолон
седуксен, жылы сілтілі сұйықтық, оксигенотерпия
№3 Блок. Пульмонологиядағы шұғыл жағдайлар
№5 сабақ.
Тақырыбы: Демікпелік статус.
Мақсаты: ауруханаға дейінгі сатыда демікпелік статустың диагноз қою және емдеу дағдыларын студенттерде дамыту.
Оқыту міндеттері:
1.Студенттерді демікпелік статус түсінігімен таныстыру.
2.Студенттерді демікпелік жағдайдың жіктелуімен таныстыру.
3. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда демікпелік статустың І дәрежесінің клиникасы және емдеу тізбегімен таныстыру.
4. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда демікпелік статустың ІІ дәрежесінің клиникасы және емдеу тізбегімен таныстыру .
5. Студенттерді ауруханаға дейінгі сатыда демікпелік статустың ІІІ дәрежесінің клиникасы және емдеу тізбегімен таныстыру .
6. Студенттерді кеңірдек интубациясы, ӨЖЖ және ауруханаға жатқызуға көрсеткіштермен таныстыру.
7. Студенттерді балалардағы демікпелік статустың ағым ерекшелігімен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |