Жедел медициналық көмек дәрігерінің клиникалық ойлауы Dr. Wu K



бет1/3
Дата07.05.2017
өлшемі200,41 Kb.
#16172
  1   2   3
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру. Тайвань ұлттық университеті, медицина мектебі, Тайвань 2013 ж. 30 қыркүйек – 22 қараша
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті интернатура факультетінің №2 Ішкі аурулар бағыты бойынша «Жалпы медицина» мамандығының 727 топ студенті Ш.М.Мұратова, Тайвань ұлттық университетінің медицина мектебінде (www.med.ntu.edu.tw) жедел және кідіріссіз медициналық көмек (Emergency medicine) және радиология (Radiology) бойынша элективті курстан өтті.

Тайвань ұлттық университеті медицина мектебінің негізін 1897 жылы осы кезеңде Тайваньды басқарған Жапония үкіметі қалады. Медицина мектебі жалпы 28 факультеттен, 10 институттан құралған. Профессорлық-оқытушылық құрамға 260 штаттық оқытушы, 74 клиникалық оқытушы және 412 қоса атқарушы оқытушы кіреді.

Оқу бағдарламасы 7 жылдық. Мектептегі жеті жылдық медициналық білімнің құрамына: алдын ала медициналық курстар (2), іргелі медицина курстары (2), клиникалық медицина курстары (2) және университет клиникасындағы 1 жыл тағылымдама (интернатура) кіреді.

Курстардың ұзақтығы: жедел және кідіріссіз медициналық көмек (Emergency medicine) - 4 апта (30/09/13-25/10/13); радиология (Radiology) - 4 апта (28/10/13-22/11/13).

Жедел және кідіріссіз медициналық көмек курсы (Emergency medicine) практикалық және теориялық дағдылармен алмасып отырды (аптасына 3 күн аудиториялық және қабылдау бөлмесінде 2 күн практикалық сабақ).

Студенттер әр сабақта ауру этиологиясын, патогенезін, клиникасын, емделуі мен жедел және кідіріссіз медициналық көмек жағдайындағы науқастарды одан әрі қадағалап қарауды талқылады. Оқу-әдістемелік орталықта Sieman маникенінде тақырып бойынша оқулар өткізілді. Мынадай тақырыптар бойынша аудиториялық сабақтар өткізілді:



  • Жедел медициналық көмек қызметі - Dr. Chang H.

  • Жедел медициналық көмек дәрігерінің клиникалық ойлауы - Dr. Wu K.

  • Жедел және кідіріссіз медициналық көмек бөлімшесіндегі басқару - Dr. Li J.

  • Шұғыл медициналық көмек және апат медицинасы жүйесі - Dr. Wong M.

  • Токсикология - Dr. Cheng K.

  • Пневмоторакс және демікпе - Dr. Lu T.,

  • Жаппай жазатайым оқиға - Dr. Liu C.

  • Бүйрек жеткіліксіздігі, несептас ауруы - Dr. Huang Y.,

  • Бас жарақаты, инсультке қатысты хирургия - Dr. Chang C.

  • Жедел және кідіріссіз медициналық көмек бөлімшесіндегі педиатриялық пациенттерді бағалау - Dr. Shin Y.

  • Жіті абдоминальді ауырсыну - Dr. Ma J.

  • Күйік жарақаты - Dr. Chang C.

  • Қызба, қанды қақырықты жөтел, ентікпе - Dr. Lee M.,

  • Балалардағы қызба және абдоминальді ауырсыну - Dr. Peng Sh.

Радиология курсы (Radiology) да практикалық және теориялық дағдылармен алмасып отырды (аптасына 10 аудиториялық және практикалық сабақтар). Студенттер, ең алдымен, ең жаңа диагностикалық құрал-жабдықтар пайдаланылатын радиология бөлімшесінің жоғары жабдықталғандығын атап көрсетті.

Радиология бөлімшесінің жабдықталуы: интенсивті терапия палаталары мен бөлімшелерінде орналастырылған 5 магниттік-резонансты машина, оның ішінде үшеуі 1.5T және екеуі 3T; 6 компьютерлік томограф, біреуі 256 – кескінді МСКТ, екеуі 64 - кескінді МСКТ, екеуі 16 - кескінді МСКТ және бір спиралді КТ; 3 ангиографиялық машина; 1 балаларға арналған рентгеноскопиялық машинаны қоса алғанда, 3 рентгеноскопиялық машина; 3 маммографиялық машина; 16 рентген аппараты және 7 портативті рентген аппараты.

Әр сабақта студенттер шолу рентгенограммасында, компьютерлік томографта (КТ), магниттік-резонансты томографияда (МРТ) және УДЗ-да нормада және патологиядағы органдар мен жүйелердің анатомиялық және топографиялық ерекшеліктерін талқыланды. Курста барлық радиологиялық зерттеу әдістерінің негізгі мәселелері, ерекшеліктері мен бала жасындағы радиологиялық ерекшеліктер көтерілді.

Барлық диагностикалық және емдеу әдістері дәлелді медицина (Кокрандық және ДДҰ) мен қазіргі ұсынынымдарға негізделген (АҚШ, Жапония және Ұлыбритания). Тақырып SBL және TBL әдісімен меңгерілді. Дәрігерлермен клиникалық жағдайларды талқылау студенттің клиникалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Барлық аудиториялық және практикалық сабақтар екі тілде, ағылшын және қытай тілінде өткізілді.

Курс барысында студенттер қызықты және қиын жағдайлар, сондай-ақ қабылдау бөлмесі мен радиология бөлімшесі дәрігерлерінің жұмысы талқыланған таңғы конференцияларға қатысты.

Ауруханадағы атмосфера өте жағымды, барлығы дәрігер мен студенттің арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген. Барлық студенттер мен дәрігерлер жоғарғы деңгейде ағылшын тілін меңгерген.



Барлық өткізілген элективті курстар өте қызықты болды. Бұл дәрігердің күнделікті өміріндегі қажетті кәсіби және коммуникативтік дағдыларды жақсартуға мүмкіндік берді, сондай-ақ одан әрі өзін-өзі жетілдіруге түрткі болды.
Ш.М.Мұратова



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет