Жеңіл ақыл- ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің сыныптары үшін «Жалпы еңбек дайындығы»



бет1/4
Дата26.05.2022
өлшемі47,71 Kb.
#145169
түріБағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
145 Жалпы енбек дайындыгы
Педагогика точно келетін (1) (2), қмж тізім 04.07, таңдау курсы 10-11, 6- сынып Қонбаева А, Болатбек Д, 3-ОШ ФО Англ.яз 8кл Часть 1 1-2 четв (1), 1666965135


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 352 бұйрығына 145- қосымша

Қазақстан Республикасы


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына 363-қосымша
Жеңіл ақыл- ой кемістігі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5 - 6 сыныптары үшін «Жалпы еңбек дайындығы»
пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы
1 - тарау. Түсінік хат


1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу пәнінің мақсаты - білім алушылардың қызығушылықтары мен психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, болашақ мамандық түрін саналы түрде өздігінен таңдауға үйрету болып табылады.
3. Оқу пәнінің міндеттері:
1) жалпы еңбектік икемділіктер мен дағдыларды: үлгіні талдай, тапсырмада бағдарлай, алдағы тұрған әрекетті жоспарлай, ағымды және қорытынды еңбек нәтижесін бақылай білулерін қалыптастыру;
2) білім алушыларды тәртіптік талаптарды сақтауға, еңбек процесіндегі өзара әрекеттестікте сөйлеу тілін пайдалануға, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, бұйымның мүмкін болатын ең жоғары сапасына қол жеткізуге үйрету;
3) еңбек әрекетінің уәжділік деңгейін арттыру және еңбекке қажетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
4) білім алушыларды еңбектің әртүрлі түрлеріне қатысты жұмыстармен таныстыру;
5) жұмыс тәсілдеріне үйрету процесінде қимылдық еңбек дағдыларын қалыптастыру, зерделенетін технологиялық операцияларды орындауды меңгерту;
6) білім алушылардың ауызша және жазба нұсқаулықтарды, әртүрлі көрнекіліктерді пайдалана отырып, тапсырмаларда бағдарлай білулерін дамыту;
7) кәсіптік тұрғыда өзін анықтай білумен қамтамасыз ету.
4. Жалпы еңбекке дайындық сабақтары болашақтағы кәсіптік-еңбекке оқытуға арналған дайындық кәсіптік диагностикалық және кәсіптік бағдарлық болып табылады.
5. Оқыту білім беру ұйымының мүмкіндігіне қарай бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Балалардың қызығушылықтары, икемділіктері мен қабілеттері зерделенеді.
6. Жалпы еңбекке дайындау сабақтарында білім алушыларға:
1) кәсіптік қызметтің нақты түрлері туралы негізгі мәліметтер хабарланады;
2) әртүрлі кәсіптік қызметтердің негізгі элементтері үлгіленеді;
3) әр оқушының қандай да бір еңбек түрінің тапсырмаларын орындауға деген дайындық деңгейі анықталады;
4) оқу тапсырмаларын сапалы түрде орындауға қажетті жағдаймен қамтамасыз етіледі.
7. Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 8 сағат, оқу жылында 272 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 8 сағат, оқу жылында 272 сағат.
8. «Жалпы еңбекке дайындығы» пәні бір мезгілде еңбектің бірнеше түрін зерделеуді ұсынады. Мысалы, ағаш ұсталық ісі – аптасына 5 сағат, ҮМИК жұмысшысы аптасына 3 сағат, барлығы 8 сағат немесе тігін ісі аптасына
3 сағат, шаштараз өнерінің негіздері аптасына 3 сағат, қызмет көрсетуші кіші қызметкер аптасына 2 сағат, барлығы 8 сағат.
9. «Жалпы еңбекке дайындығы» курсы бойынша жұмыс бағдарламаларын құрған кезде әрбір еңбек түріне келесі тараулар енгізіледі:
1) кіріспе сабақ: шеберханадағы тәртіп ережелері; құралдар мен жұмыс орындарын бекіту; жұмыстағы қауіпсіздік ережелер туралы нұсқаулық, кәсіп туралы жалпы мәліметтер, кәсіптік маңызды қасиеттер; медициналық қарама-қарсылық, тоқсандық жұмыс жоспарымен танысу, бұрынғы өткен сабақтарды талдау;
2) таңдаған бағыт бойынша өндіріске, көрмеге экскурсия;
3) зертханалық жұмыстар;
4) материал тану;
5) практикалық қайталау;
6) дербес жұмыс;
7) кәсіптік сынама жүргізу.
10. Еңбектің әрбір түріне оқыту қорытындысы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қамтитын кәсіптік сынама жүргізіледі.
11. Жалпы еңбекке дайындық курсы аяқталғаннан кейін білім алушылардың және олардың ата-анасының (немесе олардың орнындағылардың) қалауларын, кәсіптік сынама нәтижелері, еңбек мұғалімі, психолог, дәрігердің ұсыныстары ескеріле отырып, оқушының келесі кезеңде (7-9 сыныптар) оқитын еңбек түрі анықталады.
12. Мектептің әкімшілігі «Жалпы еңбекке дайындығы» пәнінің мазмұнына бағдарламада көрсетілмеген еңбектің басқа да түрлерін ендіруге құқылы. Сонымен бірге, ақыл-ойы кем білім алушыларды оқытуда кәсіпті пән ретінде таңдаудағы басшылыққа алынатын факторлар:
1) кәсіптің аймақта кең таралуы, саланың өзіндік ерекшеліктерінің айқын байқалуы және мектеп бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігінің болуы;
2) мектепте аталған еңбек түрін оқыту үшін қажетті материалдық базаның болуы;
3) ақыл-ойы кем жеткіншектер үшін еңбек түрінің қолжетімділігі;
4) денсаулық үшін қауіпсіздігі.
13. Типтік оқу бағдарламасындағы еңбекке дайындық түрлеріне бөлінген сағаттар саны үлгілік түрде болады. Әрбір сыныпқа жұмыстық оқу бағдарламасы құрылады, сағаттар жергілікті жағдай мен сынып білім алушыларының құрамының ерекшеліктеріне қарай анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет