Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі» (пәнінің атауы) мамандығы бойынша 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»



бет5/55
Дата06.02.2022
өлшемі218,62 Kb.
#82048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
ДТжС-жеңіл-атлетика

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Оқытушы: Муслипова Мадина Казыбеккызы


Мамандық: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
Курс: 1.
Топ: 01(б)
Пән: «Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі»
Пәнге жалпы сағат саны: 44 сағ.
Теориялық сағаттар: 14 сағ.
Тәжірибелік сабақтар: 30 сағ.
Оқу жылы: 2017-2018
Күнтізбелік-тақыптық жоспар оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес құрылды
Дене тәрбиесі, спорттық пәндер және АӘД ПЦК мақұлданды
2017 ж. «5 қыркүйек» № 1 хаттамасы
ПЦК төрағасы: __________


Сабақ №



Тараулар мен тақырыптар атауы

Сағат саны

Күнтізбелік мерзімдері

Сабақтар типі мен түрі

Көрнекі құралдар

Үй тапсырмасы
Әдебиет




1

Жеңіл атлетиканы дамыту спорт түрінің бірі ретінде

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (теориялық)
дәріс сабағы

Сұлба (топтастыру)

Н: 1,2,4
Д: 1,3

2

Жеңіл атлетиканың қазіргі жағдайы

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (теориялық)
дәріс сабағы

Сұлба, плакаттар

О: 1,2,4
Д: 1

3

Қазақстанда жеңіл атлетиканың дамуы

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (теориялық)

Плакаттар

О: 1,2,3,4
Д: 1,3

4

Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Жүру және жүгіру.

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (теориялық)

Плакаттар

О: 1,2,4
Д: 1,3

5

Жүру және жүгіру түрлері

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (теориялық)

Плакаттар

О: 1,2,3
Д: 3

6

Ж/а бақылау нормативтері

2




Тәжірибелік сабағы

Оқу нормативтер




7

Спорттық жүру және жүгірудің техникалық негіздері

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

кәртішкелер

О: 1,2,5,6
Д: 2,4

8

Қысқа дистанцияларға жүгіру техникасы. Старт және финиш. 30-60-100-200-400 метрге жүгіру

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

кәртішкелер

О: 1,2,3,4
Д: 1,3

9

Орта және ұзақ дистанцияларына әдістеме негіздері

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

кәртішкелер

О: 1,2,5,6
Д: 2,4

10

4х60 м, 4х100 м эстафеталық жүгіру

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

кәртішкелер

О: 1,2,3,4
Д: 1,3

11

Кедергімен жүгіру

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)



кәртішкелер

Н: 1,2,5,6
Қ: 1,3

12

Орта және ұзақ дистанцияларға жүгіру: 800, 1000, 1500, 2000, 3000 м

2




Жаңа материалды жетілдіру (тәжірибелік)

сұлбалар

Н: 1,2,3,4
Қ: 1,3

13

Секіру әдістері мен сипаттары

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

кәртішкелер

Н: 1,2,5,6
Қ: 1,3

14

Секіру түрлері. Секіру биіктігі мен ұзындығына әсер ететін факторлар

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

сұлбалар

Н: 1,2,3
Қ: 1,4

15

Биіктігі және ұзындығы бойынша секіру сипаттамасы

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (теориялық)

сұлбалар

Н: 1,2,3
Қ: 1,4

16

Екпінмен биіктікке секіру: «аттау», «фосбери-флоб», «аудармалы»

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (теориялық)

сұлбалар

Н: 1,2,3,1
Қ: 1,4

17

Екпінмен биіктікке секіру: қарқын алу, серпу, тақтайша астымен өту және жерге қону

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)



сұлбалар

Н: 1,3
Қ: 2,4

18

Екпінмен ұзындығына секіру: «аяқтарын бүгу», «қайшы», «бүгілу»

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

плакаттар

Н: 1,2,5,6
Қ: 1,3

19

Үш мәрте секіру: екпінмен жүгіру, секіру, қадам, жерден серпу, ұшу және жерге қону

2




Жаңа материалды қайталау сабағы (тәжірибелік)

плакаттар

Н: 1,2,5,6
Қ: 1,3

20

Жарақаттануды алдын алу және жарыс ережелері

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

сұлбалар

Н: 1,2,5,6
Қ: 2,4

21

Шағын допты, гранатаны лақтыру және ядроны итеру.Бақылау жұмысы.

2




Жаңа материалды қайталау сабағы (тәжірибелік)

сұлбалар

Н: 1,2,5,6
Қ: 1,3

22

Лақтырудың негізгі техникасы. Лақтыру техникасы мен әдістеріне оқыту

2




Жаңа материалды оқыту сабағы (тәжірибелік)

сұлбалар

Н: 1,2,5,6
Қ: 2,4




Барлығы

44














Пайдаланған әдебиеттері.
Негізгі әдебиеттер:

  1. А.И.Жилкин, В.С.Кузьмин, Е.В.Сидорчук

  2. легкая атлетика» Мәскеу 2005 ж.

  3. В.И.Лахов, В.И.Коваль, В.Л.Сечкин «Организация и судейство соревнований по легкой атлетике» Мәскеу 2004 ж.

Қосымша әдебиет:
1. ҚР Білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты.
2. «Стратегия-2030» - Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы
3. ҚР Үкіметінің қаулысы, 1998 ж.
4 .ҚР «Білім туралы» Заңы, «ҚР азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» ҚР Заңы.
5. ҚР Конституциясы
6. ҚР «Дене тәрбиесі туралы» 1999 ж. 2 желтоқсандағы № 490-1 Заңы.
7. ҚР 2009-2012 жылдарға арналған бірыңғай спорттық топтастыру
8. ҚР Конституциясы
9. Мектептегі дене тәрбиесі. 2006-2009 жылдарға арналған Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы.



Тақырып - 1
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетиканы дамыту спорт түрінің бірі ретінде
Жоспар:
1. Жеңіл атлетиканың тарихы
2. Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ
3. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың шапшаңдылық,төзімділік дағдыларын қалыптастыру.жеңіл атлетика спортына деген қызығушылығын арттыру және кросқа дайындық.
Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.
Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті 
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды. 
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе білді. 
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс. 
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады. 
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру. 
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту. 
Сөре және мәре. Жарыс барысында сөреден шығу үшін жүгіруші төменгі және биік сөре жағдайында тұрады. Қысқа қашықтыққа жүгіргенде төменгі сөре жағдайында тұрады. Орта және ұзын қашықтыққа жүгіргенде биік сөре жағдайында тұрады. Төменгі және биік сөреде жүгіріп шығу әдіс-тәсілін студенттер мектеп бағдарламасынан оқып кеткендіктен, оған қайтадан оралмадық. 
Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығуы — жүгіру. Ол жеңіл атлетиканың барлық жаттығуларында қолдана­ды. Сондықтан, кім болсын, жеңіл атлетикамен шұғылданғанда, ең алдымен жүгірудің айла-тәсілін меңгеруі керек. 
Жүру. Адам баласының табиғи жүруі бар. Екінші — жүрудің спорттық түрі бар. Әрине, екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Спорттық жүрістің негізгі ережесі, әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл жағдайға кез келген спортшы қалыптасып үйрене бермейді. Табиғи жүрісте көтеріліп кететін фазасы болады. Яғни, жүгірудің алғы шарты орындалады. Спорттың жүріспен жарысқа қатысқан спортшы жүгіріп кетпес үшін көтеріліп кететін фазасын төрешілер мұқият қадағалайды. 
Әдетте, жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса, жылдамдықтан көп ұтады. Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз. Ал жоғарғы сөре жүгіріс әдіс-тәсілін меңгеруге айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бірақ орта және ұзақ қашықтыққа жүгіргенде аяқты көтеріп алып, алға соза басудың өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, біреу қысқа адымдайды, енді біреу жүгіргенде адымын ашады. Жүгірушінің жылдамдығы, міне, негізінен осы жағдайдың орындалуына байланысты. Осыған орай мынандай жаттығуларды орындауға болады: 
белгілі бір қашықтықты (400, 800, 1000 м) бір темппен жүгіріп өту (бірнеше рет қайталау);20-30 м қашықтықты өте жоғары жылдамдықпен жүгіріп өту. 6-8 рет қайталанады;соқпақ жолды бір темппен жүгіріп өту (1000, 2000. 3000 м);белгілі бір қашықтықты тізені көтеріп жүгіріп өту;аяқтың өкшесімен ғана жүгіру;аяқтың ұшымен жүгіру;жүреден отырып жүгіру;сыңар аяқтап секіріп, жүгіру;қысқа қашықтыққа төменгі сөреден шығып, жоғары жылдамдықпенжүгіру (20, 30, 40 м);қолды жерге тіремей төменгі сөреден жүгіріп шығу;белгілі бір қашықтықты аяқты артқа сілтеп жүгіру;белгілі бір қашықтықты арқамен алдыға қарап жүгіріп өту;30-40 м қашықтықты екі аяқтап секіріп жүгіру;30-40 м қашықтықты орында тұрып секіріп өту;30-40 м қашықтықты жүреден отырып жүріп өту. 
Биіктікке секіру. 
Биіктіктен секіру үшін спортшы ең әуелі сілтейтін және итерілетін аяқты анықтап алады. Шамамен 7-9 м жүгіретін жерін белгілейді. Әдетте, биіктікке секіретін спортшы кермеден секіруге жүгірген кезде аса жоғары жылдамдықпен бастағанымен, кермеге жақындаған кезде жылдамдық төмендейді. Себебі, спортшы секіруге дайындалады.Бүгінде биіктікке секірудің бүкіл әлемге тараған үш түрлі жаттығуы бар. Біріншісі — «аттап» секіру, екіншісі -алдыға қарай «аунап» секіру, үшіншісі — «шалқадан жатып өту». Қазір әлем бойынша ең жоғарғы көрсеткішті -«шалқадан жатып өту» әдісімен орындап отыр. Оқу процесінде қолданылатын секірудің ең қарапайым түрі «аттап» секіру. Сабақта биіктікке секіруді осы «аттап» секіруден бастайды. Секірудің негізгі айла-тәсілін үйрену үшін ең әуелі дұрыс жүгіріп келгенде сілтейтін аяқ дәл шығу керек. Сілтейтін аяқты кермеге қарай созғанда тізе бүгілмеуі керек. Екіншіден, итерілетін аяқ нақтылы өз орнына түсуі керек. Яғни, негізгі мақсат — итерілетін аяқтың қозғалысы дұрыс орындалуы керек. Сонда ғана жаттығудың орындалуы нәтижелі болады. Жаттығуды орындаушы жерге сілтеген аяғымен түседі. Кермеден сілтеген аяқ, өткеннен кейін итерілетін аяң мүмкіндік болғанша жоғары көтеріледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет