Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек



Дата08.02.2022
өлшемі125,59 Kb.
#118309
түріСабақ

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

  • Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:
  • Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.
  • Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.
  • Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.
  • Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.
  • Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.
  • Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.
  • Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері

Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  • Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.
  • Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.
  • 10. Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.
  • Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау жұппен жинау керек.
  • Салқындау ауа райы жағдайында (+15-тен төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет