Жеңіл атлетика, спорттың ең көп



Pdf көрінісі
Дата08.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#118184
Байланысты:
Жеңіл атлетика
Дана Мусахан


Жеңіл атлетика
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп
тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта
жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке
секіру, спорттық снарядтарды лақтыру,
жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді.
Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық
және жабық алаңдарда өтетін жеке,
командалық және эстафеталық
жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл
атлетика федерациясы 1912 жылы
құрылған. Оған қазір 200-ге жуық
ұлттық ассоциациялар біріккен.
Олимпиялық ойындар 1896 жылдан,
дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан
өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика
ойындары өте көнеден белгілі. Ол
ежелгі Олимпия ойындарының
бағдарламасына енген.


Жүгіру
Найза ату 
Жеңіл атлетиканың жуық түрлері
бар.


Жеңіл
атлетиканың
Қазақстанда
дамуы
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс —
Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл
қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш
рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды.
Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында,
дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда
жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен
жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов,
Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев,
В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко,
А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық
ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды.
Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы
Сиднейде өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі
арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді. 


Тарихы
Жеңіл атлетиканың тарихы
ежелгі дүние дәуіріндегі
халықтардың іс әрекетінен
басталады. Табиғи қозғалыстар,
яғни, жүру, тұру, секіру адам
бұлшық еттерінің қозғалысы
адамзат пайда болған дәуірден
бастау алады. Мәліметтерге
сүйенсек, жеңіл атлетикадан
жарыс біздің эрамызға дейінгі
776 жылы өткізілген. Бұл туралы
Ежелгі Грек олимпиада
ойындары туралы жазбаларда
анық жазылған.Сол замандарда
жарыс тек ұзын-сонар алаңда
жүгіру жарысымен шектелген.
Ерлер мен әйелдар арасындағы
бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.


 
1880 жылы Англияда Британ империясының
шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы
негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы
Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы
ашылды. Сол жылдары Америкада
атлетиканың дамуына үлес қосқандардың
басым дені университет ошақтары болды.
1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт
түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл
атлетиканың дамуына орсан жол ашты. Сол
жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына
жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада
америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені
қанжығаларына байлады. Алайда, олардың
қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952
жылдан бастап олимпиада ойындарына
қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың
бірден-бір қарсылары болды.


 
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада
ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің
саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы
жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік
жандар 1999 жылы жаздық әлем
чемпионатында және 2000 жылы Сидней
олимпиадасында жақсы нәтиежеге қол жеткізе
білді.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста
американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см
ұзындықтан секіруден әлем рекортын
жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең
биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл
салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200
м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ
Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық
көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14
жыл қатарынан сақталып тұрды.


Zoho Show
Загрузите Zoho Show из Play Store 
https://zoho.to/cy7
для создания привлекательных
презентаций
Жеңіл атлетика.pdf
(Этот файл PDF сгенерирован в Zoho Show)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет