Жеңіл атлетика тарихы және оның түрлері
Жүгіру техникасын үиреніуге қолайлы болу үшін спортшының қимыл қозғалысын шартты түрде-сөреде тұру және сөрелік екпін алу,қашықтықта жүгіру және мәреге жету деп айырып қарастырады.Төменгі сөре қысқа қашықтыққа жүгіру үшін қолданылады.Төменгі сөреге тұру үшін әр кім өзінің жағдайына қарай колоткаға тұрады.Сөреден шыққан дененің еңкейген жағдайын сақтап қалады.Себебі жылдамдық үдеуі өте жоғары болғандықтан адам алдыға қарай құламайды.Әдетте жүгірудің әдісін білетін спортшылар төменгі сөреден шығудың әдісін жақсы меңгерген болса жылдамдықтан көп ұтады.Бұл деген жүгіріс әдісін меңгерді деген сөз.Сөреде жылдам шығу үшін қалыптарын пайдаланады.Алдыңғы қалып сөре сызығынан 1,5 табан қашықтыққа,ал артқа қалып алдыңғы қалыптан 1,5 табан қашықтыққа қойылады.Сөреден былай шығу жүгіруді жылдам бастау мен қашықтықтың аз ғана қиындысына жоғары шапшандыққа жетіуге мүмкіндік туғызады.Жүгіру кросс,марафондық,эстафета сияқты түрлері бар.Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді.Біздің заманымыздан бұрын 776 жылы 1 ші олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен.Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27см ге тең болып,ол стадидром деп аталған.Яғни сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп аталған.17 ғасырдың орта кезінен бастап,Аңглияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды.Олар көбіне алыс қашықтықтарда сыңға түсті.Қазақ халқының ауыз әдебиетінде жел аяқтар жарысы туралы аңыз,әңгімелер бұрыннан белгілі.Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңында жетті.Ресми жарыстар негізінен 20 ғасырда өтті.Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып,Ғұсман Қосанов 17 олимиялық оиындарда 4*100метрлік эстафетада күміс жүлдегері атанды.Ал қысқа спринттық қашықтықта жүгіруші Әмин Тұяқов 1966жылы Еуропа кубогін еншіледі.Сонымен қатар 1966-2000 жылдары аралығында С.Исамбаев,Ә.Байтықов,Е.Жамбылов КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарға жүгіріп,елеулі табыстарға қол жеткізді.Кедергілі жүгіруден 2000-жылы О.Шишигина Сидней олимпиядасының алтын медалын жеңіп алды.Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс-Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928-жылы Петропавыл қаласында өтті.Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды.Қазақстанның жеңіл атлеттері олимпия оиындарында,дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетті.1996 жылы Атлантада өткен олимпиада оиындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті.1968-жылы Мехикода өткен жарыста американдық спортшы Боб Бимон 8м 90см ұзындықтан секіріуден әлем рекордын жаңартқан.Бұны күллі әлем 21 ғасырдың ең бйік көрсеткіші деп бағалады.Араға 20 жыл салып сеулде өткен олимпиадада 100 және 200м қашықтықтан жүгіріуден америкалық желаяқ Флоренс фит Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды.
Қысқа қашықтыққа жүгірудің сипаттамасы
Қысқа қашықтыққа жүгіру неғұрлым қарқындылықпен орындалатын циклдің жаттығулар түріне жатады.Спринттік жүгіріске тек 100,200,400м 30,50,60,300м қысқа қашықтықтағы жүгірісте жатады.Тұтас қозғалыс-жүгіру адымы тіреу және ұшыу фазасынан тұрады.Тіреу мен тірексіз қалыптардың кезектесіуі жүгірудің ерекшелігі болып табылады.Сондай ақ жүгіру жылдамдығы жүріуші адымының алшақтығы мен жиілігіне сәйкес болады.Жылдам жүгірістің ұзақтығы қозғалыстың шапшандығы мен қарқынына байланысты.Қысқа жүгіру сайыстардың ішіндегі ең көне түрі болып табылады.Халықаралық олимпия комитетінің шешімімен ХVІІІ Олимпиядалық ойындар бағдарламасына әйелдер арасында 400-м ге жүгіру сайысы,ал ХХ олимпиядадан бастап 4х400 эстафеталық сайыс қосылды.Сол кездерден бүгінге дейін ер адамдар үшін де,жарыс өтті.Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына қысқаша талдау.Қысқа қашықтыққа жүгіру шартты түрде 4-фазаға бөлінеді.старт,старттық екпіндеп жүгіру,қашықтық бойынша,мәреге жету.Мәселен ұзақ қашықтыққа жүгіріу керек болса,онда дайындық кезінде 100-200метр қашықтықты жоғарғы қарқынмен жүгіріп шығу керек.Егерде қысқа қашықтыққа жүгіру керек болса 20-30 метр қашықтықты жоғарғы қарқынмен жүгіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |