Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың көшірмесі директордың ОІ жөніндегі орынбасарына тапсырылады. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құру міндеттері:
- жылдық курста әр тақырыптың орнын және тақырыпта әр сабақтың орнын анықтау;жылдық курстың жеке сабақтары мен тақырыптарының арасын
дағы өзара байланысты анықтау;
Ал күнделікті сабақ жоспарлау кезінде мұғалімге көп еңбектенуге тура келеді, әрбір жеке сабақтың сол сыныптағы жалпы сабақтар жүйесіндегі білімін анықтап, басқа пәндермен байланысын ашады. Күнделікті сабақ жоспары тақырыптық жоспар негізінде жасалады. Тақырыптық жоспар пәндік бағдарлама талаптарына сәйкес түзіледі.
Күнделікті сабаққа даярланудың алғашқы сатысы сабақтың мақсатын анықтаудан басталады. Сабақтың мақсаты деп- сол сабақта оқытып-үйретуге және дамытуға байланысты мәселелердің шешілуін айтамыз.
Сабақта өтілетін материалдардың мазмұны мен мақсаты, оқушылардың дайындық дәрежесі, олардың жас ерекшеліктері, мұғалімнің іс-тәжірибесі, оқытудың әдістері мен құралдарын анықтайды.
Орта деңгей: Сабаққа қойылатын кешенді мақсаттың атқаратын қызметін талдап түсіндіріңіз
Мақсат дегеніміз не, ол не үшін қажет? Көптеген ғалымдардың берген анықтамалары бойынша мақсат дегеніміз:
болашақ нәтижені суреттеу;
неге қол жеткізу керектігінің бейнесі;
белгілі бір анықталған күш қайрат жұмсалатын және ұйымдастырылған іс әрекет талап етілетін күтілетін нәтижелер жиынтығы
бұл индивидумның өз күштерімен қол жеткізе алатын келешектегі шындықты суреттеуі.
SMART мақсаттары мен міндеттері
SMART оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды, тіпті қу немесе тапқыр, епті деген мағынаны білдіреді [3, б.18-19].
Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.
Specific- арнайы, нақты;
Measurable-өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;
Attainable-қолжетімділік;
Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;
Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.
1.Specific Мақсат нақты болу керек деген алға қойылған мақсат екіұшты емес, айқын болу керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, «Жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз» деген мақсат айқын емес. Ал,ол айқын болу үшін егер жоспарды мерзімінен бұрын орындаймыз десек жоспарды мерзімінен қанша
уақыт (сағат,тәулік, ай,жыл немесе т.б) бұрын орындайтынымыз нақтылануы керек.
2.Мақсат өлшенетін болу керек. Мысалы, «Жақсы адам болам» деген мақсатты өлшеу өте қиын, ал «Жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсатты өлшеуге болады.
3.Мақсат қолдан келерлік болу керек. Мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасалған ба? Мысалы, негізгі мектепті тәмәмдап «Мен биыл жоғары оқу орнына түсемін» деген мақсат- қолдан келмейтін нәрсе.
4.Мақсат шынайы болу керек. Алға қойған мақсатты іске асыра алатындай мүмкіндіктер болғаны жөн. Мысалы, елуге келгеннен соң «Мен космонавт(турист емес) болам» деген мақсат- бұл жаста қол жетпейтін жағдай.
5.Мақсаттың мерзімі анықталған болу керек.
Күрделі деңгей: Дайын сабақ жоспарларының үлгілерін Бағдарламада берілген талаппен, оқулықтағы тапсырмалар жүйесімен салыстырып, мәтінді оқи отырып, сабақта Бағдарламада қойылған қандай талап орындалмағанын табыңыз, толықтырыңыз, бағалаңыз
Жоспарды құрып отырғанда мұғалімнің алдында төменгі сұрақтарға жауап болу керек:
Оқушылар нені білу керек?
Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек?
Қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?
Ал, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың негізгі міндеттеріне келсек:
сабақтың тақырыбын анықтау;
әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдану;
тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым дағдылары бойынша түрлі жұмыс түрлерін дайындау;
төрт дағдыны қалыптастыру үшін ұсынылатын оқу материалдарымен ресурстардыоқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу;
уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру;
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау үшін рефлексия ұйымдастыру.
сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасау;
оқушыларға өзін-өзі тексеруге және бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар дайындау;
тақырыпты пысықтау үшін үй тапсырмасын әзірлеу.
Міне, сабақтың жоспарын осы сұрақтарға жауап беретіндей етіп және сабақ құрудың жоғарыдағы міндеттерін ескере отырып жоспарласақ, нәтижеге жетеміз. Ал. нәтиже:
·оқушыға бағытталуы керек;
·белгілі бір бағытты сипаттайтын етістіктер арқылы кұрылуы керек;
·оқушының жас ерекшелігі мен оқу үлгеріміне сай болуы қажет.
Ал, сабақ барысында қолданылатын педагогикалық әдіс –тәсілдерге келсек:
оқушының қатесін табу үшін емес, қайта қателерін түзету үшін оқыту;
оқушының жеке, өзіндік мүмкіндіктерін ескеру;
оқушыларға дебат тақырыбын таңдауға, зерттеуге және «жақтаушы, даттаушы» топтарын құруға мүмкіндік беру;
дәлелдер мен айғақтарды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;
өз ойын жеткізуге, таңдауға және келісімге келуге, өнім жасауға мүмкіндік беру;
тапсырмалар (белсенді іс-әрекеттер) арқылы оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып, оқушыларды білімді өз бетімен меңгеруге талпындыру.