БӨЖ №11
Жұмыстың тақырыбы: Үлбір киім үлгісінің негізгі көрсеткіштерін есептеу тәсілі
Жұмыстың мақсаты: Жасанды үлбір қасиеттерін талдау
Жұмыстың мазмұны
1. Жасанды үлбір
2. Жасанды үлбірдің қасиеттері
Әдістемелік көрсеткіш
1. Жасанды үлбір. Өзінің сыртқы түрінің және әдемілігінің арқасында қаракөл, елтірі, мысық, күзен табиғи үлбірлерін қайталай алатын және пайдалану қасиеті жоғары. Сондай-ақ табиғи былғарымен салыстырғанда оны өндірудің тиімділігімен, жасанды үлбір әйелдер және балалар пальто- сын, бас киімдерін, спорттық курткаларды жасауда кең қолдау тапты. Жасанды үлбір деп - тоқыма ілмек тоқу және негізмдеу тәсілімен алынған грунт және түкті жіптері бар тоқыма бүйымдарды атайды. Жасанды үлбірлерді шығару тәсілдеріне қарай үш түрге бөледі: маталы үлбір, тоқыма үлбірі және негізмделген үлбір. Жасанды үлбірлердің түктері келесі түрлерге бөлінеді. Синтетикалық талшықтардан жасалған түк - полиакрилонитриль (нитрон, дайнель), полиамид (капрон, нейлон, анид және дакрон), полиэфир (лавсан,) барлық жасанды үлбір түрлері үшін қолданылады. Жасанды талшықтан алынған түктер - вискозды және ацеттаты, ма- талы жасанды үлбірде және кейде тоқымада қолданылады. Табиғи жібектен және табиғи жүн талшығынан жасалатын түктер мата үлбірінде ғана қолданылады. Жасанды үлбірлер бояу тәсілдеріне қарай келесі түрлерге бөлінеді: төсемесінде және талшығында тегіс бояуы, жағып тегіс бояуы, тон немесе суретті аэрографты салу арқылы және трафарет көмегімен сурет салу арқылы алынған жасанды үлбірлер. Жасанды үлбір (талшығының) түкті жабынының үзындығы бойынша түгінің биіктігі, үзындығы әр түрлі және түгінің өрнекпен орналасуы тегіс болады.
Арналуына қарай жасанды үлбір келесі түрлерге бөлінеді: биіктігі және түгінің әрленуі әр түрлі тігін бүйымдарының үсті бөлігі үшін; астарлық жоғарғы киімді жылыту үшін арналған материал, бүл үлбірлер тегіс боялған қысқа түкті және тек маталы, немесе тоқыма үлбірлер, жиһазды қаптау үшін арналған. Маталы жасанды үлбірі Маталы негізге отырғызылған үлбір түк салғыш тоқыма станогінде түктік айқаспамен алынады. Жасанды үлбірді тоқу процессі түкті айқаспалы матаны алу процесіне үқсас. Тоқыма үлбірді алуда негізгі жүйе ретінде 25-18,5 текс х 2 ширатылған мақта жібін пайдаланады. Драпталу қасиеті жақсы жеңіл үлбір алу үшін, негізгі жүйеге синтетикалық жіптер пайдаланылады. Түкті вискоза, ацетаттық, синтетикалық талшықтардан және синтетикалық талшықтардың жасанды талшықтармен қосындысынан жасайды. Түктің биіктігі 6-10 мм және одан да артық, 1м2 үлбірдің салмағы 350-750 г. Маталы үлбірлер басқа жасанды үлбірлермен салыстырғанда түкті қысқа және астарлық материалы ретінде тиімді қолданылады. Бүл үлбірдің түктері синтетикалық (лавсан, капрон және нитрон), жасанды (вискозды, аце- татты) талшықтармен өңделеді. Маталы жасанды үлбірдің ассортименттері келесі үлбір түрлерімен көрсетілген: түк ретінде алдын ала буланған бүралған жүнді тоқыма қолданылады. Табиғи қаракөл елтіріге үқсату үшін түкті жабынға қүлпырмалылық беретін арнайы өңделген қаракөлді қолданылады. Аюдың бір бағытта жатқызылған немесе бүйраланған үзын түгі бар. Жіптің түкті жүйесі ешкі жүнінен немесе синтетикалық талшықтан алынады. Елтірі - иірілген жүннен тоқу арқылы өндіріледі. Белгілі бір әсерді қүру үшін түкті бүйраға үқсатады. Тюлень - тоқылатын жібектен өте тығыз иірілген жүнмен ілмектескен матасы. Түгінің биіктігі 3-5 мм. Кейде түк есебінде ешкі терісі қолданылады. Көр тышқан (крот) тышқан терісіне үқсас етіп бастырып сурет салынған және жасанды қысқа түктермен толтырылған мата. Теңіз мысығы жасанды талшықтан алынған түкті мата, түгі аса биік және жылтыр. Цигейка жүні вискозды штапелді талшықтан 150 % қоспасынан алынған мата, түгі салыстырмалы биік, ақ, сүр, қоңыр және қара түсті. Кәмшат тоқылатын табиғи жібектен алынған түкті мата, жүмсак жылтырақ және үзын түкті. Қой терісі немесе бүзау терісі арнайы әрлеумен әр түрлі бағытта жатқызылған қысқа түкті мата.
2. Өз кезеңінде жеңілдетіп, не ауырлататын алдымен киім салмағына әсер ететін жасанды үлбір салмағымен ерекшеленетінін ескеру керек. Үлбірдің салмағынан және оның ауа өткізгіштігінен қорыта келе, сәйкес жылу сақтайтын, желден қорғайтын астарлар тандау керек. Егер табиғи цигейканы тоқыма негізді үлбірмен және үлпекті салыстырса, онда 1м2 табиғи цигейкалық үлбірдің салмағы 707 г, тоқыма үлбірдікі 763г, желімделген жасанды қаракөл 1089г.
Кесте 1 - Жасанды үлбірдің физико-механикалық қасиеттері.
Достарыңызбен бөлісу: |