Жеке бас гигиенасы


Науқастың тырнақтарын алу



бет5/9
Дата20.07.2023
өлшемі43,41 Kb.
#179538
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Тақырып 1 Жеке бас гигиенасы

Науқастың тырнақтарын алу. Қолғапты киіп,науқастың қол ұшын сұйық сабын қосылған жылы суы бар ыдысқа 2-3 минутқа салып,судан V-саусақты шығарып, құрғатып, тырнақ 1-2мм қалдырып абайлап қысқартылады. Кезекпен саусақтарды судан алып, сүлгімен сүрту және абайлап тырнағын алу. Басқа ыдысқа жылы су және сабын қосып науқастың аяқ басын 3-5 минутқа салып,аяқ басын судан алып құрғатып,сүлгі үстіне қойып,ұқыптылықпен тырнақтарды қысқарту керек. Тырнағы қиылғаннан кейін егеумен егеп,аяғына май жағылады.


Қолдағы тырнақты қиып алу
Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Дайындаңыз: ішінде жылы суы бар ыдысты, сабынды (сұйық), резеңке қолғаптарды, қолға арналған кремді, қайшыны, тістеуікті, егеуішті, лотокты, сүлгіні, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
  1. Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.


  2. Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.


  3. Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.


  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.


  5. Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.


  6. Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.


  7. Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.


  8. Тырнақтарды егеуішпен және тістекуікпен өндеңіз.


  9. Науқастың қолына кремді жағыңыз.


  10. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа, ал сүлгіні киімге арналған қапқа салыңыз.


  11. Қолыңызды жуып, сүлгімен кептіріңіз.



Аяқтағы тырнақты қиып алу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет