Облыста 2010 жылдың 7 айында 55 табиғи, 101 аралас және 47 жасанды тамақтанатын 1 жасқа дейінгі балалар арасында жіті ішек ауруы тіркелген. Бұл аурудың жас сәбилер арасында көбеюіне бірден-бір себеп - жас аналардың жеке бас тазалығын сақтамауынан болып отыр. Балаларды тамақтандырар, емізер алдында аналар қолын, омырауын, сүт құятын бөтелкені, ыдыстарды дұрыс жумай, балаларға арналған сүт қоспаларын сақтау және дайындау ережелерін сақтамайды. Гигиена – адам денсаулығын сақтау және нығайту ғылымы. Оның басты міндеті - денсаулыққа жұмыс орнының, тұрмыстық жағдайдың әсерін зерттеу, аурудың алдын алу, адам өміріне оңталы жағдай жасау, денсаулығын сақтау және ұзарту. Жеке бас тазалығына тиімді күн тәртібі, дене және ауыз қуысының күтімі, киім және аяқ киім гигиенасы, зиянды әдеттерден бас тарту (шылым тарту, алкоголь, есірткі қолдану және т.б.) жатады.