2 тапсырма. «Бақа зиготасының бөлшектенуі» препаратын микроскоптың кіші ұлғайтқышында қарар алдында көру аймағының жоғарғы жағында майдаланып жатқан зиготаның жоғарғы беті-анимальді полюс, ал оның түб жағында төменгі беті-вегетативті полюс орналасуы қажет. Препараттың бейнесін дәптерге салып алып – 1-анимальді полюс, 2-вегетативті полюс, 3-меридианальді сызаб, 4-экваторлық сызаб, 5-бластомералар.
3 тапсырма. Бақаның ұрықтық дамуын салып алыңыз.
Бақылау сұрақтары: 1). Бөлшектену қандай жолмен жүреді? 2. Бластуланың ерекшелігі бар ма? 3. Гаструляция дегеніміз не? Ол қалай өтеді? 4. Сомит дегеніміз не? Ол неден тұрады? 5. Бұл дамудағы ерекшеліктер неде?
13 тақырып: Құстардың дамуы, ұрықтан тыс ағзалары-қабықтары (1 сағат).
Сабақ мақсаты:
1. Құс ұрығының даму сатыларын білу.
2. Жұмыртқаклеткасының құрылысына орай, олардың ерекшеліктерін түсіну.
3. Құс іштөлі қабықтарының қалай қалыптасатынын (дамитын ұрық жапырақшалары), қандай қызмет атқаратынын ұғып алып,меңгеру.
Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: алғашқы жолақ сатысындағы тауықтың ұрықтық дискі; мезодерманың алғашқы нақтылануындағы тауық ұрығының дамуы; амнион қатпары қосылуы сатысындағы тауық ұрығының дамуы; кестелер және диапозитивтер: тауық ұрығының даму сатылары; ұрық қабықтарының қалыптасуы.
1 тапсырма. Тауық жұмыртқасы құрылысының сызбасы дәптерге салып алып, белгілеу қажет:
1–қабыршақ; 2–латебра; 3–қабыршақасты қабық; 4–ақ сары уыз; 5–сары сары уыз; 6–латебра астындағы ақ сары уыз; 7–бластодерма; 8–сары уыз қабық; 9–ауа камерасы; 10–жұмыртқа белогi (альбуминнiң сыртқы қабаты); 11–жұмыртқа белогi (талшықты қабат); 12–арқанша; 13–арқанша тәрiздi қабат; 14–жұмыртқа белогi (альбуминнiң iшкi қабаты). Оң жақтағы қисық сызық жұмыртқалағанға дейiнгi 18 күн iшiндегi жұмыртқаның өсу жылдамдығын көрсетедi. Әр сары уыз қабаттарынан және қисық сызықтағы штрихтар бұл қабаттардың қалыптасу уақытын көрсетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |