Сперматогенез Сперматозоидтардың дамуын сперматогенез дейді. Сперматогенез деп аз дифференцияланған диплоидты жыныс клеткалардан - сперматогониялардан жоғары дифференцияланған, гаплоидты толық жетілген - сперматозоидтардың дамуын айтамыз. Сперматозоидтар аналык клеткалардан өте кішкентай мөлшерлерімен, санының көптігімен және козғалғыштығымен ерекшеленеді. Сперматогенез шығу тегі соматикалық текті көмекші клеткаларымен және фоликулярлы эпителий клеткаларымен тығыз байланыса отырып, морфологиялық жағынан әртүрлілігі болатын жыныс органдары - аталық тұқым бездерінде өтеді. Омыртқалыларда тұқым безінің төрт типін ажыратады, ал амниоталардың тұқым безін өзекшелі типке жатқызады
Сперматогенез төрт кезеңге бөлінеді:
көбею
өсу
жетілу
қалыптасу (спермиогенез)
1. Сперматогенездің алғашқы жыныс клеткалары сперматогониялар деп аталады. Олар иректелген түтікшенің ең шетінде жатады. Сперматогониялар өзінің көбею кезеңінде митозбен бөлінеді, мұның өзі олардың санын айтарлықтай көбейтуге әкеліп соқтырады. Сперматогониялардың бірнеше типі анықталған: А-1 (күңгірт), А-2 (ақшыл) және В-типі. А-1бағаналы (стволовые) клеткалар, А-2 жартылай бағаналы. А-1 клеткалар өте сирек бөлінеді де А-2 клеткаларға айналады. А-2 клеткалардың бірнеше рет бөлінуі соңында В клеткалар пайда болады. Бөлінетін В-клеткалар клон құрайды, оның клеткалары әдетте сперматид сатысына дейін цитоплазмалық дәнекерліктермен өзара байланысқан күйінде қалады. Синцитиалдық байланыс бір жағынан клон клеткаларының синхронды дамуын, екінші жағынан олардың гетерогенділігі мен полиморфизмін қамтамасыз етеді, осыдан олардың өмірге қабілеттілігін арттырады.
2. Өсу кезеңінде жыныстық клеткалар бөлінбейді, өсуін күшейтеді, сперматогониялар бірінші реттік сперматоциттерге айналады. Өсу кезеңінде олардың ядроларында күрделі өзгерістер болады, ол мейозды дайындауға әсер етеді.
3. Жетілу кезеңінде клеткалар мейоз жолымен бөлінеді. Мейоздын бірінші бөлінуі екінші реттік сперматоцитті кұрады. Екінші белінуінен кейін сперматидтер құрылады. Мейоз белінуі нәтижесінде хромосомдардың саны екі есе азаяды. Сондықтан сперматидтің ядросы гаплоидты болады.
4. Қалыптасу немесе спермиогенез кезеңінде сперматидтер сперматозоидтарға айналады. Клеткалардың ядролары тығыздалады да, олар клеткалардың бір шетіне орналасады. Оған қарама-қарсы болып центриольдер шығады. Бірінші проксималды центриоль сперматозоидтың мойнында қалады. Дисталдык центриольдан кұйрықтың жіпшесі өсе бастайды. Гольджи аппараты клетканың үш жағынан акросоманы құруға қатысады. Сперматозоид құйрығының аралық бөліміне митохондриялар жиналады, митохондриялық спиральді құрайды, Осы өзгерістердін нәтижесінде сперматидтен ерекше клетка сперматозоид қалыптасады.
Сурет 5 - Спермиогенез (А.Хэм бойынша, 1961):
А-3 - сперматиданын сперматозоидка айналуы көрсетілген: I - Гольджи аймағы; 2 - митохондриялар; 3 - ядро; 4 - центриоль: 5 - талшық: 6 - акросома; 7 - цитоплазмалық мембрана
Ер адамның аталық жыныс безінде әрбір сағат сайын 100 млн-га жуық спермиялар түзіледі, ал әрбір овуляция сайын шамамен 200 млн. сперма бөлінеді. Пайдаланылмаған спермиялар резорбцияға ұшырайды немесе несеп арқылы сыртқа шығарылады.