АНАЛЫҚ ЖЫНЫС БЕЗІ, АНАЛЫҚ ЖЫНЫС ЖАСУШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Аналық жыныс безі - аналық жынысжасушасы пісіп жетілетін және аналық жыныс гормондары түзілетін негізгі жыныс безі. Аналық жыныс бездері жұп мүшелер, құрсақ қуысында жатырдың екі жанында жатады. Ол пішіні сопақ не дөңгелекше келген паренхималы мүше. Оны бір қабатты бір қатарлы куб тәрізді эпителий қаптап тұрады. Эпителийдің астында дәнекер ұлпа ақ қабықша болады. Аналық жыныс безінің қан тамырлары мен нервтерге бай ішкі немесе жұмсақ қабатын және аналық жыныс жасушалары – овоциттер болатын сыртқы немесе қабық қабатын ажыратуға болады. Аналық жыныс безі жыныс жасушаларын қалыптастырумен қатар эндокриндік қызмет атқарады.
Эмбриогенездің 7-8 аптасының соңына қарай бездің бастамасы біліне бастайды. Аналық бездің құрамындағы мезенхимасының ұрық дамуы алғашқы бүйрек денесінен бастау алады. Ұрықтың 6-аптасына қарай бездің мезонефронынан бөлінуі мен аналық бездің қыртысты зат біліне бастаса, ал боз заты бұдан кейінірек дамиды. Эмбриогенездің 3-4 айында бездің алғашқы жасушалары немесе овогонийлердің жылдам көбеюі нәтижесінде мөлшері арта түседі. Нәрестенің дүниеге келу мезгілінде бездегі овогонийлердің саны кемиді де, өсу кезеңіне өткен біріншілік овоциттер саны арта түседі. Жалпы жыныс жасушаларының саны 300-400 болады. Аналық бездің эндокриндік қызметі қыз баланың кәмелетке толған кезінде байқалады.
Овоциттерді фолликуллярлы жасушалардың бір немесе бірнеше қабаттары қоршап тұрады. Фолликулярлы жасушалардың қызметі:
- трофикалық –овоцтике қаннан қоректік затты тасымалдайды,
- сүзгілік- барьерлік-гемато-овариальді сүзгі - ооцитке көптеген токсиндерді өткізбеуге қатысып, безді аутоиммунды агрессиядан сақтайды,
- секреторлық қызмет- фолликулярлы сұйықтықты бөледі.
- фагоцитарлыық-атрезиялық денешіктердің қалдықтарын жояды,
- эндокринді –гормондарды синтездейді.
Аналық жыныс безінің стромасы фибробласттарға бай борпылдақ дәнекер ұлпасынантұрады. Фоликулалы аймақта аналық жыныс жасушаларының даму процесі – «овогенез» жүреді. Аталған аймақтың шеткі жағында бөлініп көбею сатысындағы жас жыныс жасушалары - майда біріншілік (примордиальды) фолликулдар түрлі жануарларда түрліше топтасып жатады. Олардан сәл төменірек, біріншілік фолликулдарға қарағанда ірірек келген өсу сатысындағы жыныс жасушалары - өсуші фолликулдар орналасады. Жыныс жасушалары пісіп жетілуге жақындағанда, фолликулдардың мөлшері тым үлкейіп, көпіршікті фолликуддарға айналады. Олар жарылғаннан соң, ішіндегі жетілген жұмыртқажасушасы көпіршіктегі фолликул сұйығымен бірге жүмыртқалықтан бөлініп, жатыр түтігі қүйғышына өтеді. Фолликулдардың жарылу процесі н овуляция деп атайды. Жарылған көпіршікті фолликул орнында сары дене түзіледі. Жетілген фолликул қабырғасындағы фолликул жасушалары мен интерстициоциттер аналық жыныс гормондары - эстрогендерді, ал сары дене жасушалары (лютеоцитгер) - прогестерон гормонын бөледі.
Аналык жыныс безі — құрсақ қуысы бел аумағының жамбас қуысына кіреберісінде жұмыртқалық шажырқайға ілініп тұрады. Шыжырқай арқылы жұмыртқалыққа қоректендіретін қан және лимфа тамырлары мен жүйкелер енеді. Жұмыртқалықтың түтіктік және жатырлық ұштары, шажырқайлық және бос жиектері, латеральды және медиальды беттері болады. Жұмыртқалықтың түтіктік ұшына жатыр түтігінің құйғышы, ал жатырлық ұшына - өзіндік жұмыртқалық байлам арқылы жатыр байланады. Тамырлы аймақ арқылы жұмыртқалықы қоректендіретін қан, лимфа тамырлары мен жүйкелер өтеді. Қыртысты заттың дәнекер ұлпасында пісіп жетілудің әр түрлі деңгейдегі фолликулдары орын алған. Бездің шетіне қарай бір қабатты фолликулдармен қоршалған овоциттер орналасады. Оларды примордиальді фолликулдар деп атайды. Овоциттердің сыртқы фолликуласы өскен сайын жыныс жасушаларының мөлшері де ұлғая береді. Фолликулярлық жасушаларда екі түрлі микробүрлері болады. Оның бірі мөлдір қабыққа еніп, ал екіншісі фолликулярлы жасушалардың бір-бірімен (өзара) байланысуын жүзеге асырады. Алғашқы фолликулдар дамып Грааф көпіршігіне айналады. Төмпешік түріндегі овоцит фолликулдың бір полюсіне ығысады. Овоцит өзін сәулелі тәж деп аталатын фолликулярлық жасушалармен қоршалады. Бұл фолликуладағы овоцит көлемі жағынан өспейді, себебі жан-жағы фоликулярлы сұйықтыққа толы. Грааф көпіршігін дәнекер ұлпалық қабықша қоршап тұрады. Оның қабырғасы фолликулярлы жасушалардың бірнеше қабатынан тұрады. Грааф көпіршігінің одан әрі ұлғаюы – оның сыртқы қабығының созылуына және жұқаруына алып келеді де біртіндеп жарылады. Мұны овуляция дейді. Аналық жыныс безінің қабық бөлігінде сары дене болады.
Жұмыртқа жасушасы немесе овоциттердің сперматозоидтерден айырмашылығы көлемінің үлкен болуында және центриольдары болмайды. Центриольдары болмағандықтан, олар өз бетінше қозғала алмайды. Овоциттің d= 130 мкм. Цитоплазмасы мөлдір. Ядросында гаплойды хромосомасы бар, ядрошығы жақсы көрінеді. Цитоплазмасының шетінде кортикалді гранулалары (4000 дай, мөлшері-1мкм) болады. Құрамы гликозамингликандар мен ферменттерден тұрады. Жұмыртқа жасушаларының ерекшелігі сары уыздың болуы мен кортикалық қабат деп аталатын цитоплазманың беткі қабатының болуы. Сонымен бірге жұмыртқа жасушасын қаптап тұратын арнаулы қабықшалар көп болады және ол ұрықтандыруға белсенді қатысады. Сарыуыз белоктардан, фосфолипидтерден, нейтралдық майлардан тұрады. Саруыздың компоненттері овоциттен тыс түзіледі. Қан арқылы овоцитке келіп, саруыз гранулаларына айналады. Омыртқалы жануарлардың жұмыртқасының белоктары мен фосфолипиттері бауырда синтезделіп, кейін овоцитке келеді деген деректер бар. Жұмыртқа жасушасында саруыз көп болуы мүмкін. Мысалы, тауық жұмыртқасының саруызының көлемі алғашқы жыныс жасушасына қарағанда төрт миллион есе үлкен. Губкалар мен ішек қуыстылардың жұмыртқа жасушаларынан басқа, жұмыртқалардың бәрінде қозғалу қабілеті болмайды. Жұмыртқа жасушасы бірнеше арнаулы қабықшалармен қапталған. Олар бірінші, екінші, үшінші қабықшалар деп аталады. Адам мен омыртқалылардың көпшілігінің жұмыртқа жасушасының цитоплазмасы қатпар немесе микробүр құрайтын плазмалеммамен қапталған. Жұмыртқаның плазмалеммасын, микробүрлер арасында орналасқан заттармен қосып, бірінші (саруыздық) қабықша дейді. Плаценталық сүтқоректілер мен адамның жұмыртқа жасушасының екінші қабықшасы фолликулярлық жасушалардан тұрады. Кейбір насекомдардың, балықтардың, құстардың жұмыртқа жасушасы аналық жыныс безінен шығар кезде екінші қабықшаның фолликулярлық жасушаларымен өздерінің байланысын үзеді. Екінші қабықшаның құрылысы күрделі және қалың болуы мүмкін. Мысалы, құстарда бірінші қабықшаны сыртқы жағынан бактерияларды өлтіретін фермент – белок лизоцим мен металдар иондарын бөгейтін және оны байланыстыратын белок кональбумин және микробтардың кіруіне кедергі болатын белок овидиннен тұратын сыртқы қабат қаптап тұрады. Кейбір жануарлардың, мысалы, балықтардың жұмыртқа жасушаларының бірінші және екінші қабықшаларында микропиле деп аталатын бір немесе бірнеше тесік болады. Микропиле арқылы сперматозоидтар кіреді. Қайсыбір жануарлардың үшінші қабықшасы жұмыртқа жасушасы аналық безінен шыққаннан соң жұмыртқа өзегі арқылы өтіп келе жатқанда, оның жасушаларының секрет бөлу қызметінің есебінен түзіледі. Жұмыртқа жасушалар қабықшаларының атқаратын қызметі алуан түрлі. Өсу дәуіріндегі жұмыртқаларда заттардың алмасуын қамтамасыз ететін мембрананың рөлін атқарады. Жануарлардың көпшілігінде жұмыртқа жасушаларының қабықшалары ұрықтану кезінде полиспермияға кедергі болады, ұрықтың қоректенуі мен тыныс алуына қатысады, ұрықты сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғайды.
Жұмыртқа жасушаларының классификациясы олардағы сарыуыздың мөлшері мен оның цитоплазмада орналасуына негізделген. Жұмыртқа жасушаларын бірнеше топқа бөледі:
1. Сарыуызы жоқ – алецитальді;
2. Цитоплазмада бірыңғай таралған сарыуызы аз жұмыртқалар, гомолецитальды немесе изолецитальды;
3. Цитоплазмада полярлі орналасқан сарыуызы орташа немесе көп жұмыртқалар, телолецитальды;
4. Ортасында орналасқан сарыуызы көп жұмыртқалар – центролецитальды жұмыртқалар болып бөлінеді. Сарыуызы жоқ немесе аз жұмыртқаның үстіңгі бөлігін анимальдық, сарыуыздың негізгі массасы орналасқан төменгі бөлігін вегетативті бөлігі дейді.