Дұға соныңда міндетті түрде ата-ананыз үшін дұға жасаңыз!
Иа Раббым, Жұмабекқызы Лязаттың(аты-жөнін айтып) біліп білмей істеген күнәларын кешір, қабір азабынан сақтап, Мүлк сүресімен қабірін нұрландыра көр! Артында қалған ұрпақтарын салиқалы, парасатты ұрпақтан ет!
Осы секілді өзіңізге қажетіңізді сұрап қайтадан Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат, Кешірім сұрап дұғанызды аяқтайсыз! Алла баршамыздың дұғамызды қабыл етсін!
Пайдалы дұғалар
1. «Я, Алла! Мені кешіре гөр, маған рақым ете гөр, мені тура жолға бастай гөр, мені Өзің оңдап, маған есендік бер. Маған ризық-несібе бер, әрі мені жоғары (дәрежеге) көтер».
«Аллаһуммә-ғфир ли, уәрхамни, уәһдини, уәжбурни, уа’афини, уәрзуқни, уәрфә-’ни».
2. Ибн Масғұд (оған Алла разы болсын ) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп жиі айтатынын естіген:
Я, Алла, расында, мен Сенен Сенің басшылығыңды, тақуалықты, (күнәдан жаман қылықтардан) пәктікті және байлықты сұраймын». (Муслим)
(Аллаһумма, инни асәалюкаль-Һуда, уа туқа, уаль-ъафафа уальғина)
3. «Я, Алла! Расында, мен Сенен пайдалы білім, адал ризық-несібе әрі (өз құзырында) қабыл болатын амал сұраймын!»
«Аллаһуммә, инни әс-әлукә ‘илмән нәфи’ан, уә ризқан тай-ибән, уә ‘амәлән мутәқаббәлән!»
4. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір адам ислам дінін қабылдаса, әрқашан дұрыстап намаз оқуды үйрететін және мына дұғаны айтуды талап ететін болған. «Иә Алла, кешір мені, маған рахым ет, сондай-ақ мені тура жолға шығар, сондай-ақ маған ризық бер!»
/Аллаһумма, ғфир ли, уа-рхам-ни, уа-хди-ни, уа 'афи-ни уа-рзуқ-ни!» (Муслим).
5. Бірде Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір бәдәуи келіп: «Маған мен қайталап отыратын сөздер үйретші», - деп сұрады, сонда ол оған: «Былай де: «Алладан басқа Құдай жоқ, Оның серігі жоқ, Алла Ұлы, Бүкіл Әлемнің Раббы Аллаға көп мақтаулар, Алла пәк! Құдіретті, Дана Алланың күш-қутына жететін ешкім жоқ!»
/Лә иләһә слла-Ллаһу уахдаһу лә шәрикә ләһу, Аллаһу Акбар кабиран, Уәл-хамда ли-Ллаһи кәсирән уә сухана-Ллаһи, Роббиль ъаламина! Уә лә хәулә уә лә қуата иллә би-Лләһил-ъАзизиль-Хкими!/, - деді.
Бәдәуи: «Бұл – менің Раббым үшін, ал мен үшін ше?», - деді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Былай де: «Я, Алла, кешір мені, маған рақымшылық ет және мені дұрыс жолға алып шық, сондай-ақ маған өмір сүретін ризық бер!» /Аллаһумма, - ғфирли, уархамни, уахдини, уарзуқни!/, - де» деген(Муслим).
6. Я, Алла! Сенен мен (осы) дүние және ақыретте жарылқау мен есен-амандықты тілеймін. Я, Алла! Сенен мен дінімде, тұрмыс-тіршілігімде, отбасым мен мал-мүлкімде жарылқау мен есен-амандық тілеймін.Я, Алла! Менің әбүйірімді Өзің бүркеп қойғайсың, мені қорықыныштан аман еткейсің. Уа, Алла! Мені алды-артымнан, оң жақ-сол жағымнан және төбемнен де Өзің сақтағайсың! Сондай-ақ кенеттен қиянатқа ұшырап, өліп кетуден Өз ұлылығыңнан пана сұраймын.
«Аллаһумма инни әс-әлукәл-ьафуа уәл-ьафиәтә фид-дунйа уәл-әхираһ. Аллаһумма инни әс-әлукәл-ъафуа уәл-ъафиәтә: фи дини уә дунйа-йа уә әһли, уә мәли. Аллаһуммас-тур ъаурати уә әмин рауъати Аллаһуммах-фазни мин бәйни йәдәййа уә мин халфи, уә ъан йәмини уә ъан шимәли, уә мин фәуқи, уә әъузу биъазамәтикә ән уғтәлә мин тәхти».
7. Я, Алла! Тәніме саулық бер! Я, Алла! Естуіме саулық бер! Я, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Я, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.
8. Я, Алла! Расында мен уайым-қайғыдан,әлсіздіктен, жалқаулықтан, сараңдықтан, қорқақтықтан, қарызға батудан әрі адамдардың басымшылығынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын.
«Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-һәмми уәл-хәзәни, уәл-ъажзи уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни уә ғаләбәтир-рижәл».
9. Я, Алла! Мен Сенен мінез-құлықтың, амалдардың, нәпсі-қалауларының және дерттердің жаманынан пана сұраймын. Я, Алла! Мен Сенен қарызға батудан, адамдардың өктемдігі және дұшпандардың табалауынан пана сұраймын.
«Аллаһумма инни әъузу бикә мин мункәратил-әхләқи уәл-аъмәли уәл-әһуә-и уәл-әдуә. Уә әъузу бикә мин ғаләбәтид-дәйни уә қаһрир-рижәли, уә шәмәтәтил-әъдә».
10. Я, Алла! Шынайы иман, иманды көркем мінез, артынан бақыт ілескен табыс, Сенен келетін мейірім және жарылқау, кешірім және разылығыңды сұраймын.
«Аллаһумма инни әс-әлукә сиххатән фи имәни, уә имәнән фи хусни хулуқин, уә нәжәхән йәтбәъуһу фәләхун, рахмәтән минкә уә ъафиәтән минкә, уә мәғфиратән уә ридуәнә».
Достарыңызбен бөлісу: |