Құрметті оқырманым! Бұл жұмыс дәптерін «Жүрегіміз қарайып кетпесін!» деп аталатын авторлық тренингіме қатысушыларыма арнап арнайы құрастырдым. Тренинг барысында алынған біліміңізді жоғалтпай, осы дәптермен үзбей жұмыс жасау арқылы жақсы нәтижеге қол жеткіземіз! Дәптерде құран-кәрімнен алынған дұғалар, хадистер мен аяттар келтірілген. Сол себепті аяқ-асты етпеуіңізді сұраймын. Сізге қажет болмаған жағдайда отқа жағып жіберуіңізге болады. БАСТАМАЛАРЫҢЫЗҒА АЛЛАНЫҢ НҰРЫ ЖАУСЫН! Сіздер нағыз жеңімпазсыздар! СӘТТІЛІК!!!
Сен көз тастаған жер- ол сенің мақсатың. Сол жерге туыңды тігіп, ордаңды құр.
Сен аңсаған бақыт- ол сенің арманың. Оған қол жеткізу- жетістігің. Ал жетістістік өздігінен келмейді. Оның жолы: талап және еңбек!
Не істесең де мақсатың мен арманыңнан айныма! Ісің ойдағыдай істелсін, жұмысың жоспарланғандай атқарылсын, тілегің мұрат етілгендей орындалсын. Сонда жетістікке жетесің!
Қолға алған ісіңе үлкен жауапкершілікпен қара!
Білім- жетістіктің кілті!
Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің ләззатын көреді!