Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы



бет1/5
Дата08.07.2018
өлшемі303 Kb.
#48779
  1   2   3   4   5
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу Ережесiн, "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы" N 1-ОЛ нысанды статистикалық есептi және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2007 жылғы 30 мамырдағы N 20 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 4 маусымдағы Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 4699 болып енгiзiлдi.

      "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  7-бабының  2-тармағын iске асыру, құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерiнiң жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау бойынша олардың статистикалық есептiлiктi жүргiзуiн қамтамасыз ету мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңы  11-бабының  4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Бекiтiлсiн:


      1) осы бұйрыққа қоса берiлген 1-қосымшаға сәйкес Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу ережесi (бұдан әрi - Ереже);
      2) осы бұйрыққа қоса берiлген 2-қосымшаға сәйкес "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы" N1-ОЛ нысанды статистикалық есеп;
      3) осы бұйрыққа қоса берiлген 3-қосымшаға сәйкес "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау туралы" N 1-ОЛ нысанды статистикалық есептiң құрылуы бойынша Нұсқаулық

      2. "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау туралы" N 1-ОГ нысанды статистикалық есептi және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 18  бұйрығының  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3685 санымен тiркелген, "Азаматтардың өтiнiштерiн қарау туралы" N 1-ОГ нысанды статистикалық есептi және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 18 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 74  бұйрығымен  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4506 санымен тiркелген) енгiзiлген өзгерiстерi мен толықтырулары бар) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) осы бұйрықты:
      1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн;
      2) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға уәкiлеттi субъектiлер мен лауазымды тұлғаларға, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға орындау үшiн;
      3) орталық бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшiн жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Комитет Төрағасына жүктелсiн (Г.В. Ким).

      5. Осы бұйрық, Ереженiң 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 4-тарауын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

      Қазақстан Республикасының


      Бас Прокурорының м. а.

Қазақстан Республикасы  


Бас Прокурорының   
2007 жылғы»30 мамырдағы
N 20 бұйрығына 1-қосымша

    Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу ережесi



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының  5-бабына  сәйкес "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы (бұдан әрi - Заң)  7-бабының  2-тармағын iске асыру мақсатында әзiрленген және мынадай тәртiптi регламенттейдi:


      мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалардың (бұдан әрi - субъектiлер), өз құзыреттерiне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға құқылы лауазымды тұлғалардың (бұдан әрi - лауазымды тұлға) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу тәртiбi;
      субъектiлердiң, лауазымды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiне (бұдан әрi - Комитет) және оның аумақтық органдарына жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы есепке алу мәлiметтерiн ұсыну тәртiбi.

  2. Өтiнiштердi есепке алу 

      2. Жеке және заңды тұлғаның өтiнiшi (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудан, электрондық түрде) субъектiнiң, лауазымды тұлғаның ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде (бұдан әрi - ААЖ) тiркеледi.
      Тiркеуге алу жеке (заңды) тұлғаның өтiнiшiн есепке алудың электрондық ақпараттық есепке алу нысанды-карточкасының (бұдан әрi - өтiнiштi есепке алу карточкасы) (1-қосымша) немесе өтiнiштердi есепке алу карточкасы есепке алу мәлiметтерiнiң тiзбесi бар ведомстволық ақпараттық есепке алу нысанының тиiстi жиектерiн толтыру арқылы субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнi жүзеге асырылады.
      Бастапқы өтiнiштi тiркеу кезiнде оған кезектi реттiк нөмiр болып табылатын тiркеу нөмiрi берiледi.
      Реттiк нөмiрлену жеке тұлғаның өтiнiшi үшiн бөлек және заңды тұлғаның өтiнiшi үшiн бөлек бiртұтас (толассыз) жүргiзiледi. Жеке тұлғалардың ұжымдық өтiнiштерiнiң реттiк нөмiрленуi жеке тұлғалардың өтiнiштерiмен бiрлесiп жүргiзiледi, заңды тұлғалардың ұжымдық өтiнiштерiнiң реттiк нөмiрленуi де осылайша жүргiзiледi.
      ААЖ жоқ болған жағдайда өтiнiш Жеке (заңды) тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында (осы Ережеге 2-қосымша) тiркеледi және өтiнiштердi есепке алу карточкасының қағаз нұсқасы толтырылып, ол өтiнiштердiң есепке алу мәлiметтерiн ААЖ-не енгiзу үшiн субъектiнiң жоғары тұрған органына жолданады.
      Өтiнiштi есепке алу өтiнiштердi есепке алу карточкасының тиiстi жиектерiн толтыру және олардың мәлiметтерiн мемлекеттiк құқықтық статистикалық есептiлiкте көрсету арқылы жүзеге асырылады.
      Өтiнiштi тiркеудiң алдында ААЖ бойынша тексеру жүзеге асырылады және өтiнiштiң алдыңғы өтiнiштiң қайталамасы ма, әлде қосалқы данасы ма екендiгi белгiленiп, кейiннен осы тармақта жазылған тәртiпте тiркеу жүргiзiледi.
      Субъект, лауазымды тұлға жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы есепке алу мәлiметтерiнiң (жазбаша, ауызша, жеке қабылдаудан, электрондық түрде) Қазақстан Республикасының жазбаша өтiнiштерге арналған заңдарымен белгiленген мерзiмнiң iшiнде ААЖ-нде сақталуын қамтамасыз етедi.

      3. Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдаудың, ауызша өтiнiштiң мәлiметтерi тiркелетiн құжаттарды жүргiзудiң ұйымдастырылуын субъект, лауазымды тұлға белгiлейдi. Өтiнiштердi тiркеу және есепке алу осы Ереженiң 2-тармағына сәйкес қабылдау күнi жүзеге асырылады.

      4. Субъектiге тiкелей жазбаша жүгiнген жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған тұлғаның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген белгiленген нысандағы талон (3-қосымша) берiледi.

      5. Жазбаша өтiнiштi тiркеу кезiнде оның бiрiншi бетiнде мөртабан қойылып, тiркеу нөмiрi мен тiркелген күнi көрсетiледi.

      6. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттың депутатынан (бұдан әрi - депутат), басқа да мемлекеттiк органдардан субъектiге, лауазымды тұлғаға қарау үшiн келiп түскен жеке және заңды тұлғаның өтiнiшi, өтiнiш бойынша ақпаратты қоса беру арқылы келiп түскен сұранымдар, депутаттық сұраным түрiнде рәсiмделмеген депутаттардың өтiнiштерi осы Ережеге сәйкес тiркеледi.

      7. Егер өтiнiште қойылған бiрнеше мәселелердiң iшiнде субъектiнiң, лауазымды тұлғаның қарау құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бар болса, олар аталған өтiнiштердi өз өкiлеттiктерiне сәйкес тiркейдi, шешедi. Шешу құқығы құзыретiне кiрмейтiн өзге мәселелердi қарау үшiн өтiнiштi құзыреттерiне сәйкес субъектiге, лауазымды тұлғаға жiбередi. Шешiлген мәселелердiң материалдарына өтiнiштiң көшiрмесi қоса берiледi.


      Өтiнiш келiп түскенде оны қарау субъектiнiң, лауазымды тұлғаның құзыретiне кiрмейтiн болса, ол да тiркелгеннен кейiн құзыреттерiне сәйкес субъектiге,  лауазымды тұлғаға жiберiледi.
      Мұндай жағдайларда субъектiге, лауазымды тұлғаға жолданатын iлеспе хатта мiндеттi түрде өтiнiштiң тiркеу нөмiрi мен тiркелген күнi көрсетiледi.
      Өтiнiштi құзыреттерiне сәйкес субъектiге, лауазымды тұлғаға жiберу туралы өтiнiш берушiге 3 жұмыс күнiнiң iшiнде хабарланады.

      8. Өтiнiштiң қаралу мерзiмi оның тiркелген кезiнен бастап есептеледi.

      9. Субъект, лауазымды тұлға өтiнiштiң уақытылы, толық, айқын тiркелуiн, жеке (заңды) тұлғаның өтiнiштерi туралы есепке алу мәлiметтерiнiң айқындылығын, толықтығын және Комитетке уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етедi.

  3. Өтiнiштiң қосалқы даналарын және қайталамаларын есепке алу

      10. Қайталама өтiнiш келiп түскен кезде оған бастапқы өтiнiштiң тiркеу нөмiрi болып табылатын тiркеу нөмiрi берiледi.

      11. Әр түрлi адресаттарға жолданып, өтiнiштi қараудың белгiленген мерзiмiнiң iшiнде бiр субъектiге (лауазымды тұлғаға) қарау үшiн келiп түскен бiр ғана тұлғаның бiр ғана мәселе жөнiндегi өтiнiшi қосалқы дана ретiнде есепке алынады. Өтiнiштiң қосалқы данасының тiркеу нөмiрi негiзгi өтiнiштiң тiркеу нөмiрi болып табылады.

  4. Субъектiлердiң жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы есепке алу мәлiметтерiн электрондық форматта ұсынуы

      12. Субъект, лауазымды тұлға Комитетке және оның аумақтық органдарына ағымдағы айда тiркелген жеке (заңды) тұлғаның өтiнiшi туралы есепке алу мәлiметтерiн, сондай-ақ бұрын тiркелiп, ағымдағы айда шешiм қабылданған өтiнiштер бойынша айдың соңғы жұмыс күнiнде сағат 24-ке дейiн Комитетпен айқындалатын электрондық форматта ұсынады.


      Субъектiнiң, лауазымды тұлғаның орталық органдары (республикалық деңгейдегi) оларды Комитетке, ал Астана, Алматы қ.қ., облыстық деңгейдегi және соларға теңестiрiлген субъектiнiң органдары, лауазымды тұлғалар Комитеттiң аумақтық органдарына ұсынады.
      Облыстық деңгейдегi және соларға теңестiрiлген субъектiлер, лауазымды тұлғалар өздерiнiң қарамағындағы барлық органдарда тiркелген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы есепке алу мәлiметтерiн Комитеттiң аумақтық органдарына ұсынады.
      Облыстық деңгейдегi жоғары тұрған органы жоқ субъект соған теңестiрiлген болып саналады.

      13. Субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан келiп түскен мәлiметтердiң негiзiнде Комитет жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы орталықтандырылған деректер банкiн жүргiзедi.

  5. Өтiнiштi есепке алу карточкасын толтыру

      14. Өтiнiштi есепке алу карточкасында мынадай есепке алу мәлiметтерi бейнеленуге жатады (1-17-тармақтардың мәлiметтерi тiркеу кезiнде толтырылып, Комитетке (оның аумақтық органдарына) тiркеу айының соңғы күнiнде сағат 24-ке дейiн жiберiледi, ал 18-25-тармақтардың мәлiметтерi өтiнiш орындалғаннан кейiн толтырылып, Комитетке (оның аумақтық органдарына) өтiнiш орындалған айдың соңғы жұмыс күнiнде сағат 24-ке дейiн жiберiледi:


      1-деректемеде: өтiнiштi тiркеген субъектiнiң, лауазымды тұлғаның атауы;
      2-деректемеде: тiркеу деңгейiнiң коды: (1) - республикалық, (2) - облыстық, (3) - аудандық/қалалық, (4) - ауыл аймақтық
      3-деректемеде: өтiнiштiң тiркеу нөмiрi;
      3.1.-деректемеде: қайталанған өтiнiштiң белгiсi, қайталап келiп түскен өтiнiштiң санын бiлдiретiн сан қойылады. Мысалы, "3" саны бастапқы өтiнiш бойынша үшiншi қайталама өтiнiш келiп түскендiгiн бiлдiредi;
      3.2.-деректемеде: өтiнiштiң қосалқы данасының белгiсi, қосалқы даналардың санын бiлдiретiн сан қойылады. Мысалы, "4" саны негiзгi өтiнiш бойынша төртiншi қосалқы дана келiп түскендiгiн бiлдiредi;
      4-деректемеде: өтiнiштiң тiркеу күнi;
      5-деректемеде: өтiнiш нысанының коды: (1) - қағаз түрiнде, (2) - электронды түрде, (3) - ауызша, (4) - субъектi басшылығының, лауазымды тұлғаның жеке қабылдауынан, (5) - субъектi қызметкерлерiнiң жеке қабылдауынан;
      6-деректемеде: субъектiге жүгiнген тұлғаның санаты: (1) - жеке тұлға, (2) - заңды тұлға;
      6.1.-деректемеде: егер өтiнiште мәлiметтерi бар болса, жүгiнген тұлғаның мәртебесi (анықтамалық бойынша, 4-қосымша). Тұлғаның бiрнеше мәртебесi бар болған жағдайда - үтiр арқылы анықтамалықтың барлық мағынасы бейнеленедi;
      6.2.-деректемеде: жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаның БСН;
      7-деректемеде: өтiнiш түрiнiң коды: (1) - ұсыныс, (2) - өтiнiш, (3) - шағым, (4) - үндеу, (5) - сұраным, (6) - анықтама алуға сұраным. Өтiнiштiң түрiн дәл бейнеленудi қамтамасыз ету үшiн өтiнiштiң мазмұнына бағдарлану қажет;
      8-деректемеде: өтiнiш тiлiнiң коды: (1) - қазақша; (2) - орысша; (3) - өзге тiлде;
      9-деректемеде: анықтамалық бойынша өтiнiш себебiнiң коды (Ереженiң 5-қосымшасы). Бiрнеше кодтарды көрсету қажеттiлiгi болғанда олар үтiр арқылы қойылады;
      10-деректемеде: өтiнiш сипатының коды: (1) - ұжымдық, (2) - жеке;
      11-деректемеде: өтiнiш мәселелерi түрлерiнiң жүйесi бойынша өтiнiш мәселесiнiң коды (6-қосымша). Әр түрлi мазмұндағы бiрнеше мәселелердi жанайтын өтiнiштер бойынша, соларға сәйкес кодтар үтiр арқылы көрсетiледi;
      12-деректемеде: өтiнiштi жiберген субъектiнiң, лауазымды тұлғаның атауы;
      12.1.-деректемеде: өтiнiштi жiберген субъектiнiң, лауазымды тұлғаның сол өтiнiштi тiркеу нөмiрi;
      12.2.-деректемеде: өтiнiштi жiберген субъектiнiң, лауазымды тұлғаның сол өтiнiштi тiркеу күнi;
      12.3.-деректемеде: өтiнiштi басқа субъектiге жiберу туралы iлеспе хаттың шығыс нөмiрi;
      13-деректемеде: жүгiнген жеке тұлғаның тегi. Ұжымдық өтiнiш берiлген кезде осы деректемеде бiрiншi қол қойған жүгiнушiнiң тегi көрсетiледi;
      13.1.-деректемеде: жүгiнген жеке тұлғаның аты;
      13.2.-деректемеде: жүгiнген жеке тұлғаның әкесiнiң аты;
      14-деректемеде: заңды тұлғаның атауы;
      15-деректемеде: жеке тұлғаның тұрғылықты жерi немесе заңды тұлғаның почталық мекен-жайы, ұжымдық өтiнiштi беру кезiнде мекен-жайы көрсетiлмеген болса, оған жауапты жолдау қажеттiлiгi бар болғанда бiрiншi қол қоюшының мекен-жайы көрсетiледi;
      16-деректемеде: өтiнiштiң қысқаша мазмұны;
      17-деректемеде: өтiнiштi орындауға бақылауды тағайындау коды: (0) - бақылау тағайындалған, (1) - бақылау тағайындалған жоқ
      18-деректемеде: өтiнiштi орындау үшiн басқа субъектiге жiберу коды: (1) - төмен тұрған органға, (2) - аумақтық тиесiлiгiне қарай, (3) - ведомстволығына қарай, (4) - өзге елдердiң мемлекеттiк органдарына;
      18.1.-деректемеде: өтiнiштi басқа субъектiге жiберу туралы iлеспе хаттың шығыс нөмiрi;
      18.2.-деректемеде: өтiнiштi орындау үшiн басқа органға жiберу күнi;
      19-деректемеде: өтiнiш бойынша шешiмнiң коды: (10) -  қанағаттандырылған;  (11) - өтiнiш мәселелерiн шешу құзыретiне кiретiн төмен тұрған органға жүгiнгеннен кейiн жоғары тұрған органның қанағаттандыруы;  бас тартылған:  (20) - 12-баптың тәртiбiнде (шағымданудың 3 айлық мерзiмi өтiп кету себебi бойынша бас тартылған), (21) - өзге де себептер бойынша; (30) -  түсiндiрiлген; қысқартылған : (40) - 14-бап 7-тармағының тәртiбiнде (өтiнiштiң қаралуын қысқарту туралы өтiнiшхаттың келiп түсуi), (41) - 11-бап 1-тармағының тәртiбiнде (жаңа дәлелдердiң немесе қайта ашылған жағдаяттардың жоқтығы), (42) - өзге де негiздер бойынша;  қараусыз есептен шығарылған:  (50) - 5-бап 1-тармағының 1-тармақшасы бойынша (өтiнiштiң жасырын болуы), (51) - 5-бап 1-тармағының 2-тармақшасы бойынша (мәселенiң маңызы баяндалмаған болса), (52) - 10-баптың 2-тармағына сәйкес (қандай да бiр ұсынымның, талаптың, өтiнiшхаттың, өтiнiштегi сұраныстың болмауы); (60) - бұрын берiлген өтiнiшке  тiркелген ;
      20-деректемеде: қанағаттандырылған өтiнiштер бойынша қабылданған шаралардың коды (кодтары) (Ереженiң 7-қосымшасы):
      01 - Қазақстан Республикасының заң бұзушылықтары жойылған
      02 - Қазақстан Республикасының заң бұзушылық деректерi бойынша материалдар құзыреттi органға шаралар қабылдау үшiн жiберiлген
      03 - ұйғарым енгiзiлiп, қанағаттандырылған
      04 - наразылық енгiзiлiп, қанағаттандырылған
      05 - талап-арыз берiлiп, қанағаттандырылған
      10 - қайталама өтiнiш (шағым) келiп түскен өтiнiштiң орындаушысы тәртiптiк жазаға тартылған
      11 - қайталама өтiнiш (шағым) келiп түскен өтiнiштiң орындаушысы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жазаға тартылған
      12 - субъект өз қызметiн жақсарту бойынша ұйымдастырушылық шаралар қабылдаған
      13 - нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгiзу бойынша шаралар қабылданған
      20 - жеке тұлғаға қатысты тексеру жүргiзiлген
      21 - шаруашылық жүргiзушi субъектiсiнде тексеру жүргiзiлген
      22 - мемлекеттiк органда тексеру жүргiзiлген
      30 - тексерудiң нәтижелерi бойынша кiнәлiлер материалдық жауаптылыққа тартылған
      31 - тексерудiң нәтижелерi бойынша кiнәлiлер тәртiптiк жауаптылыққа тартылған
      32 - тексерудiң нәтижелерi бойынша кiнәлiлер әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған
      33 - тексерудiң нәтижелерi бойынша кiнәлiлер қылмыстық жауаптылыққа тартылған
      40 - үндеу зерделенiп, материалдар талдау органына жiберiлген
      Аталған деректеменi толтыру мысалдары:
      1) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң заңдарды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны туралы өтiнiш бойынша, ол бұзушылықтар тексеруден кейiн әкiмшiлiк айыппұл салу арқылы жойылған - "01, 21, 32";
      2) субъектi қызметкерiнiң терiс әрекеттерiне келiп түскен өтiнiш бойынша, ол әрекеттер расталып, сол қызметкерге тәртiптiк жаза салынған - "10";
      3) мемлекеттiк органның нормативтiк актiсiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiндiгi туралы жазылған өтiнiш бойынша, прокуратурамен наразылық енгiзiлген - "01, 04";
      21-деректемеде: орындалу мерзiмi белгiлi бiр уақытқа ұзартылған күннiң саны;
      22-деректемеде: өтiнiштi орындаушының лауазымы, тегi, аты-жөнi;
      23-деректемеде: жүгiнген тұлғаға жауапты жiберу күнi;
      23.1.-деректемеде: жүгiнген тұлғаға жауапты жiберу туралы iлеспе хаттың шығыс нөмiрi;
      24-деректемеде: өтiнiш туралы есепке алу мәлiметтерiн субъектiнiң ААЖ-не енгiзген қызметкердiң лауазымы, тегi, аты-жөнi. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу карточкасының қағаз нұсқасында карточканы толтырған қызметкердiң тегi көрсетiледi;
      25-деректемеде: есепке алу мәлiметтерiн ААЖ-не енгiзу күнi мен уақыты, олар автоматтық режимде компьютерден қойылады, соның iшiнде компьютердегi күн мен уақыт шын мәнiнде ағымдағы күн мен уақытқа сәйкес болуы қажет.

  6. Өтiнiштер туралы есепке алу мәлiметтерiн түзету

      15. Комитетке жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi туралы есепке алу мәлiметтерiн жiбергеннен кейiн онда қате табылған жағдайда субъект, лауазымды тұлға ААЖ-нде көрсетiлген мәлiметтердi түзетедi және түзетiлген есепке алу мәлiметтерiн қате табылған айда Комитетке жiбередi.
      Түзетiлген мәлiметтердi жiбергенде субъектiнiң, лауазымды тұлғаның жолдама хатында түзету енгiзудiң себептерi түсiндiрiледi.

  7. Қорытынды ережелер

      16. Осы Ережемен белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу мен есепке алу тәртiбiн бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субъектiлердiң басшылары мен қызметкерлерi, лауазымды тұлғалар жауапты болады.

                                       Жеке және заңды тұлғалардың  


                                    өтiнiштерiн есепке алу Ережесiне
                                             1-қосымша      

           Жеке (заңды) тұлғаның өтiнiшiн есепке алу


                          карточкасы

1.  Өтiнiштi тiркеген субъектiнiң (лауазымды тұлғаның) атауы


______________________________________________________________
1.1.  Субъектiнiң санаты ________ (1) -  мемлекеттiк орган , (2) -  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары,  (3) -  мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғалар
2.  Тiркеу деңгейi   _____  (1) - республикалық, (2) - облыстық, (3) - аудандық/қалалық, (4) - ауыл аймақтық
3.  Тiркеу нөмiрi  N ________________
3.1.  Қайталама өтiнiштiң белгiсi  ____________________
3.2.  Өтiнiштiң қосалқы данасының белгiсi  ________________________
4.  Тiркеу күнi  «"__" ______________  2007 ж.
5.  Өтiнiштiң нысаны:  (1) - қағаз түрiнде, (2) - электрондық түрде, (3) - ауызша түрде, (4) - жеке қабылдаудан
6.  Тұлғаның санаты   ______ (1) - жеке тұлға, (2) - заңды тұлға
6.1.  Жүгiнген тұлғаның мәртебесi  _______(анықтамалық бойынша коды, 4-қосымша)
6.2.  Жүгiнген тұлғаның ЖСН (БСН)  ______________________
7.  Өтiнiштiң түрi :  _______ (01) - ұсыныс, (02) - өтiнiш, (03) - шағым, (04) - үндеу, (05) - сұраным, (6) - анықтама алуға арналған сұраным;
8.  Өтiнiштiң тiлi  ________ (1) - қазақша, (2) - орысша, (3) - өзге тiлде
9.  Өтiнiштiң себебi  _____ (анықтамалық бойынша коды - Ереженiң 5-қосымшасы)
10.  Өтiнiштiң сипаттамасы:  _________ (1) - ұжымдық, (2) - жеке
11.  Өтiнiштiң сұрағы  ______________ (сұрақтар жiктегiшi бойынша коды
- Ереженiң 6-қосымшасы)
12.  Өтiнiш қайдан келiп түскен  ______________ (субъектiнiң атауы)
12.1.  Тiркеу нөмiрi  (өтiнiштi жiберген субъектiнiң өтiнiштi тiркеу
нөмiрi) N ___________
12.2.  Тiркеу күнi  "_____" ______________  20___ж. (өтiнiштi жiберген
субъектiнiң өтiнiштi тiркеу күнi)
12.3.  Iлеспе хаттың шығыс нөмiрi  _____________________________
13.  Тұлғаның тегi _________________________________________
13.1.  Аты _____________________________________
13.2.  Әкесiнiң аты _________________________________
14.  Заңды тұлғаның атауы _______________________________________
15.  Почталық мекен-жайы ____________ облысы __________ қаласы/
ауданы _____ үй __________ пәтер
16.  Өтiнiштiң қысқаша мазмұны (аннотациясы)___________________
______________________________________________________________
17.  Өтiнiштiң орындалуына бақылау тағайындалған ____  (1) - иә, (2) - жоқ
18.  Өтiнiш қайда жiберiлген:  (1) - төмен тұрған органға, (2) -
аумақтық тиесiлiгiне қарай, (3) - ведомстволық бағыныстылығына қарай,
(4) - өзге елдердiң мемлекеттiк органдарына.
18.1.  Iлеспе хаттың шығыс нөмiрi  ___________________________
18.2.  Өтiнiштi орындау үшiн басқа органға жiберу күнi "__" ________ 200_ ж.
19.  Өтiнiш бойынша шешiм:  (10) -  қанағаттандырылған;  (11) - жоғары тұрған органмен қанағаттандырылған;  бас тартылған:  (20) - 12-б.
тәртiбiнде, (21) - басқа да негiздер бойынша; (30) -  түсiндiрiлген;
қысқартылған:  (40) - 14-б. 7-т. тәртiбiнде, (41) - 11-б. 1-т.
тәртiбiнде, (42) - өзге де негiздер бойынша;  iске қоса тiгiлген:  (50)
- 5-б. 1-т. 1-т-шасы бойынша, (51) - 5-б. 1-т. 2-т-шасы бойынша, (52)
- 10-б. 2-т-на сәйкес; (60) - бұрын берiлген өтiнiшке  тiркелген
20.  Қанағаттандырылған өтiнiштер бойынша қабылданған шаралар:
________ (анықтамалық бойынша коды, 7-қосымша)
21.  Өтiнiштiң орындалу мерзiмi _____ күнге ұзартылған.
22.  Өтiнiштiң орындаушысы  ________________________________________
                         (субъектi қызметкерiнiң лауазымы, аты-жөнi)
23.  Жүгiнген тұлғаға жауапты жiберу күнi  "__" ___________ 200 __ ж.
24.  Субъектiнiң ААЖ-не мәлiметтердi енгiзген  ___________________
                          (субъектi қызметкерiнiң лауазымы, аты-жөнi)
25.  Есепке алу мәлiметтерiн ААЖ-не енгiзу күнi мен уақыты "__"

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет