Ректификациялық қондырғылардың құрылымдары



Дата09.11.2022
өлшемі0,59 Mb.
#157256
түріПрезентация
Байланысты:
Мұстафа пр

Ректификациялық қондырғылардың құрылымдары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ


Орындаған: Мақсұт Мұстафа Тобы: ММГ-20-4К Қабылдаған:Күмісбеков.С
Презентация

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлімі

Кіріспе

Процестің негізгі мақсаты мұнайды фракцияларға бөлу болып табылады. Электротермиялық қондырғысында (ЭТҚ) сусыздандырылған және тұссыздандырылған мұнай насос арқылы жылуалмастырғышқа жiберiледi. Онда мұнай 220-230С температураға дейін қыздырылады да, ары қарай ректификациялық колоннаға жiберiледi.

  • Ректификациялык колонна деп арнайы қондырғылармен ректификациялық табақшалармен немесе насадкамен қамтамасыз етiлген вертикаль цилиндр тәріздес мұнайды айдап өндеуге арналған аппаратты айтады.
  • Табақшалар мен насадка колоннаның бойымен көтерілген будын төмен қарай ағатын сұйықпен тығыз жанасуын камтамасыз етеді.

Процестің жалпы мақсаты

Процестің негізгі мақсаты – мұнайды фракцияларға бөлу болып табылады. Электротермиялық қондырғысында сусыздандырылған және тұссыздандырылған мұнай насос арқылы жылуасмастырғышқа жіберіледі. Онда мұнай 220-230 температураға дейін қыздырылады да, ары қарай ректификациялық колоннаға жіберіледі. Ректификациялық колонна деп арнайы қондырғылармен ректификациялық табақшалармен және насадкамен қамтамасыз етілген вертикаль цилиндр тәріздес мұнайды айдап өңдеуге арналған аппаратты айтады.

Түзілетін өнімдер

Мұнай мен газдарды айыру

Айыру (дистилляция) - бұл бастапқы қоспадан қайнау температуралары бойынша бір-бірінен ажыратылатын мұнай мен газдардың фракцияларға физикалық

бөліну процесі. Процесті өткізу әдісі бойынша қарапайым және күрделі деп бөледі.

Қарапайым айыру біртіндеп, бір мәрте және көп мәрте буландыру арқылы

жузеге асырылады.

Күрделі айыру процесiн дефлегмациялық және ректификациялык процестерден ажырата

қарайды. Сонымен қатар,

Ректификациялы айыру - Ректификациялык колонна деп арнайы

қондырғылармен-ректификациялық табақшалармен немесе насадкамен

қамтамасыз етілген вертикаль цилиндр тәріздес мұнайды айдап өндеуге арналған аппаратты айтады.

Ректификациялық қондырғы

Ректификация колонналары

  • Ректификациялық колоннаның құрылысы жоғары көтерілетін будың жартылай конденсациялауына, сөйтіп табақшаларда жиналуына мүмкіндік береді. Жиналған сұйық фракция арнайы ағын арқылы төмен ағып кетеді. Қалған бу түріндегі өнімдер сұйық арқылы өтіп,жоғары көтеріледі. Көтерілу булары мен төмен түсетін сұйық (флегмамен) арасында жанасуды қамтамасыз ететін құрылымының ішкі құрылысына сәйкес ректификациялау тізбектері қондырылмалы, табақшалы, роторлы және т.б болып бөлінеді.

Ректификациялык колоннада әр табақша арқылы 4 ағын өтеді:

  • 1.Жоғарыда орналасқан тәрелкеден төмен ағатын сұйық-флегма;

2. Төменде орналасқан тәрелкеден келетін бу;
4.Жоғарыда орналасқан тәрелкеге көтерiлетiн бу;
3.Төменде орналасқан тарелкеге ағатын сұйық-флегма;

Қорытынды

  • Қолданылып жүрген түйістіру жабдықтарының ішінде тарелкалық, сұғындырмалық, ретификациялық колонналары кең таралған. Ректификация колоннапарында сипаты мен техникалық-экономикапық көрсеткіштері бойынша бір-бірінен өзгеше түйісу жабдықтарының жүздеген конструкциясы қолданылады. Қазір осы күнгі түйісу жабдықтары конструкциялары (мысалы, науа тәрізді тарелкалар) пайдаланылғанымен олар қажетті өнімдерді алуды қамтамасыз етсе де оларды қазіргі және келешек өндіріс үшін ұсынуға болмайды.
  • Ректификация колонналарының қалыпты жұмысы мен айыру өнімдерінің сапасы жылу режімін реттеу жолдарымен – жылуды концентрациялық колонна секциясына бөлумен, жылуды колоннапардың қайнату секциясына бұрумен, сондай-ақ шикізатты қолайлы температураға дейін жылытумен қамтамасыз етіледі.

Қолданылған әдебиеттер

  • 1. Ахметов С.А. Лекции по технологии глубокой переработки нефти в моторные топлива.Учебное пособие.- СПб.: Недра, 2007.- 312с.
  • 2. Бишімбаев Г.Қ., Букетова А.Е. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы.- Алматы: Бастау,2007. 242б.
  • https://www.referat911.ru/Geologiya/mnaj-deu-procesndeg-rektifikaciyaly-kolonnalar/95803-1869392-place3.html
  • https://stud.kz/referat/show/56223

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет