6
Бала өмірінің алғашқы жылы – нәрестенің жаңа өмір жағдайларына, тағамның
жаңа түріне үйренуімен, қоршаған ортадан мол ақпарат ағынын алуымен сипат-
талатын өте қиын кезең. Баланың барлық ағзалары мен жүйелерінің қалыпты
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін аналар сәбиді тамақтандыру, қарым-қатынас
және оған күтім жасау жөніндегі бірнеше аса қиын емес ережелерді сақтауға
тиіс.
Қарны ашқан кезде тек емшек беру сәби үшін аса маңызды:
• Ана сүті нәр береді әрі баланың өсуі мен дамуына ықпал етеді.
• Ана сүті баланы дүниеге келген сәттен бастап көптеген вирустық және
бактериялық инфекциялардан қорғайды.
• Ана сүтінде сәбиге қажет маңызды нәрлі заттардың бәрі бар.
• Сәби туғаннан бастап анасының уызын емеді, аз ғана бір тоярлық мөлшерде
болғанымен, оның құрамы калориялы және иммунды заттардың мөлшерімен
барабар заттардан тұрады.
• Тек емшек ему дегеніміз баланың басқа қосымша тамақ, су немесе сұйық
ішпей, тек емшек емуін білдіреді (қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектер
мен дәрумендерден басқа). Тек емшек сүтін беру 6 айға дейін жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: