101
ҚАУІПСІЗ
Бала жақтауы биіктеу керуетке жатады.
Матрас керуеттің қабырғаларына тиіп тұрады.
Терезелер мұқият жабылады және олардың торлары бар.
Балкон мен баспалдақтарға шығатын есіктер мұқият жабылады.
Сөрелер мен стеллаждар бекітілген.
Вазалар мен оңай сынатын заттар жиналған.
Ұзын дастарқан үстелден алынған.
Электр ажыратқыштарғы тығындар кигізілген, жабық.
Электр өткізгіштер мен электр құралдары жиналып тасталған.
Газ плитасының негізгі бұрандасы жабық.
Газ жылытқышы қалпында.
От жағатын пешке баланың қолы жетпейді, мұржалар тазаланған.
Шайнектерге,
ыстық кастрюльдерге, табаларға, ыстық сусындар мен
тамаққа баланың қолы жетпейді.
Дәрі-дәрмектер,
косметика, тұрмысқа қажетті құралдар, керосин,
және жанармай сенімді жерге жасырылған.
Ұсақ бөлшектері бар ойыншықтар жиналып тасталған.
Дәндер, түймелер, тиын баланың қолы жетпейтін жерде.
Целлофан пакеттер баланың қолы жетпейтін жерде.
инелер, пышақтар, қайшы және басқа
өткір заттар баланың қолы
жетпейтін жерде.
Ауладағы құдық пен дәретхана жабық, ал хауыздың беті бүркелген.
Көлікпен жүргенде Сіз қауіпсіздік ережелерін сақтайсыз: баланы
міндетті түрде артқы орындыққа отырғызасыз (ешқашан жүргізушінің
тізесіне емес!), белдікті және/немесе
балаға арналған арнайы крес-
лоны пайдаланыңыз.
ҚАУІПСІЗДІКТІ ТЕКСЕРУ БОЙЫНША АНЫҚТАМАЛЫҚ
ШЫНДЫҚҚА СӘЙКЕС КЕЛЕТІНІН («V») БЕЛГІСІМЕН БЕЛГІЛЕҢІЗ
102
Егер
балаңыз ауырып қалса, оны емдеу және әрі қарайғы бақылау мәселелерін
шешу үшін балалар емханасындағы дәрігердің қабылдауына апару қажет.
Балаңыз тезірек жазылып кетуі үшін ауруды емдеуші медицина қызметкерінің
ұсынымдарын ұсынымдарын сақтау керек.
ДҰРЫС ЕМДЕУ:
• Дәрігердің ұсынымдарын (мысалы,
дәрі-дәрмектің тиісті мөлшері, дәрі
қабылдау жиілігі, емделу ұзақтығы, қайта келу бойынша) орындау
• Қауіпті белгілер байқалған жағдайда медицина қызметкеріне уақытылы
көріну
Достарыңызбен бөлісу: